ҚазТАГ – Сергей Зелепухин. Экономист Олжас Құдайбергеновтың айтуымен экономиканы долларсыздандыру және девальвациялық болжалдарды төмендету тақырыбы сарапшылар мен қаржылық шолушылардың назарына ілікті. Ол, өзінің пікірінше, ұлттық валютаға деген сенімді қайтаратын және долларлық депозиттердің тартымдылығын төмендететін бірқатар амал-шараларды ұсынды. Бірақ ол айтқан ұсыныстарды іске асырған күннің өзінде қазақстандықтар өздерінің доллар жинақтарын шұғыл түрде теңгеге алмастыра бастайды деп күту үлкен күмән тудырады.
Қолыңнан келсе қонышыңнан бас
Еске салсақ, ұлттық валютаға деген сенімді арттыру үшін Ұлттық банк төрағасының бұрынғы кеңесшісі реттеушіге келесідей ұсыныс ұсынды. Ол бойынша бес жыл бойына сақталу мерзімі бір жылдан асатын теңгелік депозиттерге, егер осы жылы теңге 6%-дан астамға арзандаса, бағам айырмашылығына кепілдік беру. Сонымен бірге сарапшы Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қорына (ҚДКҚ) доллар салымдары үшін максимум мөлшерлемені 1 мамырдан бастап қолданыстағы 3%-дан 2%-ға дейін төмендетуді, және биылғы 1 шілдеден бастап 1%-ға дейін төмендетуді ұсынды. Экономистің есептеуінше, бұл девальвация болады деп долларға өтуге деген кез келген сылтаудың себебін жоққа шығарады. Аталған шара депозиторлардың барлығына кері теңгеге өтуге экономикалық тұрғыдан ынталандырып, ол табиғи түрде валютаға деген сұранысты төмендетіп, керісінше – ұсынысты арттыра түседі. Ұлттық банк резервті, валюталық депозиттердің азаю қарқынына қарай, 1,5-2,5 есеге арттыра алады, ал банктер бұрынғысынша, теңгемен несие беру қарқынын қалпына келтіре алады, бұл ретте несие бойынша мөлшерлемені төмендету мүмкіндігі туындайды. Бұл ұсыныстардың барлық артықшылықтары мен игіліктеріне қарамай, олар сын көтермейді. Біріншіден, ол іске асқан болса, салымшылардың жинақтарын валютаның қандай түрінде сақтау таңдауын жасанды түрде тарылтады, себебі ҚДКҚ долларлық салымдардың мөлшерлемесін төмендету туралы ұсынысы, шындап келгенде, ерікті түрде мәжбүрлеу сипатында болады. Осылайша, биліктің теңгеге деген сенімін арттыра алмауы салымшылардың есебінен толтырылады. Екіншіден, мемлекеттің бағам айырмашылығына кепіл беруі реттеушіге қосымша міндет жүктеп және қорытындысында, форс-мажорлық жағдай туындай қалған болса, икемді бағам саясатын жүргізу мүмкіндігінен айырады. Мысалы, мұнай бағасы қазіргіден де күрт төмендесе, немесе рубль күрт әлсіресе. Үшіншіден, ұсынылған бастамалар іске асқан күнде де доллар салымдары барлар жаппай теңгеге ауысады деу қиын, себебі Ұлттық банк 2009 жылы 4 ақпанда және 2014 жылы 11 ақпанда екі рет жаппай девальвация жүргізу арқылы ұлттық валютаға деген сенімін төмендетіп алды. Қазақстандықтардың ұлттық валютаға сенімін қайтаруы үшін, О. Құдайбергенов айтқандай, 5-6 жыл емес, кем дегенде 10 жыл керек. Онда да, егер теріс факторларлың ықпалымен (мұнай бағасының тым арзандығы және басқа да шикізаттар бағасының арзандығы, ҚР Ұлттықбанк алтын-валюталық резервтерінің сарқылуы) монетарлық билік қайтадан теңгені құлатпаса ғана, ал билік шын мәнісінде экономиканы әртараптандырумен айланысса ғана. Төртіншіден, ұсынылып отырған шаралар тым кешеуілдеген болып тұр. Оларды 2009 жылғы девальвациядан бұрын енгізу керек еді. Ал қазір ол шаралар басталып кеткен қар көшкінін тоқтатуға талпыныс сияқты болып тұр.
Күштіні тек күшті жеңеді
Бірақ, экономистің ұсынған амал-шараларын жүзеге асырудың жағымды әсерін жоятын салмақтылау іргелі факторлар бар. Бірінші кезекте, бұл долларға негізгі халықаралық резервті валюта ретінде байланған Ұлттық банктің валюталық басқару жүйесімен бірлескен қазақстандық экономиканың шикізаттық моделі, ол шаруашылық жүйені долларсыздандыруға жәрдемдеспей ғана қоймай, керісінше – оның долларына тәуелділігін ушықтырып, мұнай мен басқа да шикізат ресурстарын сатудан түскен табыстың, яғни ұлттық байлықтың басым бөлігін ел сыртына шығаруға көмектеседі. Себебі теңге деген не? Оны Қазақстанның ұлттық теңге бірлігі деп ойлайтындар, қатты қателеседі. Теңге ол – америкалық президенттердің суреті бар қағаздардың туындысы, ал Ұлттық банк қазір қандай болса, сол күйде – елдің басты валюталық айырбас бекеті, өйткені ұлттық валютаның эмиссиясын ол ұлттық валютаны қаржыландыруға деген қажеттілікке қарап емес, шикізат ресурстарын сатудан елге түскен доллар ағынына байланысты қояды. Ұлттық қордағы мұнай долларларын жинақтай отырып, билік оларды шетелдік елдердің, бірінші кезекте, АҚШ пен қаржылық жағынан Еуропаның тұрақты мемлекеттерінің қаржы құралдарына орналастырады. Нәтижесінде, бір жағынан, ұлттық байлықты сатудан түскен пайданың негізгі бөлігі титтей пайызбен өзгенің экономикасын қаржыландыруға кетіп жатса, екінші жағынан – Ұлттық банк ел ішіндегі ақша жиынының ұлғаюын жасанды түрде шектеп отырады, оның үстіне шынайы сектордағы қаржылай қаражаттардың тапшылығы жағдайында! Экономиканы долларландыру мен несиелердің жоғары бағасының негізгі себебі Ұлттық банктің валюталық басқаруының тап осы зиянды отарлық моделінде, ол шикізаттық емес сектордың, шағын және орта бизнестің дамуын тежеп отыр. Мұнымен бірге дағдарысқа дейін отандық банкілер тартып келген және қазақстандық компаниялардың халықаралық капитал нарықтарында бұрынғысынша тартуды жалғастырып келе жатқан қарыздық қаржылай қаражаттар бағасы шетелдік құнды қағаздарда орналастырылатын Ұлттық қор ресурстарының бағасынан әлдеқайда жоғары күйінде қалуда. Тек сол айырманың кесірінен жыл сайын елден миллардтаған долларлар жылыстап жатыр. Сондықтан қазақстандық экономиканың шикізаттық тәуелділігі мен құрылымдық реформалардың батып қалу жағдайында теңгеге деген сенімді арттырудың тиімді жалғыз ғана тәсілі Ұлттық банктің валюталық басқаруының отарлық жүйесінен бас тартып, Қазақстанның шикізаттық ресурстарын ұлттық валютамен сатуға біржолғы көшу арқылы АҚШ ФРЖ мен Еуропалық орталық банк мысалы бойынша, реттеушінің соңғы инстанциядағы несиегер саясатын жүргізуінде. Тек сол ғана теңгенің отандық экономикадағы рөлін арттырып, инфляцияны азайтуға, теңгелік депозиттер үлесін ұлғайтып, ұлттық валютадағы несиелер құнын арзандатуға және шынайы секторды қаржылай қаражаттармен толтыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде ол экономиканы әртараптандыруға және құрылымдық реформалардың жетістікке жетуіне жәрдемдесетін болады. Алайда ол үшін саяси ерік-жігер және тәуелсіз экономикалық саясатты жүргізуге деген ұмтылыс қажет. Дегенмен қазір ол іс жүзінде мүмкін емес, өйткені валюталық басқару саясатын жүргізу жылдарында ендігі компрадорлық класс пайда болды да, оның тағдыры, экономикалық, әлеуметтік және саяси мәртебесі тікелей бұрынғы бағыттың жалғасуына тәуелді болып отыр. Сол себепті, біз оны қалаймыз ба, жоқ па, экономика мен банкілердің депозиттік базасының долларға тәуелділігі тіпті Ұлттық банк басшысының экс-кеңесшісі ұсынған күрделі шараларды қабылдаған жағдайда да жоғары деңгейде қалуын жалғастырмақ.
kaztag,info


