Александр Лурия деген ғалым болған. Сол кісі 1930жж Өзбекстан халқын сәл-пәл зерттеп, білім алмаған кісілердің ойлау жүйесі дәстүрлі іске жақын әрі практичный болады, абстрактно ойлап, иллюзия құрмайды деген тұжырымға келеді. Осы ойы үшін кезінде қуғындалған.
Мысалы, ақ қар басқан Солтүстікте ақ аюлар өмір сүреді. Олардың түсі қандай деген сұраққа көп шаруа «ол жақта болмадым, білмеймін» деп жауап берген.
Ал енді білім алған адам кең ойлап, қиял-ғажайыпқа берілу мүмкіндігіне ие болады. Бір мәселеге басқаша қарайды. Әсіресе, музыкамен айналысып, көркем әдебиетті көп оқығандарда мидың осы қабілетке жауапты бөлігі дамиды. Себебі интеллект — догмаларға сенбейді, балама жауап іздейді. Соның арқасында адамзат өркениеті, ғылымы дамыды.
Алайда терең білім алмағандар практичный болатынын жаздым. Олар көп күмәндамайды. Кәсіп, бизнес бастап кетуге жеңіл. Болмай қалса, басқасын іліп алып кетуге даяр. Ойланып жүрмейді. Бұлар ғылымнан өндіріс жасаған кісілер деуге болады.
Қазір қажет ақпарат ЖИ, гугл мен ютюбта тұрған заманда уақыт өте универ, кейін мектептің де маңызы кемитін секілді. Себебі ұстаз 45 минутта түсіндіремін деп отырған тақырыпты бала ЖИ-ден сұрап, ютюб видеодан 5 минутта көріп қояды. Оған енді сабақ қызық емес.
Сол үшін келешекте жартылай интеллектуал және жартылай оқымаған баланың гибрид буыны өсетін секілді. Білім бар, бірақ академиялық толық емес. Көп жерден іліп оқыған, көрген. Алайда бір бағытты терең зерттемеген.
Енді олардан жақсы ғалым шыға ма, кәсіпкер шыға ма, әлде жалдамалы не фрилансер шыға ма, белгісіз.


