+77071039161
Интернет-сайтты тіркеу керек пе?
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының 1-бабының 20-тармақшасы Интернет-ресурсты, ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде қызмет ететін оны жүргізу және (немесе) пайдалану технологиясын, ақпараттық өзара байланысты қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық құрылымды электрондық ақпараттық ресурс ретінде анықтайды.
Бұл интернет-ресурстарға БАҚ қойылатын жалпы талаптар қойылатынын білдіреді, ол:
- авторлық құқықтарды сақтау;
- ар-намысты қорлайтын, сондай-ақ шындыққа жанаспайтын мәліметтерді таратпау;
- БАҚ өнімдерін тарату және шығарылымды тоқтату немесе тоқтатылуы түріндегі бұзушылық үшін жауапкершілік.
Интернет-ресурстарға БАҚ эфиріне шығатын және баспаға қойылатын талаптардың бірқатары таралмайды. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңның 5-бабында Интернет-ресурстарға лицензия алу немесе есепке қою туралы талап таралмайтыны көрсетілген. Сондай-ақ оларға эфирге шыққан материалдарды сақтау және міндетті даналарды жіберу туралы талап қолданылмайды. Осылайша, Интернет-ресурстар бұқаралық ақпарат құралдары санаты теңестірілсе де, есепке қоюдан босатылған. Ақпаратты газет, телерадиокомпаниялардың сайттарында, басқа Интернет-ресурстарда тарату басқа міндетті рәсімдерді өткеннен кейін кез келген уақытта басталуы мүмкін – бірегей домендік атауға ие болу, хостингке шарт жасау және сіздің сайтыңызды интернетте орналастыру.
WEB-сайттарды тіркеу туралы
Web-сайтты ашу үшін электрондық өкілдік беттің иесіне есепке қою туралы куәлікті алу рәсімінен өту талап етілмейді («Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚР Заңының 5-б. 1-б.).
Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату қағидаларынасәйкес кез келген құқық субъектісіне (жеке тұлғаға, заңды тұлғаға) Интернет желісінің қазақстандық сегментінде web–сайтты ашу үшін тіркеушіге белгіленген формадағы өтінімді беру жолымен домендік атауды тіркеу қажет.
Тіркеуші – тіркеу бөлімі және тіркеуші арасында жасалған келісімге (шартқа) сәйкес ақпаратты тізілімге енгізуді қамтамасыз ететін, қазақстандық домендік атауды тіркеу бойынша қызметті көрсететін, жоғары деңгейлі қазақстандық домендік атауы аккредиттелген Қазақстан Республикасының резиденті, заңды тұлға.
Серверлік жабдыққа қойылатын талап оның ҚР нақты орналасқан жері болып табылады.
Тіркеуші домендік атауды тіркеуге өтінімді оны алған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде қарастырады және тіркелушімен домендік атауды тіркеу бойынша қызметтерді көрсетудің толық талаптарын қамтитын домендік атауды тіркеу туралы келісімді жасайды.
e.gov.kz

