Ақылбек Шаяхмет
Есте қалар ел тарихы
Бірінші бөлім
Ата-баба жерінде
( шежіре)
Бұл шежіреде негізінен ескіден қалған көне қолжазбалар пайдаланылды. Олардың біразы кезінде Қостанайда шығып тұрған “Дала қоңырауы” газетінде жарық көрген еді. Шежіреде келтірілген рулардан тараған аталар түгел қамтылды деп айта алмаймыз. Оларды түгел қамту мүмкін емес және оны біз міндетімізге алған жоқпыз. Ал кейбір аталардың арасы үзіліп қалған. Бірақ, әркім өз атасын таратып алсын деген ниетпен, бізге дейін жазылған және кейінірек қосылған қолда бар деректерде келтірілген кісілердің аты-жөнін бердік. Олардың арасында қате кетіп жатса, алдын ала ғафу өтінеміз.
Осы еңбегімізді құрастыруға себеп болған шежіре авторларының бірі Асылбек Ташбайұлы 1935 жылы бастаған “Қазақ шежіресінде” былай деп жазады: «Мен бұл шежірені ерте бастан-ақ жазуға ойланып, ол үшін керекті кітаптар жинаған едім. Олар мына кітаптар еді:
1. Татарша «Тарих ғұмуми» кітабы
2. ХҮІІ ғасырда жазылған Әбілғазы ханның «Қырғыз – қазақ тарихы»
3. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қазақ шежіресі»
4. Стамбулда басылған «Хандар шежіресі»
5. Үш жүздін және оның түрлі руларының қолжазба шежірелері.
Бұдан басқа пайдалануға болатын түрлі газет-журналдар да көп еді.
«Қазақ» газеті бірінші нөмірінен бастап, тоқтағанына дейін түгел, және «Ауыл» газеті, «Ұран», «Алаш», «Бірлік туы», «Сарыарқа», «Тіршілік», «Ақжол», «Жас қазақ» газеттері. «Айкап» – үш жылдығы түгел. «Шолпан», «Абай», «Сана», «Таң» журналдары.
Міне, осы кітап, газет, журналдарды сақтауға ешбір мүмкіндік болмады. Себебі сол кездегі белсенділер бұл кісіде жинап, сақтап отырған кітаптар көп, қауіпті адам деп өзімді жауапқа тартып, соттауға айналды. Сонан соң кітаптарды қапқа салып алып Алматыға апардым. Онда барған соң сол кезде «Казахский новый алфавит» деген мекемеде істеп жүрген Ісмет Кенесбаев деген жігітке кездесіп, жай-жапсарымды айтқан соң, өркені өсіп, өмірлі болғырдың нұсқауымен «Краевая библиотекаға» апарып тапсырып, құтылып, «Ух!» деп демімді бір-ақ алдым.
Апарған кітаптарым мен газет-журналдарымның құндылығын мынадан білуге болады.
«Краевая библиотека» маған 4600 сом ақша берді.
Семиозер (қазір Әулиекөл) ауданынан бір кісі көп кітап әкелемін деген, соны әкеліпті деген дабырды естіп С. Сейфуллин, Ғ. Тоғжанов сияқты жазушылар келіп, көріп, көп жинаған екенсіз деп таң қалып кеткен.
Бұл 1935 жылы июнь, июль айларының бірі еді. Сонда «Казахстанская правданың» селкорымын деп бір орыс жігіті келіп, суретінді басып алам деп шақырып еді, мен бармаған соң, апарған заттарымның тізбесін алып, ертеңіне газетке жазып шығарды.
Енді жоғарғы айтылған шежіре кітаптардың есте қалғандарын негізге ала отырып, және ел арасынан жаңадан жиналған шежірелерді салыстыра отырып, осы шежірені жазуға кірістім. Ондағы мақсатым кейінгі ұрпақтар ата-бабасының кімдер екенін, қайдан шыққанын біліп отырсын. Білгенімді жазып тастайын, пайдаланамыз деген жастар болса, пайдасына асырсын дедім. Бұл шежіренің кемшілігі жоқ, қатасыз жазылды деуден аулақпын, бұл да естерінде болсын».
Асылбек қария шежіренің соңында оны жазуға қол ұшын берген азаматтарға алғысын білдіріп, қыпшақтар шежіресін түзгендер қатарында Бұлтың ата ұрпақтарын Мақыш Әлімбетұлы, Торы ата ұрпақтарын Әбдікәрім Иманқұлұлы, Көлдеңен атаны – Асат Сырымбетұлы, Ұзын атаны – Жамантай Көбенұлы, Тауқұрыш туралы деректерді Төлеубай Мыңжанұлы,Әлімбет пен Кенжебай және Опан шежіресін Асылбек Балмағамбетұлы жазып бергенін айтады.
Бұдан әрі біз Асылбек Ташбаев қолжазбасын пайдалана отырып, олардың арасында бұған дейін бізге белгілі болған кейбір деректерді де келтіре кеткенді жөн көрдік. Сонымен бірге Өтеміс Қалабаев секілді ақсақалдың жазған шежіресімен салыстырып, кейбір руларға түзету енгіздік. Өтеміс Қалабаев өз шежіресінде оған негіз қылып Нұржан Наушабаевтың өлеңмен жазған шежіресін алғанын айтып өтеді.
«Тарих ғұмуми» кітабы айтады: Жер жүзіндегі адам балалары Нұхтың үш баласынан тарайды.
Олар: 1. ХАМ
2. САМ
3. ЯФАС
Барлық қара түсті халықтар Хам нәсілінен.
Барша Ғарап, Асур, Калдан, Финика, Ғабрани, Карташа, Мысырилар Сам нәсілінен.
Барша Түрік, Иран, Юнан, Қытай Яфас нәсілінен.
Яфастан 8 бала туады:
1 – Түрік. 2 – Хазар. 3 – Саклап.
4 – Қытай. 5 – Камари. 6 – Тарних.
7 – Жапон. 8 – Манжұр.
Түріктен 4 бала туады:
1 – Түрік. 2 – Хакіл.
3 – Сажар. 4 – Әмлақ.
Осы төрт баладан туып өрбігендер:
1 – Һун. 2 – Машар.
3 – Бұлғар. 4 – Аулах.
5 – Ауар. 6 – Мағол.
7 – Татар. 8 – Манжұр.
9 – Қин. 10 – Жоңғар.
Осы жоғарыда аталған Яфастан өрбігендердің бәрі де Түрік нәсілі деп аталады.
Түріктен Түтік туады. Түтіктен Елжа туады, Елжадан Бақой туады. Бақойдан Киік туады. Киіктен Аланшы туады. Аланшыдан 2 бала туады.
1 – Татар, 2 – Мағол.
Аланшы хан өзі өлмей тұрып барлық халқын екі баласына бөліп береді. Татар баласына қараған халық Татар атанады,
Мағол ханның баласына қараған халық Мағол атанып кетеді. Мағол ханның орнына баласы Қарахан хан болады.
Сол кезде Қарахан елі Ұлытау, Кішітауды жайлап, Қарақұрым, Сырдарияны қыстап жүреді. Қараханды баласы өлтіріп, яғни Оғыз хан өзі хан болады.
Оғыз хан өте мықты, атақты хан болып, жер жүзінің талай жерін билеген.
Біздің қазақ Береке хан заманында Қазақ атанған көрінеді. Қазақ деген сөз сол кездегі тілмен айтқанда кезбе, тағы деген сөз көрінеді. Қырғыз Оғыз нәсілінен.
«Тарих ғұмумидің» сөзін осы арадан тоқтатып, былайғысын басқа шежіреден алып, жалғастырып кетеміз.
Жоғарыдағы айтылған Оғыз ханнан Күн хан туады. Күн ханнан Деңіз хан туады. Деңіз ханнан Бөденетай туады, одан Бөркілтай, одан Табанатай туады. Табанатайдан 2 бала: Сейілхан, Жайылхан.
Сейілханнан 8 арыс түрікпен тарайды.
Жайылханнан Майқы би туады. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы-би» деген осы кісі болады.
Майқыдан 2 бала туады: Сапыян, Өзбек. Сапыяннан Ақшолпан туады, онан Аламан туады, ал одан Алаш туады.
Алаштан 3 бала:
Созақ
Қазақ
Қарақалпақ
Қазақтан үш бала туады:
Ақарыс – Ұлы жүз
Жанарыс – Орта жүз
Бекарыс – Кіші жүз
Осымен Асылбек Ташбаев шежіресін тоқтата тұрып, Өтеміс Қалабаев жазып алған Досжан және Сүйірқұл молдалардың шежіресіне қарасақ, онда Аннастан (қолжазбада Әннас деп көрсетілген) башқұрт, Жабал, Мұғаз,Татар тарайды. Мұғаздан Смағұл, Смағұлдан Аққурай мен Ақшолпан. Аққурайдан Қырғыз. Ақшолпаннан Аламан.
Аламаннан Алаш. Алаштан Жайылхан, Сейілхан.
Жайылханнан Майқы, одан Өзбек тарайды деп көрсетілсе, Сейілханнан Сабиян, Сабияннан Айырқалпақ.
Айырқалпақ Созақ және Қазақ болып бөлінеді. Созақтан Қарақалпақ. Қазақтан үш бала делінген.
Бұл жазбаларда Орта жүз Бекарыс, Кіші жүз Жанарыс деп жазылыпты.
Нұржан Наушабайұлы жыр-шежіресінде:
“Созақтан қарақалпақ бөлінеді,
Осылай шежіреден көрінеді.
Қазақтан – Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс,
Үш жүздің бізге есімі беріледі.
Айырылды Ұлы жүз бен Кіші жүз боп,
Осылай шежіреде қалған сөз көп.
Арғын, Қыпшақ, Қоңырат, Найман, Керей, Уақ
Бөлініп кетеді енді Орта жүз боп” – деп жазады.
Файзолла Сатыпалдыұлының “Шерлі жылдар, шерулі жылдар” кітабында (Қостанай, Баспа үйі, 2004 ж) мынандай деректер келтірілген:
“Алты Алаштан Мәшһүр туады бірінші болып. Алтауының біреуінен. Мәшһүр. Алаштан Сейілхан, Жайылхан туады. Сейілханнан сегіз арыс Түрікпен тарайды. Жайылханнан Массы, Майқы атты екі бала туады.Массыдан – Тәжік, Сарт. Өзбектер Сарттан қыз алып, отырықшы болған. Сапияннан – Аққалпақ, Айырқалпақ.
Аққалпақтан он екі ата қырғыз тарайды.
Айырқалпақтан Қазақ, Созақ туады.
Созақтан қарақалпақ тарайды.
Қазақтан – Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс.
Ақарыстан Ұлы жүз тарайды. Оған кіретін басты рулар Үйсін, Дулат, Қаңлы, Жалайыр, Албан, Суан.
Жанарыстан Орта жүз тарайды. Оған кіретін алты арыс: Арғын, Найман, Қыпшақ, Қоңырат, Керей, Уақ.
Бекарыстан Кіші жүз тарайды. Оған енетін басты ру-тайпалар:
Байұлы, Әлімұлы, Жеті ру.”
Файзолла ишан “Адамзат шежіресі” деп аталған өлеңмен жазылған шежіресінде өзінің ата-тегі туралы да баяндап кетеді:
“Ұзыннан – Алтытіс, Алтыбас біз тараймыз,
Әке біреу болғанмен, әрқалаймыз.
Қоңыс қып Торғай бойын мекен етіп,
Көбейіп өсіп-өнген, бірталаймыз.
Алтыстан алты бала бірге туған,
Белгілі Ұзын ата жолын қуған.
Батыр да, шешен де көп бұл алтаудан,
Егесте дұшпанының жолын буған.
Келімбет, Сығай, Бөкей, Өзен, Самар,
Құлдербіс – бәрі-дағы түбін табар.
Келімбет, Кедел, Күшік, Қаз бен Құттық,
Қыржігіт, Жарбасты боп кетті бұлар.
Жаңбыршы, Қалдан, Болат Алтыбастан,
Алтынсарин Ыбырай жұрттан асқан.
Еңбегі тарих болып қалды артында,
Қараңғы қазақ баласының көзін ашқан.”
Сәбит Мұқанов: “Халық мұрасы” кітабында: “Қазақтар шежірені қара сөзбен де, өлеңмен де жазғаны … айтылды. Осындай әр кезде, әр руда жасалған, бірақ, баспада жарияланбаған жазба шежірелер қазақта толып жатыр. Олардың бірсыпырасы , жоғарыда айтылғандай, Қазақстан ғылым академиясы қолжазбалар қорына да түсті. Осы шежірелердің бәрі де қожалардың ізімен қазақтың арғы түбін Әнеске апарады да, одан бергі руларды бір-бір атаның ұрпағы қып жүйелейді. Бұлай ету шындыққа жатпайды. Мысалға, Қыпшақ руын алайық. Осы есімді рулар … басқа халықтар (өзбекте, түрікпенде, қырғызда, башқұртта, кавказдық кей елдерде) арасында да барын қожалар да, қазақ шежірешілері де білмейді, сондықтан жазбайды да” (29 бет) ,- деп атап көрсетеді.
Ескерту: Бұл жерде Әнес, Әннас, Аннас деп әртүрлі жазылса да, барлығы да бір кісінің есімі екенін естен шығармаған жөн.
Енді қайтадан Асылбек Ташбаев жазбаларына кезек береміз:
Ұлы жүз – Ақарыс
Ақарыстан Төбе би туады, одан Киік би туады, мұнан 4 бала туады: Миқы, Қоғаш, Қойылдыр, Мекро.
Мекроның тұқымы Қытайда Қызай деген ел болып тарайды.
Қоғаштан 2 бала туады: Қаңлы, Шанышқылы.
Қойылдырдан бір бала туады — Шілмәмет.
Миқыдан 2 бала туады: Ойсыл, Үйсін.
Ойсылдан бір бала – Сіргелі. Сіргеліден 12 бала туады: Ақкеңірдек, Қаракеңірдек, Елібай, Жайдақ, Айтбоз, Байжігіт, Қарабатыр, Батыр, Тутаңба, Шайдар, Қашыл, (12 — белгісіз).
Үйсіннен Бақтияр туады, онан 2 бала — Абақ, Тарақ.
Абақтан – Ақсақал, Тарақтан – Жансақал туады.
Жансақалдан –Жалайыр. Мұнан 12 бала туады: Ақдос, Арықтыным, Байшекер, Балғалы, Қойшылы, Мырза, Сиыршы, Қарашапан, Күшік, Калпе. 11.——— 12.———-
Ақсақалдан Қараша би туады, одан 3 бала: Байтөле, Бәйімбет, Бәйдібек. Байтөледен — Шақшалы деген ел тарайды.
Бәйімбеттен тұқым жоқ.
Бәйдібек 5 әйел алған. Сары бәйбішеден Сары Үйсін
Мырыштан – Шапырашты
Сыландыдан – 2 бала: Ойық, Тілік.
Төртінші әйелінен — Мариямнан Жарықшақ туады. Жарықшақтан 3 бала туады: Албан, Суан, Дулат.
Дулаттан 4 бала туады: Сиқым, Жаныс, Ботбай, Шымыр.
Албаннан 7 бала туады: Бозым, Әбіт, Құрман, Жәнібек, Қашық, Сары………
Тіліктен Ысырық туады. Мұның үлкен әйелінен 2 бала туады: Аққойлы, Қарақойлы.
2-ші әйелінен Шегір туады. З-ші әйелінен 4 бала туады: Барлыбай, Бөкей , Ақылбек, Тұяқ.
Ошақтыдан 4 бала туады: Байлы, Аталық, Тасжүрек, Қоныр.
Жаныстан 3 бала туады: Жанту, Жарылғамыс, Жантық.
Ботбайдан 2 бала: Құдайқұл, Шағай. Құдайқұлдан 4 бала. Шағайдан 6 бала туады. Шымырдан 4 бала, Жарылғамыстан 2 бала туады, Ораз, Бұхар.
Ораздан 2 бала — Сұлтанкелді, Бөкен. Бұхардың бірінші әйелінен 4 бала туады: Баба, Сырымбет, Құлболды, Тілеуімбет.
Екінші әйелінен 2 бала: Жауқашты, Қымай.
Орта жүз — Жанарыс
Жанарыс З әйел алған. 1-ші әйелінен 2 бала Қарақожа, Ақтамқожа туады.
2-ші әйелінен 2 бала туады: Дәріқожа, Момынқожа.
3-ші әйелінен 2 бала туады: Смағұлқожа, Қасымқожа.
1 – Қарақожадан – Арғын өрбиді.
2 – Ақтамқожадан – Қыпшақ өрбиді.
3 – Дәріқожадан – Найман өрбиді.
4 – Момынқожадан – Қонырат өрбиді.
5 – Смағұлқожадан – Керей өрбиді.
6 – Қасымқожадан – Уақ өрбиді.
Сондықтан осыларды Алты аталы орта жүз деп атайды.
Нұржан Наушабаевтың шежіресінде де осы жайлар айтылған.
Арғын
Жанарыстың үлкен әйелінен туған тұңғыш баласы Қарақожадан Қадырбек, одан Ордалық, одан Қотан, одан Ақжол, одан Арғын туады.
Арғыннан 7 бала туады:
1. Ақсопы, мұнан Қанжығалы өрбиді.
2. Арықсопы, мұнан Бәсентиін.
3. Қарасопы, мұнан Қарауыл-Атығай.
4. Сарысопыдан Тоқтауыл.
5. Момынсопыдан Тобықты.
6. Имансопыдан Шұбыртпалы.
7. Мейрамсопыдан, яғни бәйбішесінен 4 бала – Қуандық, Сүйіндік, Бегендік, Шегендік.
Тарақты Арғынның үлкен қызынан туған жиен, бірақ Арғын болып кеткен.
Ақсопыдан Толыбай батыр, одан Қанжығалы, одан Досабыз, одан Ішпекбай, онан Әжібай, мұнан 5 бала: Тентек, Құдияр, Қара, Қарабұжыр, Құдайберген. Осы бесеуінен өрбігендер Қанжығалы атанады.
Қуандықтан 6 бала: Есенқарт, Аманқарт, Алтай, Қарпық, Әмір, Темір.
Алтайдан 6 бала: Әліке, Мойын, Алсай, Байдалы, Сайдалы, Нұрбай.
Мойыннан 5 бала: Қареке, Аралбай, Қалыбек, Сармантай, Мұрат.
Әлікеден Елкей, одан Ақмалай, одан 2 бала: Сатыпалды, Орыс.
Байдалы орта жүзге аты шыққан белгілі шешен болған адам, мұнан 6 бала: Өмірқұл, Құдайқұл, Есболай, Бозы, Аманкелді, Әйтей.
Сайдалыдан 2 бала: Сүгіралы, Арыстан.
Арыстаннан 4 бала: Мамашық, Тоғызақ, Мамадыр, Барқы.
Мамадырдан 3 бала: Ақтөс, Жалаңтөс, Байтөлес. Байтөлестен Тұрсынбай, мұнан 2 бала: Оразалы, Құрман. Оразалыдан 2 бала: Ақпан, Ыбырай.
Қарпықтан 2 бала: Стансыз көзей, Қаратоқа. Қаратоқадан 3 бала: Түнқатар, Бесім, Құлымбет.
Сүйіндіктен 4 бала: Айдабол, Күлік, Малай, Жәдігер. Сүйіндіктің тоқалынан 3 бала: Жанболды, Құлболды, Орманшы.
Төртінші асыранды баласы Қаржас. Бұл төртеуі Төртуыл атанады. Атақты Аққошқар, Сайдалы билер осы Төртуылдан шығады. Қаржастың бір тарауы Алтынғары, одан Қалқаман, мұнан үш жүзге белгілі Бұқар жырау шығады.
Шегендіктен 2 бала: Болатқожа, Нарынқожа.
Бегендіктен 3 бала: Оразкелді, Қозған, Қақсал. Қозғаннан 2 бала: Қожамберлі, Тоқтас. Қожамберлі Сары Қозған аталады.
Тоқтас Қара қозған аталады. Тоқтастан 4 бала: Тайтеке, Байтеке, Төлектемір, Төле. Тайтекеден Есбол. Төледен 5 бала: Қабыл, Әбіл, Тілеу, Бекболат, Таңбай.
Әбілден 4 бала: Ерназар, Жаназар, Төкей, Тарбай.
Ерназардан Сәрке. Жаназардан 3 бала: Асаубай, Бақат, Тобыншақ.
Бақаттан 2 бала: Мақұлбек, Жарқынбек.
Тобыншақтан Байқадам. Тілеуден 4 бала: Әйтімбек, Батырбек, Татырбек, Пәрменбек, Келдібек, Әйтімбектен 2 бала: Асат, Сүтемген. Сүтемгеннен Шабан. Асаттан 2 бала: Шарман, Жаманбала. Жаманбаладан Бекежан, одан 2 бала: Ғылымбек, Кәдірбек. Батырбектен 4 бала: Алдыоңғар, Оңғар, Есенбай, Жылтыр. Пәрменбектен 3 бала: Батыр, Шоқан, Қуат.
Келдібектен 6 бала: Шегендік, Бегендік, Кенендік, Тоғай, Ноғай, Сүйіндік.
Шегендіктен 4 бала: Зілқара, Шоң, Барлыбай, Мыжан.
Зілқарадан Қасен, онан 2 бала: Рақымжан, Сабыржан. Рақымжаннан 3 бала: Қабиден, Жәмшит, Теміржан.
Барлыбайдан Мұсылманбек, одан Қыпшақ.
Мыжаннан 3 бала: Мирам, Нұрмағанбет, Ақметжан. Мирамнан Байдат, одан Мұрат. Нұрмағанбеттен Ескендір, одан Арыстан.
Ақметжаннан Байкел. Бегендіктен Жанқоба. Сүйіндіктен Торыайғыр, одан Әлімбет.
Бегендіктен 2 бала: Айқара, Тентек.
Бекболаттан 6 бала: Берлі, Мұрат, Жанкісі, Жанқасқа, Байқасқа, Қаратал.
Берліден 4 бала: Базар, Көлен, Ақпан, Бақша. Базардан 3 бала: Шаруа, Көшекбай, Байтақ. Шаруадан Досымбек, одан Қасен. Байтақтан Боранбай, одан Қамза. Көленнен 2 бала: Еділ, Машақай. Еділден 2 бала: Төлепберген, Жұмат. Машақайдан Рақым, онан Нұрғазы. Мұраттан 3 бала: Бірімжан, Нұржан, Қыдырбай.
Бірімжаннан 3 бала: Ізбасар, Қоқыш, Бижан.
Ізбасардан Сәт, одан Төлеген, одан Жақсылық.
Қоқыштан 2 бала: Бектас, Танабай, одан Қасен.
Нұржаннан 2 бала: Бисен, Шанабай, мұнан 2 бала: Бекібай, Бижаман.
Шанабайдан Дәкен, мұнан 2 бала: Жақсыбай, Кенжеболат.
Бижаннан 2 бала: Итембай, Битан. Итембайдан Тілеген, мұнан 2 бала: Бүркітбай, Жәкен. Бүркітбайдан 2 бала: Бәймен, Боқкөт. Қараталдан 3 бала: Малсақ, Жансақ, Көтікей. Көтікейден Мұқан, одан Жүсіпбек, одан Бидайық. Есболдан 5 бала: Жанзақ, Байбол, Дәуқара, Бабас, Ақбас, Жансақтан 4 бала: Қасқа, Қасбай, Шала, Итемген. Қасқадан 3 бала: Бағаналы, Ноғайбай, Қозғанбай.
Қасқабайдан 2 бала: Бердалы, Бейбіт.
Бердалыдан 2 бала: Мыңбай, Ыбырай.
Бейбіттен 2 бала: Атайбай, Шілік.
Шаладан 2 бала: Ақылбай, Байқозы.
Итемгеннен 4 бала: Рамадан, Тілеп, Күсеп, Қожық.
Байболаттан 3 бала: Асан, Үсен, Байқошқар.
Асаннан 4 бала: Айнақара, Жетпіс, Алпыс, Досжан. Үсеннен 4 бала: Малдыбай, Орақ, Серек, Тоғызбай.
Байқошқардан Сексенбай, одан 4 бала: Қалыбай, Санабай, Шібетай, Шілікбай.
Дәуқарадан 3 бала: Қаражігіт, Қойғара, Қорлы.
Қаражігіттен 2 бала: Қанкелді, Жанкелді. Жанкелдіден 3 бала: Көлем, Жаңғара, Кетебай. Қанкелдіден 3 бала: Шажамбай, Шауыпкел, Төлебай.
Қойғарадан 5 бала: Тасбай, Ақбан, Қылыш, Тоқбан, Жантоқа. Қуандықтан 6 баласының бірі Алтай дедік. Сол Алтайдан 6 бала: Мойын, Әліке, Алсай, Байдалы, Сайдалы, Нұрбай. Мойыннан 5 бала: Қареке, Аралбай, Қалыбек, Сармантай, Мұрат. Әлікеден Елкей, одан Ақмалай, одан 2 бала: Сатыпалды, Орыс.
Байдалыдан 6 бала: Өмірқұл, Құдайқұл, Есболай, Бозы, Аманкелді, Әйтей.
Сайдалыдан 2 бала: Сүгіралы, Арыстан. Арыстаннан 4 бала: Мамашық, Барқы, Мамадыр, Тоғызақ. Мамадырдан 3 бала: Ақтас, Жалаңтөс, Байтөлес.
Байтөлестен Тұрсынбай, одан 2 бала: Құрман, Оразалы. Оразалыдан 2 бала: Ақбан, Ыбырай. Қуандықтың 4-ші баласы Қарпықтан 2 бала: Стансыз көзей, Қаратоқа. Қаратоқадағн 3 бала: Түнқатар, Бесім, Құлымбет. Жоғарғы беттегі Мирамсопының екінші тоқалы Қарқабаттан 2 бала туады: Миқы, Бошан, үшінші тоқалынан 2 бала: Жалықбас, Қамбар.
Үшінші тоқалдың 2 баласының көрші-көлемдері көп болыпты. Бір жанжалда ағаларының дегеніне көнбей көптігін көрсеткен көрінеді. Сонда Қарқабат деген кісі мына қаракесек ет сияқты жиынды немелердің ісін қарай көр деген екен, сонан осы төртеуі Қаракесек атаныпты. Осы Қаракесектің бір тарауынан Келдібек би туады, одан бүкіл қазаққа әйгілі қаздауысты Қазыбек би туады.
Шежіреде тоқал арғындар жеке таратылыпты.
Мейрамның кіші әйелі Айнакөзден 2 бала: Дәуіт, Үйсінбай. Дәуіттен Жақанай, онан Байтажы туады. Үйсінбайдан Қарамерген туады. Үйсінбай қалмақтан бір қатын алды, оның соңынан 3 жасар бір бала еріп келеді, оның атын Ермен қояды. Сол Ерменнен 2 бала: Бөлтірік, Шағыр. Бөлтіріктен 2 бала: Сырлыбай, Сары. Сырлыбайдан 3 бала: Қараман, Төлек, Мәмбеталы.
Сарыдан 4 бала: Уаныш, Маты, Сарыбай, Тоғанай. Уаныштан 2 бала: Байкелді, Тыныбек. Байкелдіден Қырықмылтық. Тыныбектен Тоңмойын…
Матадан Олжақұл, онан 3 бала: Құлболды, Жолболды, Тәңірберді.
Шағырдың өз әйелінен 3 бала: Апай, Жолдыбай, Тома.
Апайдан 6 бала: Алдияр, Мадияр, Өтей, Шынболат, Құлқай, Жолтай.
Алдиярдан Қарабалуан (бұл кісі таз екен, сол себепті таз атанып кеткен) мұнан 2 бала: Ақмалай, Жұмағұл. Ақмалайдан Жәнік, онан Жазы, онан Беген. Жұмағұлдан 2 бала: Сандыбай, Шәкі.
Малдиярдан 3 бала: Тілеу, Қабақ, Қозғанбек.
Өтейден Сауытбай, Сақау, Толтан.
Шынболаттан Қойбағар, одан Оспан. Бөлтірік өлген соң Сарының шешесін Шағыр алады, одан 2 бала: Аманжол, Сомжүрек. Аманжолдан 3 бала: Бәйімбет, Әлімбет, Шақшақ. Сомжүректен 2 бала: Әйдерке, Жылқыайдар.
Әйдеркеден 5 бала: Өтеміс, Татан, Бөдене, Кәдірімбет, Ожан.
Кәдірімбеттен 3 бала: Бура, Жанұзақ, Өмірзақ. Бурадан 3 бала: Бабас, Мерген, Қалыбек. Қалыбектен Түгел, одан Атан, одан Құлжан, одан Зейнолла.
Даулыбайдан 3 бала: Ағыбай, Өтебай, Шоқанай. Ағыбайдан 4 бала: Үгірәйір, Зүбәйір, Хасен, Ғабдікәрім. Өтебайдан 2 бала: Көбей, Көбен. Шоқанайдан 2 бала: Оразбек, Бекмағанбет. Сұлтанның бәйбішесі Ақбикеден 3 бала: Қожаназар, Шойқара, Байқара.
Қожаназардан 3 бала: Наурызбай, Дәуітбай, Құрман. Наурызбайдан Тәңріберді, одан Мүсір, одан Қарабала. Дәуітбайдан Боқтыбай. Құрманнан Айтуар, Есжан, Хасен. Шойқарадан Шоқаман, Нұралы. Байқарадан Молдабай, одан Әбіл. Сұлтанның Мақбал деген тоқалынан 4 бала: Бердалы, Бердібай, Дербісалы, Бертіс. Бердалыдан Жансары, Бердібайдан Кенжалы. Дербісалыдан Бозторы. Бертістен Байқадам, Байқас.
Аманжол баласы Шақшақтан 6 бала: Көшей, Бақай, Бозай, Дүзей, Есназар, Ақназар.
Көшейден 6 бала: Қалқаман, Қарабас, Үмбетей, Тінет, Аю, Қошқар.
Аюдан 3 бала: Елібай, Есілбай, Нұржау, Елібайдан Ақмырза, одан Жандыр, одан Қазанқап, одан Қазыбек. Есілбайдан Қарақозы. Нұржаудан Аққозы. Қошқардан 3 бала: Тыныбек, Жәнібек, Тұрлығұл. Жәнібектен 3 бала: Тоқтамыс, Жауқашар, Дәуітбай. Дәуітбайдан Мұса, одан Шеген. Шегеннің бәйбішесінен 3 бала: Шүқаман, Қазыбек, Бірімжан.
Тоқалдан Алтынсары, мұнан Қасымқан. Шүкаманнан Есжан. Одан Арон. Қазыбектен Әміржан, одан Саржан. Бірімжаннан 4 бала: Дәуренбек, Қорғанбек, Әбдібек, Шәйкемел. Дәуренбектен 3 бала: Жүніс, Жақып, Ақметқали. Қорғанбектен Қазымбек.
Шақшақтың күң әйелінен Томай.
Найман
Жанарыстың 2-ші әйелінен туған үлкен бала Садырқожадан Найман. Найманнан Тоқпан деген жалғыз бала туады. Бұл 23 жасында өледі. Назбура деген әйелі артында 18 жасында жесір қалады. Бұл әйелді әменгерлік ретінде Арғын, Қоңыраттың жігіттері аламыз деп таласқанда бір атадан ұрпақсыз қаламыз ба деп Назбура тимеген.
Сол кезде атасы Найман 90-жасқа келген екен. Бір күні атасы дәретке шыққанда, оны сынамақ үшін білдірмей, алдына бір бақанды тастайды. Атасының зәрі бақаннан асып, көпіріп жатыр екен. Назбура мұны көріп “атамның бір бала тапқызар қуаты бар екен” – деп қуанып үйге келеді. Ертеңіне Үйсін Дәулетбай дегеннің Тоқсұлу деген бой жетіп отырған қызын 90 жылқы беріп айттырып, әпереді. Үйге келген соң оның атын «Қызеней» деп атайды. Ал Назбураны елі сыншы келін атайды.
Найманның әйелі Қызеней бір бала туады. Оның атын Төленді қояды. Бұл бала өскен соң Назбура осы балаға тиеді. Бұдан Төлек атай туады. Төлек атай туған соң Назбура байына жас өмірінді босқа өткізбе деп Ақсұлу деген қызды айттырып әпереді. Ақсұлудан Сүгірші туады. Сүгіршіден 3 бала туады: Бағаналы, Балталы, Ергенекті.
Найман өлген соң Қызенейдің елі жиналып Елатаға қосады. Онан 2 бала туады: Келбуха, Кентуха.
Келбухада 4 бала: Садыр, Матай, Қаракерей, Даркүл. Осыларды 9-таңбалы Найман дейді. Матайдан 3 бала: Қаптағай, Аталық, Кенже. Қаптағайдан 4 бала: Балабатыр, Алакүшік, Асан, Жалақ.
Аталықтан 5 бала: Емен, Қайнар, Шоқпар, Қонақбай, Тәуке.
Кенжеден 3 бала: Мәмбет, Ұмай, Мырзағұл. Мәмбеттен 2 бала: Жалауқарт, Қартқұлбай. Мырзағұлдан Шөпшүме туады. Жалауқарттан Темір туады. Темірден Болат туады. Болаттан 3 бала: Саңай, Тұрсын, Кенжеқара.
Қонырат
Жанарыстың 2-ші әйелінен туған 2-ші баласы Нәдірқожадан Жорлық мерген, онан Қоңырат. Қоңыраттан 2 бала: Көтенше, Көктіңұлы. Көтеншеден 5 бала: Божбан, Саңғыл, Маңқыштан, Жетімдер, Сапар сары. Қоңыраттан өрбитін рулар он бір ата: Байлар, Шаншар,Оразкелді, Құлшығаш, Бошман, Тоқболат, Жамалба,Қаракөсе, Жетім, Сансыз, Күйіш.
“Жиделібайсын жерінде, Қоңырат деген елінде” деп келетін, атақты аталарының бірі Алпамыс батыр болып есептелетін қалың ел – қоңыраттар туралы, өкінішке орай, Сарыарқа жұрты өте аз біледі.
Керей
Ысмағұл қожадан Ошыбай, одан Керей туады. Керейден 2 бала: Абақ, Ашамайлы. Ашамайлыдан Танаш би туады, мұнан 3 бала: Балта, Көшебе, күң әйелінен Тарышы.
Танаш биде ер бала болмаған, бір қызы бар екен, оны Уақ нәсілінен Қызылшырай деген кісіге күйеуге берген. Онан бір бала туады, оның атын Сибан қойған. Ол баланы Танаш би бала қылып алған. Бала келген соң Танаштың әйелі бір ер бала табады. Оның атын балталаса да өлмесін деп Балта қояды. Ал тарышының да атын тұқымы көп болсын деп Тарышы қойған.
Танаш би тірісінде Сибанға енші береді. Мұның түбі Уақ, маған жиен еді деп балаларына түсіндіреді. Танаш би өлерінде екі баласы Балта мен Көшебеге: “мынау Тарышыға күңнен туды демеңдер, бұл да менің балам, еншіні бірдей бөліп беріңдер”- деп өсиет айтып тапсырады. Балта: “сенің мінезін қатаң еді, жанжал шығарып жүрмегейсің”- дейді.
Танаш би өлген соң балалары енші бөліседі. Балта Тарышы құлға енші бермеймін деп жанжал шығарады. Көшебе әкем айтқан өсиеті бар, еншіні тең бөлем деп екеуі жанжалдасып төрешіге барады. Төреші жанға салады Көшебе Тарышыға жан береді. Сонан соң еншіні 3-ке тең бөледі.
Соның артынан көп ұзамай Көшебе аттан құлап өледі. Тарышы құлға жан беріп еді, Көшебе сонан өлді деп ел аузында сөз қалады.
«Көшебе Керей, көп керей,
Көше алмайды Сибансыз.
Қараға жан берем деп,
Көшебе кеткен имансыз» – деген өлең де бар.
Көшебенің Әлмәмбет, Бораншы, Жаңбыршы деген балаларынан қалың Көшебе тарайды. Әлмәмбеттен 9 бала. Бәйбішеден 2 бала: Сұмбай, Дәулет.
2 -ші әйелінен 2 бала: Бұзау, Айбас.
3-ші әйелінен 5 бала: Қарабатыр, Толыбай, Қостан, Байдәулет, 5………..
Сұмбайдан 3 бала: Қазыбай, Атан, Тайлақ.
Атаннан Шоң би, мұнан 5 бала: Ақмет, Тұралы, Дінәлі, Мақым, 5……….
Тарышыдан 2 бала: Ақсары, Күрсары. Ақсарыдан 6 бала: Нұралы, Нұрымбет, Ақымбет, Тоқымбет, Есенбақты, Еменалы. Тарышының тоқалынан Тезағай туады, одан 3 бала: Мақатай, Сымай, Қапсыт. Мақатайдан 4 бала: Мәмбетқұл, Құдайқұл,Үмбетқұл, Кенжебай.
Мәмбетқұлдан 2 бала: Сейітқұл, Қазіке. Сейітқұлдан 5 бала: Байыс, Боранбай, Жәменке, Жәнібек, Әлібек, Байыстан Жаңатілеу, одан 2 бала: Ерғали, Тағамбай, Жәменкеден Рамазан, мұнан 6 бала: Айдарқан, Жәнібек, Ақан, Боқан, Бектұрған, Бекберген. Ақаннан 4 бала: Қожық, Шәуке, Қожабай, Медебай.
Шәукеден Жүсіп, одан Әкімжан. Бекбергеннен Қосылбай, одан Батыр, одан Жомарт. Әлібектен Тұлбай, мұнан 2 бала: Қарақозы, Бейсен, мұнан Дүйсеке ,одан Сұлтан. Қазыкеден Досжан, одан Балташ. Мәмбетқұлдың әйелі Қаракемпірді Үмбетқұл алады, одан 2 бала туады, Жәнібек, Әлібек. Мақатайдың екінші баласы Құдайқұлдың 4 баласы бар: Байқошқар, Аққошқар, Құлшықай, Қожаш.
Байқошқардан 2 бала: Ақмырза, Тілеуімбет. Ақмырзадан 3 бала: Қабыл, Малай, Әбіл. Қабылдан 6 бала: Сопақ, Есдәулет, Келдеу, Мұса, Жайылған, Байпақ.
Сопақтан 4 бала: Мырзабай, Жадыра, Есмағанбет, Жәрке.
Есдәулеттен Әділбай, одан 2 бала: Үмбет, Оңқай. Келдеуден Тілеулі, одан Қасейін , онан Көжебай. Мұсадан Жамау, одан Бозбала, одан Өтеу, одан Шағатай. Жайылғаннан Мәстекбай, онан Дәулетбай, одан Нұрпейіс, одан Жүкен. Байбақтан Әлмәмбет, одан Әлімжан, одан Кәпен. Әбілден 5 бала: Келдіқұл, Күнтуар, Кенже, Айтуар, Жантуар. Жантуардан Қырдасын. Келдіқұлдан 3 бала: Күнтуардан 4 бала, Айтуардан 2 бала: Елтай, Бейіс, Бейістен Құсайке. Кырдасынан Бектас, одан Кәмеш. Малайдан 5 бала: Шаман, Шалғымбай, Рақмет, Бекей, Тілеуімбет. Тілеуімбеттен 5 бала: Ерке, Есенқұл, Есен, Мәмбеталы, Найман.
Еркеден Саяқ, одан Бұқбай, одан Мазғұм. Есенқұлдан 2 бала: Байтүмен, Тотай. Тотайдан 2 бала: Арыстанбай, Мұқаметқалы. Есеннен Жайымбай, одан Үдер, одан Сәрсен, одан Әмір, одан Шәку.
Мәмбетәліден Борыбай, одан Құттыбай, одан Тасқынбай, одан Молдабек. Найманнан Күдеш, одан Оразақ. Аққошқардан 4 бала: Ерназар, Сейтімбет, Жақау, Тілес.
Уақ
Қасымқожадан Жаубасар туады. Мұнан 2 бала: Ақбалтыр, Уақ. Жаубасар өлгенде Уақ іште қалған бала. Шешесін жесір қалған соң қазақтың ескі ғұрпы бойынша Ошыбай алады. Керей, Уақ Ошыбай баласы болып екеуі бірге өседі. Жаубасар баласы екенін Уақ шешесінен сұрап анығын біледі. Ол заманда дамылсыз жауласудың кезі. Бір айқаста 10 жасар Уақ қалмақтың қамалына жаубасарлап ұран салып шауып, қалмақты жеңеді. Сол жолы Уақ батыр деген атақ алады.
Содан былай Керей-Уақ деген екі руға бөлінеді.
Уақтан Қамбар, онан Еркөкше туады. Еркөкшеден 2 бала: Ермен, Жусан. Ерменнен Ерқосай, онан Алшағыр, мұнан 2 бала: Қызылшар, Қылды. Қылдыдан 6 бала: Қарамұрын, Шөкше, Келдібек, Жақан, Қойбағар, Берлібек. Қылды балалары қырық қасқа атанған ылғи батыр болған.
1823 жылғы ақтабан шұбырындыда аштықтан Қытайға ауып кеткен. Содан 2 бала қалған. Қызылшардан 3 бала: Сибан, Жандал, Сибанғазы. Жандалдың бәйбішесінен Шұға, кіші әйелінен Еренші туған. Шұғадан 3 бала: Бәйімбет, Елкіс, Мүлкіс. Мүлкіс тарауы Келтесорда, одан Баян батыр, Сарышағыр батырлар шыққан Еріншіден 2 бала: Белғашы, Сатқан. Белғашыдан Есенқазы, мұның ұрпақтары белгісіз.
Сатқаннан 2 бала: Боқай, Бүтік. Бүтіктен Тана, мұнан 3 бала: Ағанас, Баянас, Тоғанас. Бұлардың ұрпақтары Ақтөбе жақта. Боқайдан 2 бала: Назар, Аманқұл. Бұлардың ұрпақтары Алакөлде. Жусаннан 2 бала: Ергенекті, Сары. Ергенектіден 2 бала: Қарғыз, Қантай. Қарағыздан 3 бала: Сүйіндік, Жәптік, Сәптібек. Сәптібектен 2 бала: Бидалы, Жансары. Жансарыдан 4 бала: Тоқай, Самай, Құрай, Қытай. Бидалыдан 5 бала: Құдайқұл, Андағұл, Сұлтанкелді, Қонырбай, Шөрен.
Құдайқұлдан 3 бала: Амантай, Қараман, Қайдауыл. 2-ші әйелінен 3 бала: Өтей, Даушы, Қожантай. Қантайдан 2 бала: Баржақсы, Шайкөз. Шайкөзден 3 бала: Қосназар, Өтеулі, Шойқара. Кіші әйелінен Жәнгір. Баржақсыдан 3 бала: Сәдібек, Бәубек, Жәнібек. Бәубектен Боқтыбай, мұнан 3 бала: Жайнақ, Қосты, Тайлақ.
Жайнақтан Төлебай. Сәдібектен Өтеп. Өтептен 2 бала: Мырзамбет, Жиенбет. Жәнібектен 3 бала: Базар, Назар, Алтау. Базардан Малай. Назардан 2 бала: Мұрат, Бәйімбет. Алтаудан Мәмбет, мұнан 2 бала: Қаражан, Таңат. Қаражаннан 2 бала: Ақпан, Тортай. Тортайдан 2 бала: Жанкісі, Наурыз.
“Арқада бір өзенді дер Обаған, сол жерді батыр Баян қоңыс қылған” деген Мағжан ақынның сөзіне қарағанда, атақты Батыр Баян да уақтан тарайды.
Абылай ханның жорық жыршысы болған Тәтіқара ақын Сатай деген кісінің баласы екен. Сатай да атақты батыр болған. Ақсақалдардың айтуына қарағанда, оның атамекені Қостанай облысының Ұзынкөл ауданына қарайды. Шежіреде Сатайдың әкесі Тоғайбай деген кісі деп көрсетілген. Оның тұрған жері сол Ұзынкөл ауданындағы бұрынғы Суворов кеңшары маңайы.
Жәлел Сұлтанғазыұлының шежіресіне сүйенсек, Уақтан қара қасқа атты Қамбар батыр туады.
Қамбардан алты бала: Бекентай, Бектібай, Бектемір,Байтемір, Бекенбай, Бекберген.
Осы алты ұлдың біреуінен (шежіреде қайсы екені көрсетілмеген) Бек, Бекет деген екі ұл туады.
Бәшейден Изен, Бетеге, Бетке, Бетша, Бетжан,Бекжан. Бәшкерден Сіргелі,Қызылшар. Қызылшар кейін Керейге сіңіп кетеді. Түбі Уақ, Танаш бидің қызынан туған. Бұлар Сәбит Мұқановтың аталары. Бетегеден Қылды батыр. Қылды батырдың бірнеше әйелінен 40 бала болған. Сол қырықтан қазақ жерінде екеуі ғана қалып, қалғандары басқа елдерге қоңыс аударған деген сөз бар. Олардың біразының үрім-бұтағы Қытай, Моңғол, Түрік жерінде деседі. Жантелінің бәйбішесінен Шоға, Сарман, Ергенекті Уақ. Екінші әйелінен Ергенше батыр.
Қара қыпшақ Қобыландыдан бастасақ…
Шәкәрім «Түрік, қырғыз,қазақ һәм хандар шежіресінде» қыпшақты «бұл қаңлыдан бөлініп, елсіз бос жерге кеткендіктен қыпшақ атанған. Мағынасы бос шөл, елсіз деген сөз. Шыңғыс ханнан көп бұрын Еділ–Жайық маңына барып, бір патша жұрт болып тұрғанда Жошы хан алып қаратқан. Солардың атымен ол жақ Дәшті Қыпшақ атанған. Қыпшақ руларынан араб жазушылары Өмір Рухнеддин әм Ебинхалдун былай деп жазады: Тоқсоба, Сита, Буржоғли, Антуғли, Дорт, Қабарұғлы, Жүзінен, Қараберкли, Қотан, Бөрлі, Қанғу.
Орта жүзде әр жерде аз ғана қыпшақ бар болса,қай руынан екенін білмеймін. Қыпшақтың азайған себебі: әртүрлі түрік халқына қосылып кеткендіктен көбі ноғай мен өзбек болып кеткен» – дейді.
Осында айтылып отырған Бөрлі бөрілі байрақ көтерген аталарымыз болуы ғажап емес. Қостанай облысының Қарбалық ауданында Бөрілі деген елді мекен бар. Жергілікті тұрғындар бөрі көп болғаннан солай аталған деседі.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев болса «Сарыарқаның кімдікі екендігі» кітабында:«Күнбатысы – Сырдария, күншығысы – ұзын аққан Ертіс,оңтүстігі –Жетісу өзені, солтүстігі – Еділ,Жайық. Сол төрт судың арасы заман хадымда Дешті қыпшақ атанған қыпшақ жұртының қоңысы еді. Сол қыпшақтан тоқсан екі ру ел тарайды. «Қытай көп пе, қыпшақ көп пе?» деп мақал болған себебі сол…» – деп жазады.
Шежіреде қара қыпшақ Қобыландыдан бастау алатын қыпшақтар көбірек айтылды. Өйткені, біздің қолымыздағы деректерде шежірені негізінен қыпшақ руларының ақсақалдары жазғанға ұқсайды. Оның үстіне Қостанай-Торғай өңірін мекендеген ондаған рулардың ішінде сан жағынан көбі де, билік басында жүргені де осы қыпшақтар болғаны даусыз.
Алайда, оларды да түгел қамтылды деп айта алмаймыз.
Асылбек Ташбаев шежіреге жазған соңғы сөзінде:
“Шәкәрім қырғыз-қазақ шежіресін жазып бітірген кезде:
«Ия, Алла, бергеніне сансыз шүкір,
Қалған жоқ зайғы болып еткен пікір.
Шежіресін қырғыз-қазақ жазып болдым,
Болса да кемшілікті, қисық, бүкір» – деген екен.
Қисық, бүкір болса да, осы шежірені 1935 жылы бастап, 1977 жылы аяқтағалы отырмын. Көңілге алған мақсатым: Қарабалықтан өрбігендерді түгендеу еді. Жас болса жетті, осы күні сексен үште тұрмын, қол дірілдейді, көз бұлдырайды, әй, осы мақсатты орындай алмаспын” – деп қауіп қылады.
Біздің мақсатымыз ақсақалдың аманатын орындап, қолда бар деректерді жариялау. Әйтпесе руды түгел түгендеу бір кісінің де, бір ғасырдың да жұмысы емес, көппен бітетіні белгілі.
Жанарыстың үлкен әйелінен туған кіші баласы Ақтамқожадан Ойбас, одан Қыпшақ, одан Сүлімалып, одан Ақкөбік, одан мүйізді Сары абыз туады. Мұнан 3 бала: Құлан, Сары, Қара.
Құланды Құлан Қыпшақ дейді.
Қараны Қара Қыпшақ дейді.
Сары Қыпшақтан ешбір дерек жоқ.
Қарадан Қобыланды батыр туады, онан Тоқтар би туады.
Ескерту: Тарихта қара қыпшақ Қобыланды деп аталатынын естіп жүрміз. Нұржан Наушабаев пен Өтеміс Қалабаев шежіресінде Қарадан Есімсейіт, Есімсейіттен Қобыланды туды деп көрсетілген.
Тоқтар би кіші баласы. Тоқтардан 5 бала: Бұлтың, Торы, Көлденең, Ұзын, Қарабалық. Осы бес баланың анасы Алтыншаш деген кісі екен. Сол кісі түнде түсінде шошып оянып, ұйқысынан тұрған соң яғни таңертең атасына келіп: “ата, түнде бір қолайсыз түс көріп, сонан шошып оянып, сізге жорыта келдім!” – депті. Атасы: «Айта ғой, балам!», – депті. «Түсімде бір биік таудың басына шығып дәрет сындырыппын, дәретім бес тарау болып таудың етегіне қарай кетті, арғы шетіне көзім жетпеді» – депті.
“Ой балам-ай! Бұл қорқынышты түс емес, қуанышты түс қой!” – депті атасы. Сонда атасы былай деп жорыпты: «Аман болсаң, сенен бес бала туады екен. Сол бес баланың ұрпағы осы дүния бұзылып біткенше бес сала ел болып өсіп-өніп кете береді екен» – депті.
Айтқанадай-ақ бес бала туады. Сол бес баланың әрқайсысы бойына бітіп туған сайын, әрқайсысына сын беріп отырған екен.
1. Бұлтың бітті бойыма,
Кербездік кірді ойыма.
Мұның тұқымынан кербез шыға ма деп ойлаймын деген екен.
2. Торы біті бойыма,
Билік кірді ойыма.
Мұның тұқымынан би шыға ма деп ойлаймын. Айтқандай кейінгіге үлгілі сөз қалдырған Досбол сияқты билер шықты.
3. Көлденең бітті бойыма,
Мекерлік түсті ойыма.
Мұның тұқымдарынан ел алдағыш жалақтаған саудагер шыға ма деп ойлаймын.
Айтқандай-ақ бұлар Тройцк, Қостанай қалаларына жақын қоныстанған елдер, шетінен саудегер болып, алдымен «ақ» сатты. Жарықтық әулие анамыз қалай болжап білген деп таң қалып отырушы еді бұрынғы үлкендер.
4. Ұзын бітті бойыма,
Зорлық түсті ойыма.
Бұл баланың ұрпақтары барымташы бола ма деп ойлаймын деген екен. Айтқандай-ақ, бұл елдер барымташыл, зорлықшыл болғаны рас.
5. Қарабалық бітті бойыма,
Байсалдылық кірді ойыма,
мұның тұқымы бай бола ма деп ойлаймын деген екен.
А.И.Тевкелевтің 1748 ж. 24 қыркүйегінде Ресейдің сыртқы істер министрлігі коллегиясына жолдаған шежіресінде Орта жүздегі Қыпшақ рулары тоғыз атадан тұрады, солардың ішінде торыайғыр қыпшақ, көкбөрі қыпшақ, тұйықша (орыс тілінде туючка деп көрсетілген) қыпшақ, қитабақ (дұрысы – қитаба) қыпшақ, бұлтың қыпшақ, қарабалық қыпшақ, танабұға қыпшақ, көлдеңен қыпшақ (орыс тілінде күндялян деп көрсетілген), ұзын қыпшақ бар деп көрсетіледі. (“История Казахстана в русских источниках ХҮІ-ХХ веков”, том 3, 303 бет).
Әрине, бұл деректерді анық мәлімет деп есептеуге болмайды. Өйткені, қазақ шежіресінде танабұға қарабалықтан тарайды.
Көлденең атадан өрбігендер
Тоқтар бидің 3-ші баласы Көлденеңнен Қара туады, одан Қаткен туады, одан Саптық туады. Саптықтан 2 бала туады: Биқашты, Мимық. Биқаштыдан 7 бала: Ақбура, Науша, Жалаңтөс, Шоңқа, Берді, Тінібек, Тасқор (Стамғазы).
Мимықтан 3 бала: Құдайберді, Қалқаман, Бекберді. Құдайбердіден Көккөз. Қалқаманнан 2 бала: Арық, Былғашы.
Бекбердіден 5 бала: Алатай, Арғынбай, Мырзай, Бөлек, Дауал. Дауалдан Жүгенбай. Бөлектен Танас. Мырзайдан Жанбол.
Арғынбайдан 3 бала: Қыжық, Жертібай, Балғабас.
Алатайдан 3 бала: Жиеналы, Әжібай, Жақсыбай.
Әжібайдан 4 бала: Тыныбек, Өмірзақ, Байұзақ, Шілдебай. Жақсыбайдан 2 бала: Лекер, Сүтемер.
Жиеналыдан 2 бала: Барлыбай, Шоқа. Шоқадан 5 бала: Құл, Қосағали, Ақдәулет, Қосдәулет, Жанай. Құлдан 2 бала: Айдарбек, Жәнібек. Айдарбектен 4 бала: Тыныбай, Кенбай, Отызбай, Кәрібай.
Тыныбайдан Уақ. Кенбайдан Аңсаған. Отызбайдан Арыстан. Кәрібайдан Сермағанбет. Жәнібектен Қоғылбай, мұнан 3 бала: Қошқар, Жолбарыс, Аманжол. Қосағалидан 3 бала: Ерке, Рақпан, Қаспақ.
Қосдәулеттен Құдайсүгір, одан Тобылбай, одан Жалбыр, одан 2 бала: Қожамқар, Қожабай. (Ақдәулеттің ұрпағы Естек ішінде).
Жанайдан 2 бала: Өтеген, Өтелбай. Өтелбайдан Серғазы, одан Сырғабек.
Еркеден 3 бала: Өмірбек, Кендібек, Қазыбек.
Рақбаннан 3 бала: Сексенбай, Мырзабай, Жылқыбай. Сексенбайдан 6 бала: Қожақбай, Мамақан, Жақан, Күржікей, Шота, Нұржан. Қожақбайдан 6 бала: Мұстапа, Қартабай, Балтабай, Нұрбай, Әлменбет, Сырымбет.
Сырымбеттен 3 бала: Асат, Абдрахман, Ахметжан.
Асаттан 2 бала: Қыдырғали, Есләмғали.
Қыдырғалидан Талғат.
Биқаштыдан Ақбура туады деп жоғарыда көрсеттік.
Ақбура туралы ел аузында қызық аңыз бар. Оның шешесі аяғы ауыр болып, түйенің етіне жерік болса керек. Содан жақын маңайдан түйе таппай, көрші ауылда бір ақ бура бар екенін естіген күйеуі бураны сатып аламын десе бермей, айтқан бағасына көнбей, амалы таусылған соң бураны бір түнде ұрлап сойып алады. Терісі, сүйегін жым-жылас қылғанымен кейін жоқшылар түйе ұрлаған ауылдан оның асығын тауып алады. Осыны көрсетіп, ұрлықты мойнына қоймақ болғанда Биғашы: “кәне, айғағыңды көрсет” – деп, қолына асықты алып, тамағына салып, жұтып жіберіпті деседі. Шынымен жұтып қойды ма, әлде қулығын асырып, тығып қойды ма, қалай болғанда да Биқашты кейін қазы алдына барғанда, “айғағымды жұтып қойды” – деген дауласушы жақтың сөзін өтірікке шығарып, “ендеше ұрлықты мен жасадым деп мойныма алайын,тек қарсы жақ қойдың асығын жұтып көрсін”, – деп, жасаған ұрлығын мойындамайды. Ал баланың аты осыдан кейін Ақбура аталған.
Ақбурадан 4 бала: Жанкісі, Сексенбай, Қарадөң, Толыбай.
Жанкісіден Мырзабек қажы.
Сексенбайдан Есжан, Байқадам, Байбатырға қарағандар.
Қарадөңнен Ботбай, Сәтбай, Түлкібай.
Толыбайдан 4 бала: Кенендік, Танабай, Көрпеш, Саржігер.
Танабайдан Есболай, одан Саржан, мұнан 2 бала: Шөфе, Аманжол. Шөфеден Дәуренбек.
Аманжолдан Едірес, мұнан Мереке.
Көрпештен Ыбырай, Жүсіпке қарағандар.
Саржігерден Ботикеге қарағандар.
Мимықтан (Жақап-лақап аты) Шандыаяқ туады.
Шандыаяқтан 2 бала: Айтбай, Байжігіт.
Шаңдыаяқтан шыққан ақсақал Серғали Досовтың шежіресінде Көбеннен Серғали, Сахаба туады деп көрсетілген.. Серғалидан Әбдірахман, Бақытжан. Әбдірахманнан Марат, Абай.
Айтбайдың бәйбішесінен 3 бала: Қуандық, Сағындық, Бекайдар.
Қуандықтан 3 бала: Қанай, Қонақ, Тонақ. Тонақтан Әбіл, одан Ыбырай.
Айтбайдың тоқалынан Дербіс, одан Байжан молда.
Байжігіттен Қазантай, мұнан әйгілі Мұғал би туады.
Мұғалдан 2 бала: Жантуар, Күнтуар. Жантуардан Мөңке.
Марат Хакімовтың шежіресі бойынша, Сасықтан Байбатыр, Бибатыр, Асқар, Бекболат туады. Байбатырджан Жанбатыр. Бибатырдан Жанбосын. Асқардан Таңатқан, Хакім. Бекболаттан Ғали.
Жанбатырдан Шағатай, Жаңатай, Ғалымжан.Таңатқаннан Алмасбек. Хакімнен Мінайдар, Жанайдар, Бекайдар, Қаппас,Қапан. Ғанидан Өмірзақ, Мұса. Шағатайдан Әнуарбек, Заманбек, Зұлқарнай. Жаңатайдан Қажман. Қажманнан Мәруанбек, Қамалбек.
Жанайдардан Марат, Самат, Болат, Сәбит, Азамат.
Мараттан Мәлік, Рүстем. Саматтан Талғат. Болаттан Асхат. Азаматтан Шыңғыс. Мәліктен Әлішер.
Досымбек,Тоқмейіл Тілеуовтердің айтуымен және Рамазан Тілеуовтің толықтыруымен дайындалған Тілеуов-Қошановтардың тарихында (1870-1996 жылдар) Биқаштыдан Тыныбек, Науша және Берді туды деп көрсетілген.
Бердіден Тайлақ, одан Нұрбай.Нұрбайдан Серкебай, Құдас.
Серкебайдан: Бұзауке, одан Омар. Омардан Мұсабек пен Мұса.
Құдастан Есендік, Төлеп, Жәке. Жәкеден Әбіл,одан Жортеке,одан Кенжебек.
Төлептен Жүсіп, Жүсіптен Тілеу және Қошан.Қошаннан Досымбек пен Мұратбек. Мұратбектен Сағындық.
Досымбектен Ділмұхамбет, Рамазан, Баймұрат,Жақсылық,Базарқан.
Ділмұхамбеттен Дінмұхамбет. Баймұраттан Серік,Абай. Абайдан Досмұхамбет. Жақсылықтан Сәкен.Базарханнан Тайлан.
Тілеуовтер тарихында қыздар да тегіс көрсетілген екен. Біз оларды қамтығанды жөн көрмедік, өйткені, ата-баба шежіресі атам заманнан ұл жағынан ғана таратылып келгенін ескердік.
Кәмен Жетпісбаев жазып кеткен өз әулетінің шежіресінде Шонайдан Қаражан, Бүркіт, Бұхар және Үдер туады. Қаражаннан: Мырза, Жиенбай, Шора,Жетпісбай.
Жиенбайдан Ғабдірахман, Базарбай, Қалабай, Нұрхан. Ғабдірахманнан Серік пен Ермек.
Шорадан Шүкір. Шүкірден Балтабай. Балтабайдан Қалихан,Арон,Бақытжан, Дәулетжан,
Қалиханнан Марал. Бақытжаннан Ерлан. Дәулетжаннан Нұрсұлтан. Жетпісбайдан: Сәмен, Кәмен.
Кәменнен Мұхамеджан, Бауыржан. Мұхамеджаннан Әрсен. Бауыржаннан Әсет. Сәменнен Ақан, Кәмал, Ахмеджан. Ахмеджаннан Нұрлан, Ерлан. Нұрланнан Кәмал, Бислан.
Ұзын атадан өрбігеңдер
Тоқтар бидің 4-ші баласы Ұзыннан 3 бала: Бәйтөре, Қаспақ, Әлімбай. Байтөреден Бердікей. Қаспақтан Жарбасты. Әлімбайдан Мырзасайым, одан Ақырсуық, одан 2 бала: Теңсопы, Тіксопы.
Теңсопыдан Алтыбас өрбиді. Тіксопыдан Алтыс. Алтысты кей жерде Алтытіс деп те айтады.
Алтыстан 5 бала: Келімбет, Сығай, Қолдербес, Бөкей, Самар.
Сығайдан Қырықжігіт, одан Қанмалай, одан Қанжанай, одан 2 бала: Балтекей, Әжімбет. Әжімбеттен 2 бала: Боқсары, Қайдауыл.
Балтекейден 2 бала: Байсары, Кекілік. Кекіліктен 5 бала: Ақбура, Мәмбетбай, Жайылмыс, Мірсімбет, Міртемір. Ақбурадан 4 бала: Саққұлы, Аққұлы, Бекқұлы, Наурызбай. Наурызбайдан 5 бала: Байжігіт, Жанжігіт, Дербес, Бостан, Сұлтан.
Байжігіттен Қара, мұнан Сатыпалды. Сатыбалдынан 2 бала: Мырза, Панзолла. Қолдербестен Құттық өрбиді.
Алтыстың 4-ші баласы Бөкейден 3 бала: Кедел, Қаз, Кенжебай. Кеделден 4 бала: Әлі, Мәмбет, Қожамқұл, Шоқы.
Атақты ақын Нұржан Наушабаев (1819-1919) Құттықтан тарайды.
Марат Қасымовтың шежіресіне жүгінсек, бес таңбалы қыпшақ ХҮ ғасырдан бастау алған. Торғай, Тобыл өзендерінің бойында осы өлкені атақоңыс қылған.
Осы шежіре бойынша Кеделден Сығай, Сығайдан Келімбет, Келімбеттен Жарбасты, Бердікей туады. Бердікейден: Тілеулі, Құттық. Құттықтан Сейіт. Сейіттен Тәтімбет. Тәтімбеттен Бостан. Бостаннан Айтбай. Айтбайдан Сансызбай. Сансызбайдан Наушабай. Наушабайдан Нұржан туады. Нұржаннан бір бала болған.
Осы шежіреде Алтыбастан Құлеке мен Құлшын туады деп көрсетіліп, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсаринның ата-тегі таратылған.
Құлекеден Жаңбыршы. Жаңбыршыдан Балқожа. Балқожадан Алтынсары мен Қошан. Алтынсарыдан Ыбырай.
Қошаннан Кәкімжан. Қазақстанның халық ақыны Мәриям Хакімжанова осы кісіден туған. Кәкімжаннан Жақия. Жақиядан Едірес. Едірестен Ахметжан. Ахметжаннан Мұхамеджан.
Тоқтаболаттан Маралбай, Аралбай, Олжабай, Орынбай.
Даниярдан Құрманбай, Молдабай, Абызбай.
Достиярдан Беркімбай , Бексұлтан, Досан.
Маралбайдан Қорғанбек. Одан Үмітан. Одан Тұрсын, Ерсен, Ерік, Берік, Оңдасын.
Аралбайдан Мәсәлім. Мәсәлімнен Хасен.
Олжабайдан Әубәкір, Жақып, Сейдалы, Қасым.
Жақыптан Мағауия. Мағауиядан Тобыл, Төлебай, Байбатыр,Теміржан. Төлебайдан Руслан,Теміржан. Байбатырдан Ілияс.
Қасымнан Мағаз, Мүбәрак, Әнуарбек. Мағаздан Мұхамбетқазы, Балабай, Сайлаубай, Дүйсенбай. Мұхаметқазыдан Балтабай, Ербол, Дулат. Балтабайдан Тимур . Ерболдан Дәулет.
Балабайдан Алмат. Дүйсенбайдан Ермек.
Әнуардан Марат, Мұрат, Болат, Самат. Мараттан Қайрат,Мақсат.
Қайраттан Нұрсұлтан, Нұрлан. Мақсаттан Нұржан.
Мұраттан Талғат. Талғаттан Айдархан.
Болаттан Қанат. Қанаттан Асхат, Мирас.
Саматтан Азамат, Қуат.
Едірестен Жолдыбек. Сатыпалдыдан Оразғалым, Нұрғалым, Ғизат. Оразғалымнан Нұрғали.
Нұрғалымнан Қазақбай. Қазақбайдан Қайрат, Қазбек, Қадірбек. Ғизаттан Рақымберлі. Рақымберліден Серік пен Берік.
Молдабайдан Жаябай, Салымбай, Қарымбай туады. Салымбайдан Тағылы, Шәкір. Тағылыдан Дайыр. Дайырдан Сағындық. Шәкірден Асқар. Асқардан Рақымжан.
Абызбайдан Қартабай, Қартбай, Қазыбай туады. Қартабайдан Сүлеймен, Жағыпар. Сүлейменнен Ғаппас, Ғаппастан Мұқаш, одан Ілияс.
Жағыпардан Төлеу, одан Мұхаметқали,Сейітқали,Мәлік.
Қартбайдан Махамбет. Махамбеттен Абат. Одан Әмір. Одан Балтабай. Одан Нәсіл.
Ожаннан Байғазы, одан Нұрахмет, одан Есімжан. Есімжаннан Есімғазы, Ерлан, Дәулет, Жарасқан, Мирас. Ерланнан Ерсұлтан, Абдолла.
Күш атасы Қажымұқан Алтыбас руынан тарйды. Ғалым Ә.Қоңыратбаевтың жазғанына сүйенсек, 1946 жылы Қажымұқанның бір саусағының жуандығы 10 сантиметр болған.
Осыдан кейін тағы да А.Ташбаев шежіресі сөйлейді:
Әліден Қоржау, одан Есенқұл. Қожамқұлдан 2 бала: Құлмырза, Сазан. Шоқыдан Жамантымақ.
Мәмбеттен 2 бала: Сары, Қошқар (Төрт бектің біреуінен тұқым жоқ).
Сарының әйелінен 4 бала: Қалыбек, Келдібек, Әлібек.
2-ші әйелінен 3 бала Алдасбай, Қолдасбай, Атқабай.
3-ші әйелінен Қарағыз, одан Шоқанай.
Қалыбектен 2 бала: Тәттібай, Қарабас.
Келдібектен 2 бала: Жолқұтты, Қозыке.
Әлібектен 2 бала: Сатыбалды, Әбдірахман.
Қозыкеден 3 бала: Өтетілеу, Ақбан, Құлтық.
Сатыбалдыдан Бегімбет, мұнан 4 бала: Айтқожа, Тоққожа, Қақай, Кенжебай. Қақайдан Дулат, одан Иман.
Атақты Иман батыр осы. Иманнан 2 бала: Балық, Үдербай. Үдербайдан 4 бала: белгілі төңкерісшіл батыр Аманкелді, Бектепберген, Амантай, Есентай. Аманкелдіден Рамазан.
Әбдірахманнан 2 бала: Тілеулі, Қотыран. /Тілеулі 9 әйел алған, біреуінен тұқым жоқ/.
Тілеулінің 1-ші әйелінен 3 бала: Атақозы, Дәуітбай, Таңат.
Атақозыдан 9 бала: Санай, Қанай, Бабас, Жанас, Қожакелді, Қожас, Томағай, Болат, Найза. Найзадан 2 бала: Байсалды, Тағылы.
Тағылыдан 5 бала: Байсейіт, Жансейіт, Иманбай, Шудас, Матай. Таңаттың 1-ші әйелінен 3 бала: Айтбай, Сына, Мытай.
Айтбайдан 2 бала: Дәулікей, Бердікей. Бердікейден – Еркөз.
Сынадан 2 бала: Ақтайлақ, Боржы. Ақтайлақтан 4 бала: Ағыбай, Мәнібай, Тағыбай, Үркібай. Боржыдан 3 бала: Қайып, Төртуыл, Қалқаман.
Таңаттың 2-ші әйелінен 2 бала: Майлыбай, Тағыбай.
Таңаттың 3-ші әйелінен Тоқыш, одан Бәйтік, одан Дос, одан Әбдірахман.
Таңаттың 4-ші әйелінен 3 бала: Қойлыбай, Әжібай, Қазынабай.
Таңаттың 5-ші әйелінен 5 бала: Матай, Құттыбай, Төребек, Құдайберген, Сүттібай.
Тілеулінің 2-ші әйелінен 2 бала, Жоламан, Қосағыл.
Көзі үлкен болған соң Жапалақ деп аталып кеткен әйелінен Нияз туады. Нияз батырдың тұқымының біразы Ақмола жерінде. Ақмола атауы да оның есімімен байланысты деген дерек бар.
Журналист Мақсұтбек Сүлейменовтың деректерінде 1690 ж. туған деп көрсетілген Тілеулі батырдың қалмақ жасақтарына қарсы соғысы суреттеледі. Журналист жоғарыда аталған Жапалақ тама Есет батырдың қарындасы дегенді айтады.Орта жүз рулары Ресейдің қол астына кіргенде 1738 жылы жасалған құжатқа елу алты кісі қол қойса, қырық бесінші болып Жәнібек тархан, қырық алтыншы болып Тілеулі батыр қол қойған. Тілеулі Ор өзенінің бойында жорықта жүрген кезінде қайтыс болған. Батырдың бейіті Орынбор мен Ақтөбе аралығында, теміржол бойына жақын орналасқан.
Нияздан 5 бала: Айдарлы, Байдалы, Беркін, Ит, Күшік.
Айдарлыдан 6 бала: Жантай, Әжбентай, Алтай, Жабай, Жауқаш, Монтай.
Байдалыдан 4 бала: Түйтебек, Әжі, Балтабек, Балғабек.
Нияздың 2-ші әйелінен 2 бала: Айдарбек, Байғазы. Байғазыдан 4 бала: Биғаш, Тұяқ, Жақсылық, Тәртіп.
Тілеулінің 3-ші әйелі Нәнжілден 2 бала: Нарынбай, Толыбай. Толыбайдан 2 бала: Ес, Тоқта. Нарынбайдың 1-ші әйелінен 3 бала: Қотан, Ботан, Ожан. Қотаннан Кентімбай, одан Есіркеп, одан Әлмағанбет.
Бошаннан 2 бала: Найманбай, Жайсаңбай.
Ожаннан 3 бала: Қаратай, Шатанбай, Сауық. Шатанбайдан 3 бала: Мұқаметназар, Рақмет, Смағұл. Мұқаметназардан Ақмет, одан Құсайын. Рақметтен Әбдікәрім. Шатанбайдың 2-ші әйелінен Бақыт, одан Сансызбай, одан Қайырбек.
Нарынбайдың қалмақ әйелінен 3 бала: Атығай, Бекіш, Қарауыл. Қарауылдан Тоқтауыл. Бекіштен Құлатай.
Атығайдан 3 бала: Жәуке, Саржан, Тыным, мұнан Көтік.
Бекіт өлген соң әйелін Қарауыл алады, одан 3 бала: Нұртай, Қарпық, Ақбай. Нұртайдан Балқы. Қарпықтан Алдажан, одан Молболсын.
Жоғарыда айтылған Тілеулінің 4-ші әйелінен 2 бала: Айдапсал, Тастемір.
5-ші әйелінен Жайықбай.
6-шы қалмақ әйелінен 3 бала: Әмірқан, Әлдеқан, Шора.
7-ші әйелінен 2 бала: Елеман, Бүркітбай.
Жоғарыда айтылған Айдарлының 6 баласының бірі Жантайдан 3 бала: Байқожа, Айқожа, Тоққожа.
Байқожадан 3 бала: Қиқым, Ақан, Моқай. Қиқымнан Ысқақ. Ақаннан Бименде, Моқайдан Қамит.
Айдарлының тағы бір баласы Жанбайдан Жанқожа, мұнан 6 бала: Жанбосын, Байбосын, Жолмағанбет, Жанұлы, Құлтық, Оспан. Жанбосыннан 6 бала: Әбдіғапар (атақты әмір Әбдіғапар осы кісі), Нариман, Жағыпар, Әбдікәр, Әбдісадық, Әбдісалық.
Алтыстың 4 баласы Бөкейден Қаз туады. Қаздан Андағұл, одан Наурыз, одан 2 бала: Жолдыбек, Елшібай. Жолдыбектен 2 бала: Қарамырза, Сатай.
Елшібектен 2 бала: Әлкей, Малай, мұнан Жарлықамыс. Әлкейден Қияқ. Бөкейдің 3-ші баласы Кенжебайдан Қосай, мұнан 2 бала: Жайлықамыс, Әйкел, мұнан Бекбауыл, мұнан 5 бала: Бердіияз, Жамбай, Елке, Шора, Шіли. 9 қатын алған Тілеулінің інісі Қотыраннан 5 бала: Алтыбай, Жетібай, Бесбай, Бат, Сапан.
Жетібайдан 5 бала: Бәйтілеу, Жантелі, Жолти, Жәбек, Жолан.
Байтілеуден 2 бала: Тоқтамыс, Марал. Тоқтамыстан Мырзамсары, одан 4 бала: Байшөрен, Бекшөрен, Бекмағанбет, Байтас. Байтастан 3 бала: Әбіл, Әлмағанбет, Сүлеймен.
Маралдан Саржан, одан 2 бала: Сауғабай, Сүтемген. Маралдың 2-ші әйелінен 2 бала: Көптік, Манай.
Сүтемгеннен 4 бала: Ысқақ, Смаил, Исабай, Сатанбай. Сатанбайдан Нұрман, одан Жүсіп.
Көптіктен Дос, Манайдан Нұрпейіс, Жантеліден 4 бала: Самырбай, Мамырбай, Қадырбай, Құттыбай.
2-ші әйелінен 2 бала: Сары, Байназар, мұнан Бәкібай, одан Зікірия.
Мамырбайдан 4 бала: Қабанбай, Қарабай, Базарбай, Кәдірбай.
Қарабайдан 2 бала: Аманбай, Сиқым.
Кәдірбайдан 2 бала: Едірес, Балапан.
Сарыбайдан 3 бала: Қиқым, Аймағанбет, Өтебай.
Жолтидан 4 бала: Бекжан, Жанай, Бәйбек, Кенжебек. Бекжаннан Әлібек. Жанайдан Қонысбай.
Кіші әйелінен 3 бала: Быжық, Қарабай, Тұрлығұл. Бәйбектен 2 бала: Бәймен; Кенжебек, мұнан 3 бала: Түсіп, Есен, Қараман. Бәйбектің кіші әйелінен 2 бала: Назар, Айтбай.
Жетібайдың баласы Жәбектен 5 бала: Орал, Қораз, Байбол, Мануха, Айдабол. Оралдан 3 бала: Тоғытбай, Жандықбай, Байлы. Қораздан 3 бала: Жайлаубай, Сәрсенбай, Баршынбай. Байболдан 2 бала: Қарынбай, Барлыбай.
Манухадан 3 бала: Қыстаубай, Дүйсенбай, Үсенбай. Айдаболдан Әбділда.
Жетібай баласы Жоланнан 5 бала: Бәйет, Байбатыр, Әйет, Монти, Есеке. Кіші әйелінен 3 бала: Бәйімбет, Екібай, Байкенже.
Бәйеттен 3 бала: Бүкір, Қосшығұл, Шонан. Байбатырдан Жәки. Әйеттен Шынан. Монтидан 3 бала: Жарлықамыс, Ботқа, Алдаберген. Есекеден Аспан.
Қотыран баласы Баттан 6 бала: Малтақ, Жанақ, Шынан, Шәкіман, Сүйінтай, Қауғабас.
Малтақтан 3 бала: Бәйсу, Байсал, Елқонды.
Жанақтан 3 бала: Қатымтай, Қошым, Сағымбай. Қотыран баласы Сапаңнан 2 бала: Бұзау, Мырзасары. Бұзаудан 3 бала: Тілеу, Сарбас, Қартаңбай.
Мырзасарыдан Жансақал, одан 2 бала: Рахман, Монша.
Қотыран баласы Бесбайдан 5 бала: Байжан, Өмір, Ералы, Тәтен, Шалабай.
Байжаннан Тәтібек, одан 3 бала: Барлық, Балқы, Ақжан. Ақжаннан 3 бала:Жаманбала, Әлімбет, Құлымбет. Жаманбаладан 4 бала: Есмағанбет, Толыбек, Тұрлыбай, Бөлтірік.
Әлімбеттен 8 бала: Тасшан, Тұрлығұл, Тұрлыбай, Есет, Бозжігіт, Бірмағанбет, Ермағанбет, Нұрмағанбет.
Құлымбеттен 6 бала: Сайранбай, Түбек, Беген, Жаман, Жаманқұл, Қондыбай.
Байжанның 2-ші әйелінен 3 бала: Қайыпалды, Әжіқұл, Алсай.
Қайыпалдыдан 4 бала: Бұланбай, Қоңырбай, Шорман, Үмбетей.
Әжіқұлдан 3 бала: Талпақ, Райыс, Доспан.
Алсайдан 4 бала: Тобақабыл, Есенқабыл, Нұрбай, Бәубек. Өмірдің Түгелбайынан 3 бала: Төребек, Әуесбек, Әділбек. Төребектен 2 бала: Қаржас, Ермек.
Әділбектен 3 бала: Бөкенті, Сыздық, Жүніс.
Әуесбектен 2 бала: Ыбырай, Өткелбай. Өткелбайдан 2 бала: Аққошқар, Сқақ. Аққошқардан 3 бала: Ермағанбет, Тұрмағанбет, Жармағанбет.
Өмірдің кіші әйелінен Шырымбай, онан 2 бала: Шыныбек, Күней. Шыныбектен 4 бала: Уызбай, Қымызбай, Әбіжан, Смағұл. Күнейден 4 бала: Әлі, Бөрібас, Айған, Нұртаза. Ерубайдан 3 бала: Нұрқазы, Әбіл, Балқозы. Нұрқазыдан 3 бала: Едірес, Жақып, Сейітжан. Әбілден 2 бала: Атшабар, Садуақас.
Ералыдан 3 бала: Әйтімбет, Әжібек, Байболсын.
Әйтімбеттен 3 бала: Жазықбай, Боранбай, Тасмағанбет. Жазықбайдан 3 бала: Лақ, Өтепберген, Арық.
Боранбайдан 4 бала: Дос, Ақан, Нұржан, Сағындық.
Тәтеннен Әжібек, одан 4 бала: Ықылас, Шолан, Қалмырза, Досекей.
Бұлтың атаның ұрпақтары
Тоқтар бидің тұнғыш баласы Бұлтыңнан 5 бала: Күрлеуіт, Жолаба, Жетімкесек, Қызылшекпен, Әбілқасым.
Жолабадан 3 бала: Жанкелді, Көселбас, Тоқболат.
Жанкелдіден Орта жүзге билік айтқан атақты Бала би туады.
Көселбастан Ескене, одан 4 бала туады: Жәнібек, Алымса, Әлімқұл, Байқоңыр.
Бұлтыңның 3-ші баласы Жетімкесектен Сүйіндік, одан Жорабек туады, басқасы белгісіз, Бұлтыңның 4-ші баласы Қызылшекпен, мұның тарауы да белгісіз.
Бұлтыңның 5-ші баласы Әбілқасым.
Үш жүзге белгілі атақты Монтай би осы атадан шығады. Басқасы белгісіз.
Бұлтыңның 1-ші баласы Күрлеуіттен Көшен абыз туады, одан 3 бала: Сырымбет, Дат, Мейрамқұл.
Сырымбеттен 3 бала: Жолеке, Тамаса, Нұрет. Жолекеден Бекбауыл, одан 3 бала: Таңат, Жұмағұл. Өстемір. Өстемірден 3 бала: Нияз, Айтуған, Қалдар.
Нияздан 2 бала: Мыңжасар, Көпжасар.
Мыңжасар тұқымы Елібай деген жерде.
Көпжасардан 4 бала: Жаңабай, Қызбай, Таушолақ, Әлі.
Нияздың 2-ші әйелінен 7 бала: Байқожа, Биқожа, Атығай, Төлеген, Артықбай, Барлыбай, Көрпе.
3-ші әйелінен 2 бала: Меңдіқұл, Арызқұл. Байқожадан 3 бала: Бәйсеу, Сатбай, Сатыбалды.
Бәйсеуден Қайып, одан 2 бала: Тоқбай, Бисен.
Сатбайдың үлкен әйелінен 2 бала: Қонақбай, Жанақ.
2-ші әйелінен 7 бала: Қылыш, Садақ, Сары, Бекен, Әйдерке, Асан, Мендібай. Биқожадан Қисық, одан Түктібай.
Атығайдан 4 бала: Айбас, Табылды, Елтін, Жәнтін. Айбастың үлкен әйелінен 3 бала: Жұмат, Бөксік, Дәрке.
2-ші әйелінен 3 бала: Елеубай, Боранбай, Түменбай.
Табылдыдан 2 бала: Ізбасты, Бойдақ.
Елтіннен 2 бала: Жігіт, Қаракүшік.
Жәнтіннен 3 бала: Тілеуқабыл, Бозтай, Сандыбай.
Төлегеннен 4 бала: Байназар, Жұрым, Жүрке, Құл.
Артықбайдан 2 бала: Ескене, Сасық. Сасықтан Төлеген.
Барлыбайдан 4 бала: Қантөре, Бекжігіт, Тоқжігіт, Ақжігіт.
Көрпеден 5 бала: Ақпа, Арда, Айна, Есен, Бекен.
Меңдіқұлдан 4 бала: Байман, Телман, Саркөт, Қашаған.
Арызқұлдан 2 бала: Сары, Бердіқұл.
Айтуғаннан Тілеу, одан 2 бала: Естеміс, Көшек. Естемістен Тоқтар. Көшектен Байқозы, одан Омар. Қалдардан 2 бала: Жәменке, Аспантай. Жәменкеден Байбол, одан 2 бала: Атажан, Боражан. Атажаннан Төлеке, одан Мақыш. Мақыштан 8 бала: 1-ші әйелінен Нұрмағанбет, Есмағанбет, Сүлеймен, Рамазан.
Боражаннан 2 бала: Қарасай, Жә


