Автор: admin

— Мен «Қазақ тілі» қоғамының басшыла­ры­ның бірі ретінде жыл сайын бірінші қыркүйек қарсаңында «Қазақ мектептері жабылсын!» деген ұран тастап келемін. Ешбір елде, мәселен, Ресейде «русская школа», Өзбекстанда «узбек мактаби» дегендер жоқ. Болмаса, Сіз Парижде «француз мектебін», Лонданда «ағылшын мектебін» кездестіресіз бе?.. Сондықтан бізде де бір-ақ «мектеп» болу керек, ол мемлекеттік тілде оқытатын мектеп болу керек. Қалғаны іретіне қарай (ақылы, жексенбілік, факультетивті, т.б.) бола жатар… Содан қазір Алматы-Астанда саңырауқұлақша қаптай бастаған ақылы, элиталы мектептер мәселесіне назар аудару қажет-ақ. Өйткені жоғарғы билік пен бизнестегі тасы өрге өрмелеп тұрған орысқолдылардың немере-шөберелері осы мектептерді бітіріп, күні ертең басымызға әңгіртаяқ орнатпауын ойлалық… *** Мәселен, бірнеше…

Read More

Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды. Оған сәйкес, вице-президенттің өкілетіне өзге міндеттермен қатар “мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты саласындағы стратегиялық сипаттағы бастамаларды әзірлеп, президентке ұсыну”, “мемлекеттік органдармен, сонымен бірге саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде президент атынан өкілдік ету” кіреді. Өз кезегінде вице-президент: өз өкілеті аясында өкім шығара алады; өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарға тапсырма бере алады; мемлекеттік органдардан және лауазымды адамдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрата алады. 31 тамызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Қаринді Қазақстанның вице-президенті лауазымына тағайындады. Қазақстанда биыл шілде айында күшіне енген жаңа Конституция…

Read More

Мәскеуде АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы уәкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер қатысқан келіссөзге АҚШ қаржы министрлігіндегі санкция саясатына жетекшілік ететін Джин Ланг та қатысқан. Бұл жөнінде Axios басылымы жазды. Басылымның жазуынша, Ланг Ресей президентінің арнайы уәкілдерімен кездесуге қатысқан, алайда Владимир Путинмен кездесуде болмаған. Лангтың қатысуы келіссөз кезінде АҚШ-тың Ресейге қарсы санкциясы да талқылағанын айғақтайды деп жазды басылым. Өткен аптада АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент Ресей Украинадағы соғысты тоқтатпайынша Вашингтон Мәскеуге қарсы санкциясын жұмсартпайды деп мәлімдеген. Азаттық радиосы

Read More