Қазақстан футбол федерациясы Джон ван ’т Шкиппен ұлттық құраманың бас бапкері ретінде жұмыс істеу туралы келісімге келді. Маманның тағайындалуы федерация жарғысына сәйкес КФФ Атқарушы комитетімен келісілгеннен кейін ресми түрде рәсімделеді. КФФ Атқарушы комитетінің отырысынан кейін бапкермен келісімшартқа қол қойылады. Футболшы ретінде Джон ван ’т Шкип Амстердамның «Аякс» және Италияның «Дженоа» клубтарында өнер көрсетіп, Нидерланд құрамасында ойнады. Ұлттық құрамамен бірге 1988 жылғы Еуропа чемпионы атанды. Бапкерлік жолын «Аякстың» жүйесінде бастап, бас бапкері қызметін атқарды. Сондай-ақ «Твенте», «Зволле», Мексиканың «Гвадалахара» және Аустралияның «Мельбурн Сити» командаларының тізгінін ұстады. 2016 жылы «Мельбурн Сити» клубымен бірге Аустралия кубогын жеңіп алды. Халықаралық деңгейде Джон ван ’т…
Автор: admin
Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына…
Егер сіз мемлекеттік органдарда, квазимемлекеттік компанияларда жұмыс істейтін және қазақ тіліне жаны ашитын адам болсаңыз, бірақ “қолымнан не келеді?” деп ойлап жүрсеңіз, онда осы постты оқыңыз. Себебі үлкен тіл реформасы бәрін басқаратын бір адамның ғажайып шешіміне келіп тірелмейді, ол күн сайын кабинеттерде қабылданатын мыңдаған шешімнен бастау алады. Қазақ тілінің мемлекетті басқарудағы орны дәл солай қалыптасады. Ол орын министрлікте дайындалған бір құжаттан, әкімдікте өткен бір кеңестен, ұлттық компанияда жазылған бір техникалық сипаттамадан, маман жолдаған бір қызметтік хаттан басталады. Мысалы сіз министр, әкім, вице-министр, аппарат басшысы немесе департамент директоры болсаңыз: — құжаттың бастапқы нұсқасын қазақша дайындау тәртібін енгізіңіз — күн тәртібін, баяндама…

