http://youtu.be/r4tL938ZRuI kerey.kz
Автор: admin
Нысанды аралау барысында Мемлекет басшысы елеулі жетістіктермен және университетте жүзеге асырылып жатқан ғылыми-инновациялық қызметтің нәтижелерімен танысты-деп хабарлайды президент баспасөз қызметі. Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаевқа геномдық зертхана және персоналды медицина жұмысы көрсетілді. Қазақстан Президенті сондай-ақ биосенсорлар мен биоқұралдар, ағысты цитометриялар, иммунобиология және микроскопия зертханаларын аралап көрді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы NURIS технопаркінде университеттің оқытушылары мен студенттері әзірлеген жоғары технологиялы жобаларымен танысты. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев ғылыми қызметкерлердің атқарған жұмысына жоғары баға берді. Қазақстан Президенті сондай-ақ «NURIS» және Өмір туралы ғылымдар орталығы ғалымдарының ғылыми зерттеулерінің нәтижелері еліміздің игілігіне, оның дамуы мен халқын сауықтыру үшін тиімді пайдаланылуы тиіс екенін атап өтті. Бүгінде Назарбаев…
Алматы облысында десанттық-шабуыл бригадасының басшылық және жеке құрамы ҚР ҚК ҚӘ Аэроұтқыр әскерлері 32363 әскери бөлімінде жауынгерлік атысқа қатысуда. Десантшылар взвод құрамында атыс қаруынан ату, брон-транспортерді ұрыста қолдану, сондай-ақ жарықшақты қол гранаталарын лақтыру ерекшеліктерін меңгеруде. 10-20 ақпан аралығында жауынгерлік атыстар бөлімшелер құрамында өтсе, ал наурыз бен сәуір айларында осы тәжірибелік сабақтар әскери бөлімнің роталары мен батальондарын тартумен өткізіледі. Осылайша, кезеңдік жауынгерлік жаттықтыру және барлық деңгейдегі іс-қимылды әзірлеу бөлімшелерден батальондарға біртіндеп ауыса отырып өткізіледі. Шартты жауынгерлік тапсырманы орындау келешекте оқу-жаттығулар барысында кіші және үлкен құрамаларда жеке құрамның жаттыққан, айқын және жылдам іс-қимылына қол жеткізуге мүмкіншілік береді. Осындай жауынгерлік атыстар оқу жоспарына…

