Наурыз айындағы мерекелерде қазақстандықтар 8 күн демалады, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінен. «Мемлекеттік мереке «Халықаралық әйелдер күні» — 8 наурыз — жексенбі, демалыс күнге сай келеді, демек демалыс күн дүйсенбіге ауыстырылады», — делінген бейсенбі күні агенттік сауалына берген жауапта. Одан басқа, ведомство мәліметтерінше, Наурыз мейрамында Қазақстан азаматтары 5 күн демалады. «Мемлекеттік мереке «Наурыз мейрамы» 21 – 23 наурызда аталып өтіледі, олардан 21 және 22 наурыз сенбі жексенбіге сай келеді. Демек аталған демалыс күндері 24 және 25 наурызға көшіріледі», — делінген министрлік берген жауапта. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға сай демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда…
Автор: admin
Бұл жөнінде бүгін БАҚ өкілдерімен кездесу барысында театр және кино актері Азамат Сатыбалды айтты. — Қазақ хандығының 550 жылдығы биылғы жылдың үлкен бастамасы. Елбасының өзі қолдап, ұсыныс беріп үлкен туынды жасалып жатыр. Оны түсіру бойынша жұмыстар енді-енді басталуда. Оны Рүстем Әбдірашев түсіретін болды. 10 немесе 12 бөлімнен тұратын болды. Шынын айтсақ актерлерді әлі кастинге шақырған жоқ. Кастинг сәл кешірек болады. Қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Әрине ондай тарихи, қазақтың тарихында қалатын киноларға түсуді әрқайсысымыз армандаймыз. Тіпті кастинге барып таласамыз да, жарысамыз да. Бірақ іштей ішімізден шынымен де кезіндегі батырларға келетін, болмысы ұқсайтын актерлер өтсе екен деп ойлаймыз. Өйткені оны…
Hаурыздың 1-і күні Астанада өткен футболдан Қазақстан суперкубогы үшін өткен матчта ел чемпионы «Астана» мен Қазақстан кубогынің иегері «Қайрат» командалары кездесті. Ойынның негізгі уақыты мен қосымша уақытта да есеп ашылмады. Матчтан кейінгі пенальти бойынша «Астана» 3:2 есебімен жеңіске жетті.

