Автор: admin

Кезінде Канаданың экс-премьер-ми­нистрі Ж.Кретьен: «Канада – АҚШ-тың көр­шісі. Алпауыт елдердің дамуы көрші елге дем бергенмен, оның екінші қыры тағы бар. Алып көршілер ұйықтап жатқан піл тәрізді. Ұйқысырап жатып бері қарай аунап түссе, табанының астында жаншылып қаламыз ба деген қауіп маған маза бермейді» деген еді. Ал біздің екі алып көршіміз – Қы­тай мен Ресей. Әңгімемізді шығыс көршіміз туралы өрбітсек. Қытайдың экономикасы соңғы 30 жылда 10% көрсеткішпен өсіп отырды, 8 саяси партиясы бар, нақты 1949 жылдан  бастап билік басында  бір партия «Қытай коммунистік партиясы» басқарады, депуттарының саны – 2979. ҚХР – Азия құрлығының шығысы мен Тынық мұхиттың батыс жағалауына орналасқан алпауыт ел.…

Read More

 Ел басы Нұрсұлтан Назарбаев 25 ақпанда Қазақстан халқына жолдаған видео үндеуінде, 2015 жылы 26 сәуірде кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойғанын мәлімдеді. Нұрсұлтан Назарбаев 25 ақпанда Астанада сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыпов және премьер-министр Кәрім Мәсімовпен президент сайлауын өткізу мәселесін талқылаған еді. Кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы бастаманы ақпанның 14-інде Астанада өткен кеңесте Қазақстан халқы ассамблеясы көтерген. Ассамблея ұсынысын парламент мәжілісі мен сенаты, саяси партиялардың көпшілігі қолдағандарын мәлімдеген.

Read More

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон. Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон өз елі Украинаға ресейшіл сепаратистермен соғысып жатқан үкімет әскерін дайындау үшін әскери қызметшілерін жіберетінін мәлімдеді- деп хабарлайды Азаттық радиосы. «Келесі айда біз Украина жағының сұрауы бойынша тактикалық барлау, логистикалық қамтамасыз ету, медициналық көмек қызметтеріне даярлау үшін британ әскерилерін жөнелтеміз» деді ақпанның 24-інде парламент депутаттары алдында cөйлеген Кэмерон. Ол британдық әскерилер қызметшілер Украинадағы әскери іс-қимылдарға араласпайтынын айтқанымен, болашақта Украинаға қару-жарақ түрінде көмек көрсетілуі мүмкін екенін жоққа шығармады. «Ресейге қарсы тұра алмаушылық барлығымызға зардабын тигізетін тұрақсыздықққа әкеп соқтырады» деген Ұлыбритания премьері. azattyq.org

Read More