1598 жылы Тәуекел хан мен оның інісі Есім сұлтанның Мәуреннахрға жасаған сәтті жорығының нәтижесінде Түркістан, Ташкент, Ферғана шаһарлары Қазақ хандығының құрамына қосылды. Шайбани әулеті ыдырап, орнына билік құру үшін басқа әулет (Аштархан әулеті) келді. Бұл Қазақ хандығының экономикалық жағынан күшеюіне және Орта Азиядағы мемлекет шекарасының бекіп, тұрақтануына аса күшті ықпал етті. 1598 жылы Бұхарамен жасасқан екіжақты шарт бойынша, Сырдарияның орта ағысы бойындағы барлық қалалармен бірге Ташкент те Қазақ хандығына қарады. XVII ғасырдағы Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы мазасыз күйде қалып, ел билеушілердің өзара кикілжің тартыстары күшейе түсті. Тәуекел хан қазақ тапқаннан кейін билік Есім ханның қолына көшті, Ташкентте Хақназардың немере…
Автор: admin
Моңғолия мұсылмандар одағының төрағасы Батырбек қажы Қадысұлы Алматыдағы имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында имамдармен кездесіп, осы жоғарғы оқу ордасының тыныс-тіршілігімен танысты. Қадірменді қонақ кездесу барысында Моңғолия мұсылмандар одағының еңсерілген еңбектерін баяндап, дін мерейін үстем етудегі ілім алудың орны зор екендігіне тоқтады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Моңғолия мұсылмандар одағының жемісті ынтымақтастығының арқасында, осынау ілім ордасында ілім алған имамдар жемісті еңбек етіп жатқаны, болашақта да имамдар санын көбейтуді көздейтінін мәлімдеді. Институт директоры Кенжәлі Мырзабаевтың басқаруындағы институттың имамдарға барлық жағдайдың жасалғанын көріп, еңбегіне ризалығын білдірді. baq.kz
Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери бөлімдерінде әскери қызметшілердің әскерлердің шартты орналасқан жерлеріне әскери техникалар мен жеке құрамды көшіру бойынша жауынгерлік тапсырмаларды орындауға әзірлігі ұдайы тексеріледі. Әскери бөлім дабыл бойынша жауынгерлік әзірлікке келтіріліп, әскери техника легі белгіленген ауданға аттанады. Әскери қызметшілер шартты орынға келе салысымен әскери қызметшілерді қамтамасыз етуге қажетті далалық лагерь: басқару пункті, медициналық пункт, далалық асхана, мәдени-сауық орталығы және т.б. өрістетуі қажет. Жолдың ұзақтығы бірнеше жүздеген километрге дейін созылуы мүмкін. Сондықтан, жеке құрам жауынгерлік міндеттерді сапалы әрі жедел орындау үшін, әр жауынгер өзі жасайтын іс-қимылды анық білуі қажет. Осындай марштарды жасай алу – әскерлердің басты дағдыларының бірі болып табылады. Осындай…

