Автор: admin

 BNews.kz  Атырауда экстремизмді насихаттады деген күдікпен 16 жасында екі әйел алып үлгерген жеткіншек сот алдында жауап беруде, деп жазады Экспресс-К басылымы.  Бұл ерекше құбылыс туралы Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов бұқара алдында берген есебінде мәлім етті. Оның айтуынша, жеткіншектің бірінші әйелі бүгінде үшінші баласына жүкті екен. Үш баланың әкесі бола тұра, боз бала бәйбішесімен мүлде араласпайтын көрінеді. Әкімнің айтуынша, дәстүрден тыс діни ағымдарды уағыздайтын жастардың көбінде мектепте оқығанына басқа жоғары білімі де, жұмысы да жоқ екен. Бұған дейін облыстық прокуратура Атырау өңірінде шетелден діни білім алып келген елуден аса тұрғын барын мәлім еткен болатын. Өткен жылы прокуратура мен басқа да мемлекеттік органдардың ұйымдастыруымен…

Read More

Қолдады, бірақ бір депутат қарсы шығып әріптестерін таң қалдырды. Өйткені, кез-келген  заң жобасын бірауыздан қолдап  үйренген сенаторлар, президент сайлауына келгенде бір депутат қарсы дауыс береді деп ойламаса керек.Кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы бастаманы бүгін сенат депутаттары да қолдады. Бірақ әдеттегідей бірауыздан емес, бір депутат қарсы болды. Сонда бүкіл ел болып құптап жатқан саяси науқанға келіспеген кім? Және 1 сағат өтпей ол сенатор неге райынан қайтты? Сенат отырысындағы сайлауға қолдауды әріптесіміз Бақытнұр Әлібай сабақтасын.Бәрі әдеттегідей басталды. Күн тәртібіндегі ең бірінші мәселе – Қазақстан халқы ассамблеясының кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы бастамасы.Әлемде беделі артып отырған Қазақстанның қол жеткізген биік белестерін…

Read More

      «Қатира» деп Қытай қазақтары қойындәптерді айтады екен. Ал түрік тілінде бұл сөз «естелік» деген мағынаны беретін болып шықты. Біз қатираны естелікті жазып қоятын қойын дәптер деген мағынада алып отырмыз. Яғни, Қарқаралы – қазақтың тарихи сәттері жазылған қойын дәптері. Қазір, өзіңіз соған көз жеткізесіз. Алдымен, Құнанбай қажы мешіті туралы айтсақ. Қажының өзі салдырып, Совет үкіметі орнағанға дейін жамағат намаз оқыған, кейін жабылып, Тәуелсіздік келгеннен кейін бір-ақ ашылған мешітте үш бөлме бар. Баспалдақ арқылы мұнараға шығуға болады. Мешіттің Совет үкіметі орнағанға дейінгі көрінісі. Мешітке жақын жерде Абай тоқтаған үй бар. Әйгілі Бекметовтердің үйі болған бұл ғимарат қазір Қарқаралы саз мектебі. Абай…

Read More