Автор: admin

– Дулат аға, өзіңіз шығарып отырған «Мәдениет» журналына он жыл толып отыр екен, алғашқы мерейтойларыңыз құтты болсын! Редакция ұжымына шығармашылық табыс тілейміз. Он жыл дегеніңіз де бір белес, алдымен өткенге шағын шолу жасап шықсаңыз. – «Мәдениет» журналы шыға бастаған он жыл ішінде республикаға белгілі болып, қалың көпшіліктің көңілінен шыққан басылымдардың біріне айналып отыр. Әуел баста бұл журнал қазақтың Мәдениет және Өнертану ғылыми-зерттеу институтының жанынан әр тоқсан сайын бір шығатын ғылыми-сараптамалық хабаршы ретінде жарық көріп келген болатын. Ол кезде мен аталмыш институттың директоры едім. Күндердің күнінде сол кездегі Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары боп қызмет етіп жүрген қазіргі министріміз Арыстанбек Мұхамедиұлы…

Read More

Палестинаның азаттығы үшін күрескер Ясыр Арафат 2004 жылы 11 қазанда 75 жасында Париж қаласындағы әскери гостипалда көз жұмған еді. Бұл қайраткердің ажалы жайлы жақында швейцариялық мамандар жаңа дерек жариялады. Яғни, Лозанна қаласындағы ядро физика институтының мамандары Арафат марқұм қолданған заттар мен киім-кешекті зерттеу кезінде жаңа дерек анықтаған. Олардың тұспалы бойынша Арафат полони-210 дейтін аса улы химиялық элементтің әсерінен өлген. Институт басшысы Франсуа Бошудың (Francois Bochud) айтуына қарағанда, Арафат қолданған тіс шөткесінен 54 мБк (миллибеккерель), іш киімінен 180 мБк көлемінде улы заттың ізі табылған. Бұл дүниелерді зерттеуге жіберген қайраткердің қазіргі жесірі. Бұл ақпарат Катардың «Әл-Жазира» телеканалы арқылы әлемге жарияланды. ХАМАС тобы…

Read More

Ескі жыл кешін шығарып салу моңғол халқының ұлы мейрамы Шағанның алдынғы күні қызыл шұнақ аязды қыстың аяғы, ескі жылдың соңғы күніне дөп келеді. Бұл күні аспанда ай қорғалап, түн қараңғы болады. «Битүү» немесе ескі жылдың кешінің алдында халық киетін ұлттық шапанын, мінетін атын әзірлеп, отырған қонысын, тұратын үйін тазалап, әйелдер бет әлпетін, шашын жөндеп, пештің күлін шығарады. Кешке үйдің оң жақ босағасына үш қауырсын шаншылады. Мұны халық ақ қасқа қашырға мінген «Балданлхам бұрхан» көзді ашып жұмғанша ғаламды айналып келіп, адамдарға бақ пен бақыт, ырыс пен құт сыйлап, көлігін сусындатады деп ырымдап қояды. Тәңірдің шаңыраққа енуіне жол ашу үшін маңдайшаның дәл…

Read More