Автор: admin

Мемлекеттер басшылары Украина дағдарысын реттеуге байланысты өткен Минск кездесуінің қорытындыларын талқылады. Украинаның оңтүстік-шығысындағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу үдерісін ілгерілетуге қосқан жеке қомақты үлесі үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтқан Украина Президенті осы бағытта одан әрі қарай күш-жігер жұмсай беруін өтінді. П.Порошенко Украина жағы оқ атуды белгіленген уақытта тоқтататынына сендіре отырып, екінші жақтың да осылай әрекет етуі қажет екендігіне назар аударды. Қазақстан Президенті қақтығысып жатқан тараптар Минск келісімінде қабылданған кешенді шаралардың мүлтіксіз орындалуын  қамтамасыз еткені маңызды екенін айтты. Бүкіл әлем осыны күтіп отыр. Телефон арқылы сөйлесуге Украина жағы бастамашы болды. Ақорда баспа сөз қызметі

Read More

1465 жылы құрылған, Қазақ хандығының тарихы сан қырлы. Жаңадан құрылған жас мемлекеттің әу бастағы аумағы ат тоқымындай ғана жер болғанымен, кейін оның аумағы кеңейіп, басында 200 мың ғана болған халқы миллионға жете бастайды. Қазақ хандығының іргесі бекіп, аумағы кеңейе бастағанымен оның саяси құрылымы да күрделене түседі. Шыңғыс хан заманынан басталған билікке талас, өзара қырқыс бұл жерде қылаң береді. Бір өкініштісі хандық құрылған кезге байланысты тарихи құжаттар жоқтың қасы. Мұхамед Хайдар Дулати жазған «Тарихи Рашиди» еңбегінен басқа сүйенер деректер тым аз. Кейін қазақ даласы Ресей империясының құрамына қосылған сәттерден бастап, көп дүниелер қағазға түсіп қаттала бастады. Бүгін біз, ұсынғалы отырған құжаттар Ресейдің Омбы қаласындағы мұрағаттардан әкелінген. Мұнда 1781 жылы Абылай хан өлімінен соң, Орынбор генерал-губернатор И. В. Якобиға жазылған мәлімдеме беріліп отыр. Мәлімдемеде Абылай өлімінен соң…

Read More

Басты бас табаққа салып, сыйлы қонаққа немесе үлкен қарияға ұсынады. Ол басқа бата жасайды. «Біссімілдә» деп басты езуінен бастап кеседі. Онан соң оң құлағын кеседі де, сол үйдің баласын береді. Кейде үй егесі қойдың оң құлағын кесіп алып келеді. Ондайда қойдың сол құлағын кесіп, дастархан басында отырған кішіге ұсынады. Себебі, қойдың құлағында береке бар деп ырымдайды. Береке жас баланың басына қонсын деп жасы кішіге ұсынады. Басты жапырақтап кесіп, айнала отырғандарға береді. Бұл – «басымыз аман болсын», «несібеміз, ырысымыз бір болсын» деген ырым. Қойдың көзін тек бір адамға ұсынады. Екі адамға ұсынса, бір-біріне ала көз болады, өшігеді дейді. Қой Ыбырайым мен…

Read More