Автор: admin

Жаңабек Жақсығалиев, тарих ғылымдарының кандидаты …Тоғызыншы тілек тілеңіз, Төреңіз тақтан таймасқа. …Жаулаған ханын қара оңбас, Хан қисайса бәрі оңбас. (Бұқар жырау Қалқаманұлы) Биыл алты алаштың ардақтыларына айналған, «қара қазан, сары баланың қамы үшін» ақ алмас қылыштың жүзін­дей жарқылдаған қос тарлан Иса­тай Тайманұлы мен Махамбет Өте­міс­ұлы­ның мерейтойлары аталып өтті. Азаттық жолында басын берген қос баһа­дүрдің жанкешті күресін тиісті дәре­жеде дәріптей алмай жүргеніміз өкі­нішті. Оның сан алуан себептері бар. Сөз басы Исатай-Махамбет тарихы қозғалған кезде біз бәрібір Жәңгір хан есімін айналып өте алмаймыз. Ел тәуелсіздігімен  бірге Бөкей Ордасының  соңғы ханы Жәңгірдің де саяси портреті қайта сомдалып, егемендіктің елең-алаңында, ғылыми дәйектерінің әлсіз­дігіне қарамастан…

Read More

Қазақ кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам өзінің 19-кездесуін 1 наурызда Мәскеуде өткізеді. Ол Гуидо Николас Питтомен (Аргентина) кездеседі. Бұл кездесуде жеңіске жеткен боксшы орта салмақта WBA International чемпиондық атағын иеленеді. 27 жастағы Питто 22 кездесу өткізіп, 19 матчта жеңіп, үшеуінде жеңілген. Ал 31 жастағы Қанат Ислам 18 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Қанат Ислам 18-кездесуін 2014 жылы тамызда өткізіп, колумбиялық  Фидель Монтеррос Муньосты жеңген еді. Қытайда туған этникалық қазақ Қанат Ислам 2008 жылы Пекин олимпиадасына сол елдің атынан қатысып, қола жүлде иеленген. Ол 2010 жылы Қазақстан азаматтығын алып, «Астана арландары» клубында бокстасып жүрді. Боксшы 2012 жылы Лондон олимпиадасына атажұртының атынан қатысуына байланысты…

Read More

Нұрсұлтан Назарбаев пен Ангела Меркель Ресей, Украина, Франция президенттерінің және Германия Канцлерінің Минскіде «норманд форматында» өткен келіссөздерінің қорытындысы туралы сөйлесті. Мемлекет басшысы Минск кездесуінің табысты аяқталуына Федералдық канцлердің қомақты үлес қосқанын атап өтті. А.Меркель Украинаның оңтүстік-шығысындағы қақтығысты бейбіт реттеу үдерісін ілгерілетудегі Нұрсұлтан Назарбаевтың  күш-жігерінің маңыздылығына тоқталды және «норманд төрттігінің» кездесуін Астанада өткізу мүмкіндігін атай отырып, осы маңызды жұмысты жалғастыруды өтінді. Мемлекеттер басшылары барлық тараптың бейбіт үдерісті қамтамасыз етуге жұмсаған күш-жігері Украинадағы дағдарысты реттеуге септігін тигізеді деп үміттенетіндерін айтты. Сондай-ақ тараптар Қазақстан — Германия ынтымақтастығының деңгейі жоғары екенін қанағаттанушылықпен атап өтті. Телефон арқылы сөйлесуге Германия жағы бастамашылық етті. akorda.kz

Read More