Автор: admin

Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан Премьер-министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, — деп хабарлайды nomadtimes.kz/ тілшісі. Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Нұрлыбек Машбекұлы жаңа лауазымға кірісіп, бұған дейінгі қызметінен босатылды. Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Білімі бойынша аграрлық және заң салаларын меңгерген. Сонымен қатар Ресейдегі мемлекеттік басқару академиясында білімін жетілдірген. Еңбек жолын 1997 жылы мұнай өнімдері саласында сарапшы ретінде бастаған. Кейін жеке секторда басшылық қызметтер атқарды. Мемлекеттік қызметтегі мансабында Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, облыс әкімі аппаратының басшысы, Шиелі ауданының әкімі, Қызылорда қаласының әкімі секілді маңызды қызметтерді атқарған. Сондай-ақ Үкімет құрылымында өңірлік даму бағыты бойынша жауапты қызметте болды. 2022 жылдан бастап Қызылорда…

Read More

Мемлекет басшысына ЕЭК қызметінің басты бағыттары және Қазақстанның 2026 жылы Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалығы барысында іске асырылатын жобалар жайында баяндалды,- деп хабарлайды  nomadtimes.kz/ тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Сондай-ақ Президентке ЕАЭО аясында жасанды интеллектіні жауапкершілікпен дамыту жөніндегі Бірлескен мәлімдемені әзірлеу жұмыстарының аяқталғаны туралы айтылды. Құжат экономика саласындағы жасанды интеллект технологияларын дамыту бойынша интеграциялық бірлестік елдері ынтымақтастығының негізгі бағыттарын айқындайды. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа 28-29 мамыр күндері Астанада өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысына және V Еуразиялық экономикалық форумға дайындық барысы туралы ақпарат берілді.

Read More

Алматы қаласы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қолға алған Defense Tech жобасы таныстырылды,- деп хабарлайды  nomadtimes.kz/ тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Defense Tech бастамасы Қарулы Күштердің және ұлттық қауіпсіздік жүйесінің қажеттілігі үшін отандық технологиялық шешімдерді анықтау, іріктеу және жедел дамыту жөніндегі инновациялық экожүйе құруды көздейді. Жоба аясында инновациялық командалармен және ғылыми-техникалық ұйымдармен тұрақты жұмыс механизмі қалыптасады. Astana Hub алаңында Defense Tech үйлестіру кеңсесі ұйымдастырылған. Бұл Қорғаныс министрлігі, технологиялық кәсіпкерлер, ғылыми ұйымдар және индустриалдық серіктестер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Бастаманы ілгерілету аясында Алматыдағы Армия Үйі базасында мультифункциональды инновациялық хаб – Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығы ашылды. Мұнда отандық…

Read More