Алматы жастары Метрода Абай әндерін шырқады. «Абай жолы» атты флеш-мобты қалалық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма жанындағы Жастар саясатын дамыту Мемлекеттік қоры ұйымдастырды.100-ге тарта жас өрен Байқоңыр стансасынан Абай стансасына дейінгі аралықта жолаушыларға тегін концерт ұйымдастырып, домбырамен ақын Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін әуелете шырқады. Абай стансасында Т.Жүргенов атындағы Өнер Академиясы жанындағы колледж бен Қыздар педагогикалық университетінің студенттері «Желсіз түнде жарық ай» туындысын орындады. «ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жақында жастар туралы заң қабылдаған болатын. Жаңа заңнамада 3-бап бізге серпін берді. Онда Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты жастардың рухани, мәдени, бiлiм алуы, кәсiби қалыптасуы мен дене тәрбиесiн дамытуы үшiн әлеуметтiк-экономикалық, құқықтық,…
Автор: admin
Шетелден Қазақстанға оралған этникалық қазақтарды Қазақстанда тұрақты тұруға ықтиярхат алған күннен бастап бір жыл ішінде азаматтық алуға міндеттеу қарастырылып жатыр. Бұл жайында бүгін мәжілісте миграция және тұрғындарды жұмыспен қамту туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жайлы заң жобасын таныстырған денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Дәулет Арғандықов мәлімдеді. — Қазақстанда тұруға ықтиярхат алуға шамамен үш ай уақыт кетеді. Бүгін біз бұл тәртіпті өзгертіп, бірден ықтиярхат беруді ұсыныс отырмыз. Бізде қазір оралмандар тұрып жатқанына төрт жыл толғаннан соң ғана азаматтық алуға өтініш бере алады. Біз бұл тәртіпті өзгертіп, бір жыл ішінде өтініш беруге міндеттейміз. Егер оралман бір жыл ішінде азаматтық алуға өтініш бермесе,…
Ақпанның 11 күні Сүлейман Демирел Университетінде халық арасында есімі кеңінен танылған кәсіби журналист, «Шынның жүзі» бағдарламасының портретіне айналған Қасым Аманжол филология факультетінің студенттерімен жүздесті. Тілшілердің жаңа буыны журналистиканың жілік майын сіңірген маманның көңілінен шыға қоймағанын да кездесуден кейінгі берген сұхбатында айтып қалды. Күллі әлемнің назарын өзіне қаратқан Украина шығысындағы майданда болып, сұрапыл соғыстың суық ызғарын сезініп, атамекенге аман оралған Қасым Аманжол СДУ Журналистика кафедрасының арнайы шақыртуымен көгілдір шаңырағымыздың қонағы болып қайтты. Жүздесуге тек жас журналистер ғана емес, сонымен қатар, филология мамандығының тәлім алушылары қатысып, оқытушы-профессорлық құрамның да өкілдері дәріс залынан табылды. Негізінен, жиын сұрақ-жауап ретінде өтті. Көкейді паналаған сұрақтардың…

