Автор: admin

Қыз едің аңқау, боқмұрын, Қылығың тәтті жоқ бүгін. Өзгеріп, қалқам, кетіпсің, Қолыңда шылым, оттығың. Сырласың — сыра, жаныңда, Өткенің ұмыт, сағым ба? Бұлыңғыр дүние секілді, Бұлыңғыр болашағыңда. Қарайтын жігіт бөрікті, Қыз едің тұйық, көрікті. Бір өзің ғана сұлудай, Мінезің пайда болыпты. Салдырып сурет тәніңе, Тапқаның ойлап тағы не? Тартымдымын деп ойларсын, Уақытша, қалқам, бәрі де. Сүйкімді ең бала күніңде, Бүгіншіл болма бүгінде. Іздесең бақыт түбінде, Бүлінбе, қайта күлімде. Бір тылсым мұң бар көзіңде, Бір салқын леп бар сөзіңде. Қызыққа арзан арбалып, Арзандап кетпе өзің де. Қыз едің аңқау, боқмұрын, Игі емес жалған шоқтығың. Арыға кетіп қалмашы, Арыңнаң басқа жоқ құның!…

Read More

Бүгін Ә.Қастеев атындағы өнер музейінде Орта Азия суретшілерінің көшбасшыларының бірінен саналатын Ербосын Мелдібековтың туындыларының «Шеңбер бойымен» деп аталатын көрмесі өтті. Осы бір ешкімге ұқсамайтын ерекше қолтаңбасы бар, шетелдерде аса танымал суретшінің шығармаларының материалдары — ағаш, металл, балшық, шайыр, мүйіз, сүйек, қола, тері, қыл, гипс, қағаз, т.б. болуының өзі біраз жайды аңғартса керек. Сондай-ақ, оның туындылары қатарында видео, фотоматериалдар да аз емес. Тақырыптары «Ер-тоқымның пайда болуы» (инсталляция, ағаш, балшық, видео), «Пол Пот сериясы»(түрлі-түсті фотография) , «Қара төртбұрыш» (видео), «…бай-батырлар» (эпоксидті шайыр), «Түркімен кілеміндегі алтын сым» (металл щеткасы, тері, алтын сым), «Аллергия» (видео), «Түкірік» (видео), «Шу-чу» (видео), «Таңба» (инсталляция, тері), «Коммунизм шыңы» (инсталляция,…

Read More

Жошы ханның өлімі төңірегінде алып қашпа әңгіме көп. Олай болуы Жошы өлімінің кездейсоқтығында ма деп ойлаймын. Оқиға былай болған. Шыңғысхан 1225 жылдың күзінде Хорезм жорығынан атамекеніне қайтып оралып, Туланың қара орманында хан ордасын тігеді. Келе сала алда тұрған Тангут (Си Ся) жорығына  қамдана бастайды. Жорыққа байланысты ол өз ұлдары және қолбасшы, кеңесшілерін қара шаңырақта бас қосуға шақырады. Жошы «Денсаулығының ақаулығына» байланысты бұл жолы да келе алмады. Бірақ Хорезмнен келген Шағатай «Жошы қыпшақтарды жақын тартып алғаны соншалық ол ата жұртынан іргесін алысқа салып қана қоймай тіптен қара шаңыраққа қарсы бағытталған әрекет жасауы ықтимал», — деген хабар жеткізеді. Оның үстіне дәл осы…

Read More