Отырыста осы жылға және орта мерзімді перспективаға арналған экономикалық саясаттың нақты шаралары айқындалды. Іс-шара барысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Б.Сағынтаев, Премьер-Министрдің орынбасары Б.Сапарбаев, инвестиция және даму министрі Ә.Исекешев, энергетика министрі В.Школьник, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ө.Шөкеев, Алматы қаласының әкімі А.Есімов, Атырау облысының әкімі Б.Ізмұханбетов, Павлодар облысының әкімі Қ.Бозымбаев, Алматы облысының әкімі А.Баталов өткен жылдың қорытындылары мен 2015 жылға арналған жоспарлар жөнінде баяндама жасады. Мемлекет басшысы өз сөзінде қазіргі уақытта елге жаңа жағдайға бейімделу керек болатынын, ол үшін экономикалық және заңнамалық сипаттағы жедел шаралар қажет екенін атап айтты. Осыған байланысты Қазақстан Президенті Үкіметтің, Ұлттық банктің және әкімдердің алдына бірқатар міндет қойды.…
Автор: admin
Минскіде кездескен Германия, Франция, Украина және Ресей басшылары Шығыс Украинада қақтығысты тоқтату туралы уағдаласты. Ресей президенті Владимир Путин Беларусь астанасы Минскіде Украина, Германия және Франция басшыларымен өткен бірнеше сағатқа созылған келіссөзден соң Шығыс Украинадағы қақтығысты тоқтату туралы уағдаластық жасалғанын мәлімдеді. «Норманд форматында» өткен кездесуден шыққан Путиннің айтуынша, қақтығысты тоқтату келісімі 15 ақпаннан бастап күшіне енеді. Келісім бойынша, қақтығыс аймағынан ауыр қару-жарақ әкетіледі. Украина президенті Петр Порошенко қақтығыс аймағынан ауыр әскери техника мен қару-жарақты әкету бітім шарты күшіне енгеннен екі күннен соң басталатынын мәлімдеді. Ол келісім бойынша Украина территориясынан барлық шетелдік әскер шығарылатынын, үш апта ішінде кепілге алынған тұтқындардың бәрі босатылатынын, украин…
Жуырда Қазақстан әскери-әуе күштері Ресейде шыққан жаңа техника алуы мүмкін. Су-30СМ жойғыш ұшағын мақтаған қазақ генералдары «мұндай техниканы сатып алу тиімді әрі ұтымды» дейді. Су 30 ұшағы. Ресей. (Көрнекі сурет) Қазис ТОҒЫЗБАЕВ Жарияланған уақыты: 12.02.2015 Жуырда Қазақстан қорғаныс министрлігі әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы, авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетовтің Ресейдің Иркутск қаласына сапармен барып, авиация зауытында болғанын хабарлады. ӘУЕ КҮШТЕРІ БАС ҚОЛБАСШЫСЫНЫҢ РЕСЕЙГЕ САПАРЫ Қазақстан қорғаныс министрлігі хабарламасында «Жаңадан шыққан авиациялық техниканың қыр-сырын үйрену үшін Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің әскери-әуе күштеріне қарасты авиация бөлімдерінің бір топ ұшқышы мен инженер-техник маманы Иркутск авиация кәсіпорнына келді. Оларды бір ай бойы ресейлік әріптестері үйретеді»…

