Жалпы, танымал болу үшін, ең кемі, жастайыңнан шелектеп тер төгіп, жанкештілікпен еңбек етіп, талантыңды шыңдап, өнеріңді жұртқа паш етіп, талайдың таңдайын қаққыза білуің керек. Өзіңнің қатарластарыңа, оның ішінде ішіне шынтақ айналмайтын көреалмас дұшпандарыңа да еріксіз мықтылығыңды мойындатып, артқы буынға үлгі болып, ал аға буын арқаңнан қағып, риясыз «азаматсың» дейтіндей күнге жеткенде ғана кім-кім болсын өзін белгілі бір деңгейде танымалмын дей алар. Бірақ бұлай бола беруі шарт емес екен. Нәресте шыр етіп, дүние есігін ашқан сәттен бастап бүкіл ел басына көтеріп, барлық телеарналардан ол туралы бағдарламалар беріліп, оның атына ғимараттар салынып, есімін бір сәтте бүкіл ел танып жатқанын естісеңіз, таңғалмаңыз.…
Автор: admin
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын. Ол 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның туған күні жөнінде екі түрлі ақпарат бар. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Екінші ақпарат: ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.» Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреатыОразақын Асқар ақынның екінші туған күніне байланысты…
ҚХР Алтай аймағының Шіңгіл ауданында тұратын Берік есімді қандасымыз салмағы 7.85 келі кесек алтын тауып алған еді. Досымен бірге алтын іздеуге шыққан Берік ен далада ойламаған жерден ат басындай кесек алтынның үстінен түседі. Қандасымыздың айтуынша, алтынды жер бетінде жылтырап жатқан жерінен тауып алған. Оның диаметірі 23 см, ені 18 см, ең қалың жері 8 сантиметр болған. «Табиғаттың шебер қолы бедер салып, өрнектеген саф алтынның беті күн сәулесімен алауланып, көздің жауын алатындай жарқырайды», — дейді алтынды көрген көршілері. Әлемде бұндай кесек алтындар жиі ұшыраса бермейді, елді елең еткізген атбасындай алтын 5 миллион юанға (шамамен 800 мың АҚШ доллардан астам) бағаланып, үкімет орындарына…

