Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ицхак Герцог Alem.ai орталығының қызметімен танысты. Мұнда таланттарды тауып, оларды даярлаудан бастап ЖИ-шешімдерін әлемге таратуға дейінгі технологиялық дамудың толық циклі жүзеге асырылады,- деп хабарлайды nomadtimes.kz/ тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Израиль Президентіне Қазақстанның жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын экономика мен әлеуметтік саланың басты бағыттарына енгізудегі негізгі жетістіктері көрсетілді. Сонымен қатар мемлекеттер басшыларына Astana Smart City жобасы туралы мәлімет берілді. Ауқымды бастама аясында елорданың жаңа интеллектуалдық инфрақұрылымы қалыптасады.
Автор: admin
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев экобелсенділермен бірге елорданың «Самал» саябағында ағаш отырғызды. Бұдан кейін Президентке жауапты мемлекеттік орган басшылары атқарылған жұмыс жайында баяндады. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Мемлекет басшысына шаһарды абаттандыру, қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыру, сондай-ақ қолайлы және қауіпсіз қала қалыптастыру бағытында қолға алынған шаралар жөнінде мәлімет берді. Оның айтуынша, биыл елордада 173 орынды (қоғамдық кеңістіктер мен аулалар) жаңғырту, 1,1 миллион түп жасыл желек, атап айтқанда, көшеттер, бұталар, гүлдер мен ағаштар егу жоспарланып отыр. Негізгі жобалардың бірі – тұрғындар көп келетін «Самал» саябағы. Аталған аумақ отбасылық демалысқа, спортпен шұғылдануға және мәдени іс-шараларға ыңғайлы кеңістік ретінде жобалануда. Саябақта мұз айдыны, серуендеу…
Ресейлік жаңадан ашылып жатқан спорт арналарынан АПЛ матчтарын көріп жүрмін. Бұл тарапта не өзгеріс бар екен деп. Классикалық кәсіби комментаторлардан (советтік стильді болса да) Александр Елагин ғана қалыпты. Қалғандарының бәрі – түкірігіне шашалған, тістене сөйлеп, көсемси көсіліп, доп айып алаңына жетер-жетпестен “Ойпырмай, ойпырмай!”, “Міне, міне!!!” деп шәңкілдей шулайтын overexcited бала-шаға. Қазақша нұсқасы: “Тағы бір қауіпті сә-ә-әт! Тағы бір қауіпті сә-ә-әт!” Кейбір қазақстандық футбол комментаторларының кімге еліктейтінін енді ұқтым. Бұл бала-шаға матч комментаторы болудың мынадай негізгі шарттарын түсіне алмаған екен: 1. Матч комментаторы 90 минут сөзінің кем дегенде 90 пайызын алаңда болып жатқан тартысқа арнауы тиіс, 10 пайызы сол матчқа тікелей…

