Автор: admin

Еліміздің шығысындағы қазыналы өңір Зайсан ауданында орналасқан Майқапшағай халықаралық кеденін басқа өңірлермен байланыстыратын теміржол салу мәселесінің көтерілгеніне біраз уақыт болды. Бұл мәселенің бастамашысы болып жүрген – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев. Естуімізше, қазіргі күні осындай маңызды теміржолды салудың бірнеше нұсқасы қарастырылу үстінде екен. Олар Майқапшағай – Шар, Майқапшағай – Зырян және Бақты – Аягөз нұсқалары. Осылардың ішінде Үржар ауданындағы Бақты кеденін Аягөз теміржолына жалғайтын Бақты – Аягөз нұсқасының Зайсанға қатысы жоқ. Бірақ таяу уақыттардың ішінде үш нұсқаның біреуі ғана таңдап алынатындықтан мәселені біраз уақыттан бері зерттеп жүрген журналист ретінде, әрі қоғамдық пікірді қалыптастыру мақсатында өз ой-пікірімізді білдіре кеткенді жөн…

Read More

 Моңғолия еліндегі қандсымыз  Ерболат Төлекұлы бокстан -91 келі салмақ дәрежесінде Моңғолия чемпионы атанды деп хабарлайды kaznews. Бұл жолғы чемпионатта Жолдасбек Тақтияналұлы (49 келі), Нұрлан Асқарұлы  (52 келі), Еркін Жамантайұлы  (60 келі) және Бекнұр Қалиұлы  (81 келі) қатарлы жерлестеріміз қола жүлдеге ие болды.

Read More

2015 жылғы 22 қаңтарда Ақтауда ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтің қатысуымен «Сарыарқа» зымырандық-артиллериялық кемесіне ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің туын табыс ету салтанатты рәсімі өтті. ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің туын кеме командирі капитан-лейтенант Рүстем Жүнісовке табыс етті. Жиналғандар алдында сөз сөйлеген ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов: «Ең бастысы, «Сарыарқа» — отандық өндірістің төл өнімі. Егемендік жылдары әлеуеті артып, экономикасы асқақтаған, сол арқылы қорғанысын қамдап, қауіпсіздігін арттырған мемлекетіміздің ақталған мерейі. Күндіз-түні туған еліміздің, әр үйіміздің түзу түтіні мен кең-байтақ жеріміздің бүтіндігін ойлаған Елбасының сарабдал саясатының жемісі. Мұның өзі – бес қаруын асынып, болашақта осынау әскери кеменің даңқын…

Read More