Қазақстан футболының тарихында бірінші мәрте жергілікті клуб УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. “Астана” командасы (дәлірек айтқанда Эрич, Илич, Кетевоама мен Жолшиев төртеуі) кипрлік Никосияның АПОЭЛ командасын екі ойынның қорытындысы бойынша 2-1 есебімен жеңіп кетті. Бірақ, мынадай ұмар-жұмар, үзік-жұлық сүреңсіздеу ойынмен “Астана” чемпиондар лигасының көркі бола қояды деу қиын wink emoticon Бірақ, соңғы күштерін сарқи жүріп алғашқы тарихи нәтижеге қол жеткізген клуб футболшылары мен тренерлерін, жанкүйерлерін һәм “Астана” президенттік клубы мен “Самұрық-Қазына” қорындағы осы саланы дамытуға ерекше көңіл бөліп отырған жетекші азаматтарды жеңістерімен құттықтаймын! P.S. Бақайшығыма дейін “Қайраттың” жанкүйері болғандықтан ертеңгі “Бордомен” матчты асыға күтіп отырмын. Футбол тойы…
Автор: admin
Елбасы халықаралық байқаушыларға Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына қызығушылық танытқандары үшін алғыс айтып, сайлаушылардың саяси белсенділігі мен билікке сенімі артып келе жатқанын атап өтті-деп хабарлайды президент баспа сөз қызметі. – Өздеріңізге мәлім, сайлау барысында халықтың белсенділігі жоғары екені байқалды. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы жариялаған мәліметке сәйкес, сайлаушылардың 95,5 пайызы дауыс берген. Соңғы 5 жылда елдегі сайлаушылар саны жарты миллионнан астам адамға ұлғайды. Сайлау барысын мониторингтеу және жариялап көрсету ісін байқаушылар, соның ішінде халықаралық ұйымдардың өкілдері мен шетелдік журналистер қамтамасыз етті. Сайлау қорытындысы бойынша халықтың абсолюттік қолдауы Қазақстанның алдына мен қойып отырған міндеттерді жүзеге асыру үшін теңдессіз мандат береді, – деді…
Сал кеуде сандуғаштай сайрап тұрған. “Сандуғаш”, Естайдың әні Ақ сұңқар – аса даңқты болғанымен, өте сирек кездесетін құс. Ж.А.Адаев Өртеніп кеткен ақын орнында бір уыс күл емес, өлең қалады. Жана алмаған ақын – шала. Тегінде, от шарпыған бұтақ, өзегіне дейін өртенбеген соң – шала. Лапылда, қатты маздап жалында, сөнбей мәңгі лаула, Ақын. Өлең сонда туады, біреуге қарап, еліктеп-солықтап, қоңырсып түтіндеген, булыға бықсып, ойды, сананы, көзді ашытқан – қолдан жасалған қола ескерткіш, өзінен-өзі тұтанған шайыр – Өрт. Қола ескерткіш – тарихтың күлі, артыңнан өлең қалсын, Ақын. Қасым тектес құс Зады, серік жайлы айту үшін, ақ сұңқар туралы білу шарт. Ақсұңқарұлы…

