Автор: admin

Әңгіме барысында Қазақстан-Америка қарым-қатынасының ахуалы мен перспективалары, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қарастырылды. Екі елдің көшбасшылары Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдайды талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тарапының көзқарасы бойынша Украина, Ресей, Германия және Франция басшылары деңгейіндегі келіссөздер арқылы шешілуі мүмкін осы мәселемен жеке өзі айналысып жатқанын айтты. Қазақстан Президенті америкалық әріптесінен Украина мәселесі бойынша ортақ мәміле жолын іздестіру ісіне мейілінше белсенді қатысуды өтінді. Мемлекет басшысы Ресейге қатысты экономикалық санкциялар Орталық Азия өңіріне де ықпал етіп жатқанына тоқталды. АҚШ Президенті Украинадағы жағдайды дипломатиялық жолмен шешуді жақтайтынына Нұрсұлтан Назарбаевты сендіре отырып, бұл үшін бірінші кезекте Минск уағдаластықтарын орындау қажеттігін атап өтті. Б.Обама сондай-ақ Қазақстанның…

Read More

ЕО мен Қазақстан әріптестік пен ынтымақтастықты кеңейтетін келісімге қол қою қарсаңында тұр. Қазақстандық сарапшы «бұл келісімнің өзегі – адам құқығы емес, экономикалық мүдделер» екенін айтады. Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ Қаңтардың 20-сы күні Брюссельде Қазақстан мен Еуропа Одағы (ЕО) әріптестік пен ынтымақтастықты кеңейту туралы алдын-ала келісім жасасты. 1999 жылғы әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді алмастыратын жаңа құжатқа қашан қол қойылатыны белгісіз. ЕО-ның Қазақстандағы өкілдігінің хабарлауынша, жаңа келісім ЕО мен Қазақстан арасындағы саяси және экономикалық қарым-қатынастың нығаюына, қызмет көрсету мен инвестиция бойынша байланыстар артуына әсер етеді. Қазақстанның Еуропа елдеріндегі бұрынғы дипломаты Қазбек Бейсебаев Азаттық тілшісімен сұхбатында ЕО мен Қазақстан арасындағы әріптестік пен ынтымақтастықты кеңейту…

Read More

ҚР ҚК ӘҚК Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Нұржан Мұқанов Аягөз гарнизонында орналасқан 97616 әскери бөлімін тексерді. Әскери бөлімдегі жұмыс барысында  ҚР ҚК ӘҚК ӘШҚҚ әскерлерінің қолбасшысы жеке құрамның жаңа оқу жылына дайындығын, жауынгерлік әзірлікті, қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйін тексерді. Әскери бөлім қызметінің барлық саласы бақылаумен қамтылды. Жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыру мәселесіне ерекше назар аударылды. «Жоспарлы тексерудің басты мақсаты – бөлімшелердің тәуліктің кез-келген уақытында жауынгерлік міндеттерді орындауға әзірлігі  мен жеке құрамның дайындық деңгейі мен жасақталуын тексеру», — деп хабарлады ҚР ҚК ӘҚК ӘШҚҚ әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Нұржан Мұқанов. Сонымен қатар, ҚР ҚК ӘҚК ӘШҚҚ әскерлерінің қолбасшысы әскери қызметшілермен…

Read More