Алматы қаласы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қолға алған Defense Tech жобасы таныстырылды,- деп хабарлайды nomadtimes.kz/ тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Defense Tech бастамасы Қарулы Күштердің және ұлттық қауіпсіздік жүйесінің қажеттілігі үшін отандық технологиялық шешімдерді анықтау, іріктеу және жедел дамыту жөніндегі инновациялық экожүйе құруды көздейді. Жоба аясында инновациялық командалармен және ғылыми-техникалық ұйымдармен тұрақты жұмыс механизмі қалыптасады. Astana Hub алаңында Defense Tech үйлестіру кеңсесі ұйымдастырылған. Бұл Қорғаныс министрлігі, технологиялық кәсіпкерлер, ғылыми ұйымдар және индустриалдық серіктестер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Бастаманы ілгерілету аясында Алматыдағы Армия Үйі базасында мультифункциональды инновациялық хаб – Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығы ашылды. Мұнда отандық…
Автор: admin
Алматы қаласы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев GITEX AI Central Asia & Caucasus 2026 халықаралық технологиялық көрмесін аралап көрді. Бұл әлемде цифрлық технологиялар мен инновациялар саласы бойынша ең ірі платформалар қатарындағы GITEX жаһандық экожүйесінің бір бөлігі саналады,- деп хабарлайды nomadtimes.kz/ тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысына Al-Farabium суперкомпьютерінің мүмкіндіктері мен оның базасында іске асырылған ондаған жобалар, соның ішінде «Қазақтелеком» АҚ байланыс орталығының тұтынушылар шағымын оператордың қатысуынсыз өңдейтін ЖИ-ассистенті таныстырылды. Бұл цифрлық шешім қоңырауды заңды тұлға немесе алаяқ шалғанын анықтап, оны антифрод колл орталыққа жібереді, осылайша, құқық қорғау органдарына ақпарат беруге көмектеседі. Сондай-ақ Президентке банк жүйесіндегі жобалар жөнінде мәлімет берілді. Олар реттелетін, ашық…
Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметіне кірісті. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Айта кетейік, Роман Скляр бұған дейін Үкімет құрамында бірқатар жоғары қызметтерді атқарған. 2019 жылдың 18 қыркүйегінде ол Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалса, 2022 жылдың 11 қаңтарынан бастап Премьер-Министрдің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

