Автор: admin

Бұрнада айтқам, жазғам, ұлы ұстазым, профессор Бейсенбай Кенже­баев менi он сегiз  жасымнан бастап қамқорлығына алған едi, 1962 жылы университеттi тәмамдаған кезiмде, ректордың алдынан өтiп, Оқу минис­трiне дейiн барып, арнайы бiр орын сұрап алып, аспирантураға түсiрдi. Бекiтiп берген тақырыбы – “Қазақ хандығы дәуiрiндегi әдебиет” деп аталатын. Iлкiде ғана әжептәуiр қабiлетi бар бiр аспиранты түбiне же­те алмай кеткен екен, ендi сенiмi соншама, бала деп аямастан, менi осы қиынға салды. Амал жоқ, тыпырлауға тура келген. Алғашқы жылдың басым бөлiгi мiн­деттi кандидаттық минимумдар әлегi­мен, екiншi жарымы – шар тарапты қарманумен өткен. Келер жылы ең оңай, әрi ең қиын, қайткенде де төте тәсiл тауып едiм. “Сыпыра…

Read More

      Қытай елінде 17 перзентті өмірге әкеліп, тәрбиелеп өсірген Нәби аға мен Биғайша апа туралы не білеміз?  Сезімге бөлеген сенсация Мен ол кісінің атын ең алғаш Нұрдәулет деген жергілікті қандас бауырымыздан ес­ті­дім. Қазақ десе ішкен асын жерге қоятын Нұрдәулеттің жасы небәрі жиырма үште. Биыл Орталық Қытай Ұлттар университетін тәмамдады. Ұлт мәселесін қатаң қадаға­лай­тын Қытай елінде жүрсе де, ұлт идеясын ұлық­таудан аянбайды. Өзінің заман­дас­тарының, құрдастарының бастарын жиі қосып, мерекелік шаралар ұйымдастырады, қайырымдылық көрсетеді, қазақылыққа баулиды. Қазақ ұпайын түгендеуге үлес қос­қан азаматтарды құрмет тұтады. Олар­дың барлығын өзінің туғанындай көреді. Бейжіңге «Қазақстан» телеарнасының тіл­шілері келді дегенді елден бұрын естіпті. Құ­шақ жайып қарсы ала…

Read More

    ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігіне биыл көрерменге жол тартатын жаңа қазақстандық фильмдер туралы ақпарат ұсынды.     Асқар Ұзабаевтың «Жол» (Путь боксера) атты спорттық драмасы көше төбелесінің жас өкілі туралы баяндайды. Ол алматылық «барахолкада» нәпақасын тауып жүріп, түнде астыртын ұйымдастырылатын ережесіз жекпе-жектерде бағын сынап жүреді. Уақыт өте келе кәсіпқой бокстың даңғыл жолы — оның маңдайына жазылған тағдыр екенін ұғынады. Қазақ көрермендеріне танымал болған Ермек Тұрсынов «Келін» және «Шал» кинотуындыларының жалғасын биыл түсіріп бітпек. «Кенже» атты экшн-триллер аталмыш трилогияның соңғы бөлігі болмақ. Бұл фильмде аға мен іні арасындағы тартыс суреттеледі. Ағасы адам өлтіруге тапсырыс қабылдап отырады,…

Read More