Автор: admin

 «Ел көшін бастау – маған сын, мені қостау – елге сын» деген Президентіміздің сөзін  ту еткен қандастарымыз елге қайта оралу үдерісін бастады. Тәуелсіздіктің арқасында ұлт ретінде түгенделіп жатырмыз. Қазақ жеріндегі және сырт елдерге кеткен қазақтардың рухы, салты, тілі мен әдебиеті, мәдениеті, тарихы біртұтастанып, байытыла толығып жатыр. Өз отанында басы біріккен қазақ сан жанынан көбейіп, сапасы жағынан дамудың жаңа сатысына аяқ басуда. Бұл тарих таразысының әділдігінің және қазақ халқының өміршеңдігінің дәлелі. Әділдігі – шетелге қашуға мәжбүр болып, төрткүл дүниеге тарыдай шашыраған қазақтың өз отанына қайта оралуында. Өміршеңдігі – «мың өліп, мың тірілген» қазақтың жаңа сапалық, сандық өлшемге жетіп, ұлттық құндылықтарды сақтай…

Read More

Атам қазақ айтады: “Нағыз балуанға оң мен сол бірдей” деп. Ол сөзді тәпсірлесек, қара күші қаптал, рухы өр, әдіс-айласы мол, аңғарымпаз балуан, яғни, күш иесі оң мен солға қарамайды, қарсыласын қақыратып жығады деген сөз. Бірақ біздің қазақ жігіттері қарсыласын қақырата алмай жүр. Дәлел керек пе, күрес түрлерінен қазақ жігіттерінің Олимпиада ойындарынан алтын алмағалы 34 жыл (Жақсылық Үшкемпіров, 1980 жылы – Мәскеу), әлем біріншілігінен алтын алмағалы 16 жыл (Баяқтияр Байсейітов, 1998 жылы-Швеция) бопты. Неге бұлай? Әлде біздің жігіттердің күш-қуаты жетпей ме? Әлде, спортқа бөлінетін қаржы тапшы ма? Мүмкін спорттық оқу-жаттығу жасайтын орындар аз шығар? Жоқ бәрі бар. Біздің балуандардың дені-сау, күш-қуаты…

Read More

Болашағын бағамдау үшін кез келген халықтың өткенін саралап, бүгініне баға берері хақ. Тасқа басылған тарихтың жарқын тұстары халықты ерлік пен елдікке үндеп, болашаққа бағдар сілтесе, қаралы беттері өткеннен сабақ алуға шақырып тұрғандай. Тарих – тезге салуға келмейтін, тек уақыт атты желмаяның ықпалына ерген даму процесіндегі ақиқат болмыс. Бұрылысы мен құбылысы көп адамзат тарихында айтса нанғысыз жағдаяттар да кездесіп жатады. Қазақ тарихындағы осындай ақиқаты аңыздан асып түскен оқиғалардың бірі – Орбұлақ шайқасы. Орбұлақ туралы көп естіп, оқығаныммен сол өлкеге барудың, бабалар тұяғы дүбірлетіп өткен тарихи орынды көрудің сәті бір түспей-ақ қойған еді. Сарша тамыздың ортасында Қызылорда өңірінен Жалаңтөс баһадүрдің ұрпақтары атқа…

Read More