Ұрпақты тәрбиелеуші – ұстаз. Ұстаз деген ұлы құрметке лайықты. Мұны Бауыржан Момышұлы да айтқан. Көсемді де, шешенді де, батырды да, асылды да тәрбиелейтін мұғалімдердің кеңсе қызметкеріне айналып бара жатқаны соңғы уақытта жиі айтылуда. Десек те, мұғалімдер қауымын қағазбастылықтан құтқару әзірге мүмкін болмай тұр. Бүгінгінің ұстаздары шәкірт тәрбиелеумен емес, құжат толтырумен айналысады. Білім және ғылым министрлігі білім беру жүйесіне өзгерістер мен жаңалықтар енгізсе де, еліміздегі білім ордалары заманауи білім беру жүйесіне көшсе де, қағазбастылыққа тосқауыл жоқ. Мұғалімнің міндеті қандай? Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та: «Мұғалім мен дәрігер қағазбастылықты қойсын. Мұғалім баланы оқытсын, дәрігер ауруды емдесін», – деп қадап айтқан болатын. Бұл…
Автор: admin
Анда-санда ат тұмсығының арқан бойы алдынан пыр-пыр бөдене ұшады. Басқа дүние тып-тыныш. Орталанып қалған момақан ай Сеңгірдің тақымындағы шашақты найзаның көкаяз жүзінде діріл қағады. Сау желген құр аттардың құйрық ұшы жентек-жентек топырық, жосылған із. Көделі жердің көбесін сөге дүбірлеткеннің бірі – Байшағыр. Мойынында сала құлаш садақ, арқасында жылан тілді жебе толы қорамсақ. Сеңгірден бір елі қалмай қатар келеді. Ел шетіне жау тиген хабарды қиыс отырған бұлар кеш естіді. Асығыс шапқан жаушылар ұтық-ұтығымен қонған ордалы ауылдарға ғана сүрен салып үлгерген. Жедел жиналған шағын жасақ дұшпан қолын дендетпеу үшін суыт шеру тартты. Арттан келер ауыр қосынды күтуге жасанған жау мұрсат берер емес.…
Бұқаралық ақпарат құралдары бетінде кейінгі кезде жер-су атауларына байланысты «тисе терекке, тимесе бұтаққа» дегендей неше түрлі қисынсыз болжамдар жазылып жүр. Қостанай аумағындағы көптеген жер атаулары орысшаға «жетік» біреулердің жер аттарын қазақшалауынан қате айтылып келгені рас. Әулиекөл деген жер аты орыс босқындарының қоңыстануынан кейін сол арада жеті көлдің болуына байланысты Семиозер болып аталған болатын. Оны сол жердің кейбір тұрғындары қазақ тіліне сөзбе-сөз аударып алып, біраз уақыт Жетікөл деп те атап жүрді. Сол секілді Жітіқара қаласының аты біраз уақыт Жетіқара деп жазылып келді. Жітіқара орыс тілінен қазақшаға көшкен атау емес, керісіңше, алдына «Д» әрпін қойып, бұрмаланып жазылған атау болды. Содан орысша Джетыгара…

