Жәмбек С.Н. Қазақстан.Көкшетау. Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Кейінгі қуатты түркі қоғамы мен мәдениетінің қалыптасуында ғұндардың алатын орны ерекше. Былайша айтқанда ғұндар мен ғұндар қоғамы прототүркі, прототүркі қоғамы болып саналады. Бұл тұжырымды түркітану әлемінде есімдері әйгілі талай беделді түркітанушы ғалымдар мен мамандар мақұлдап келеді. Ғұндар мәдениеті, шаруашылық типі, қоғамдық-саяси құрылымы, мәдениеті мен өнері, болмысы мен діні, тілі кейінгі дәуірлердегі олардың жаңа буыны түркілерге мирасқор ретінде мұра боп қалған. Бірақ осы түркілердің арғы ата-бабасы боп табылатын ғұндардың жазуы мен тіліне келгенде әлі де болса бірізділік жоқ. Кереғар көзқарастар мен тұжырымдар өкінішке орай әлі де болса ара-кідік кездесіп…
Автор: admin
Қаңтардың 9-ы күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Берлинде Германия канцлері Ангела Меркельмен кездеседі. Осыған орай саясаттанушы Расул Жұмалы Астананың Украина дағдарысын реттеудегі рөлі жайлы ойларын айтты. Азаттық: — Қазір Украина дағдарысы қандай жағдайда тұр? Расул Жұмалы: — Украинадағы бір жылдан асқан дағдарысты сол мемлекеттің ғана ішкі ісі деу қиын. Дағдарыс ауқымы мен азаматтық соғыс зардаптары бұл елден тыс территорияларға жайылып барады. Бұл шиеленіс ТМД-мен, оның ішінде Ресеймен қарым-қатынастарға әсер етіп қана қоймай, Ресей мен Батыс елдері арасын да ушықтырды. Саясаткерлер, сарапшылар мен саясаттанушылар көптен бері «Украина дағдарысы екі блоктың бұрынғы өкілдері арасындағы жағдайды бұрын-соңды болмаған жағдайда ушықтырып жіберді, қырғиқабақ соғыс…
«Біз – қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына жылқының қылын таққан елміз. Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз. Бірақ хан болса – хан ордасын таптай білген елміз», — деп Қаз дауысты Қазыбек би «Қазақ» деген ұлы халықты қалмақтың ханына тауып айтып таныстырып, кесіп айтып келістірген. Би айтқан қазақтың биік рухы, өр намысы өшпеген екен, мен осыған қуандым! «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» кез-келген нәрсені еңсеріп, қандай қиындық болса да, жұдырықтай жұмылып көтере алады екенбіз, мен осыған…

