Қазақстан валютасы, теңге. (Көрнекі сурет). Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада баспасөз жиынында теңгені күрт құлдыратуға негіз жоқ деді. Оның сөзінше, соңғы жарты жылда Еуразия экономикалық одағындағы серіктес Ресей валютасы біршама құлдырағанына қарамастан валюта бағамына қатысты жағдай «тұрақты» және «теңгені девальвациялау жоспарда жоқ»- деп хабарлайды азаттық. «Біз теңге бағамының еркін болуына жұмыс істеп жатырмыз, бірақ бұл күрделі мәселе, біз мұны Халықаралық валюта қорымен бірігіп шешеміз. Бұл процес кемінде бес жыл жүреді» деді Назарбаев. 2014 жылдың ақпанында Қазақстан үкіметі теңгені бірден 20 пайызға құлдыратқан. Қазақстан Ұлттық банкі ол кезде бір АҚШ доллары 150 теңге болып тұрған бағамнан бас тартып, доллар бағамын 182-188…
Автор: admin
Мемлекет басшысы қазақстандықтар сайлауда тағы да тұтастығы мен бірлігін паш еткенін атап өтті-деп хабарлайды президнт баспа сөз қызметі. – Бүкіл Қазақстан кеше бір кісідей дауыс беруге келді. Мен азаматтардың отбасыларымен, балаларымен, немерелерімен сайлау учаскелеріне келгенін көрдім. Бұл үлкен жауапкершілік жүктейді, халқымыз өзінің тұрмысын, әл-ауқатын жақсартып, балаларын тәрбиелеуі және болашаққа сеніммен қарауы үшін не істеу керектігі туралы күні-түні ойлануға мәжбүрлейді, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев ел халқы сайлауға қатысу арқылы саяси мәдениетінің биік екенін көрсетіп, Президентке ғана емес, өз болашағына да дауыс бергенін айтты. Елбасы сондай-ақ президенттік сайлауды ұйымдастыруға және өткізуге белсене қатысқан баршаға рақмет айтты. Мемлекет басшысы сайлаудан кейін ауқымды…
Мұқан Исахан. заңгер, дінтанушы Ардақ сіз Оспан туралы жазбаңызда құр далақтап жайдақ шауыпсыз. Сізді не түлен түрткенін білмеймін, өкпе-назға толы мақалаңызда тарихи талдаудан көрі эмоцияға көбірек ерік беріпсіз. Айтар ойыңызды нақты деректермен (болса мұрағаттық) айтсаңыз бір жөн. Іліп алар дәнеңе таппай дал болып отырмын. Мына жазбаңыз баяғы 40-шы жылдары большевиктердің ойдан шығарған «керей-найман» дауы секілді былдыр-быдырақ бірдеңе… Сол кезеңде өмір сүріп, тағдыр талайды басынан кешірген марқұм Х.Оралтай өзінің мемуарлық шығармасында (Елім-айлап өткен өмір) шидің неден шыққанын (керей-найман дауы), кімдер тарапынан ұйымдастырылғанын, екі елді арандатуға кімдердің мүдделі болғанын жан-жақты талдап, тайға таңба басқандай жазып қалдырды. Жалпы, Оспанның кезіндегі қым-қуыт жағдайды руаралық…

