Автор: admin

Кейінгі уақытта Жолымбет Мәкішев әлеуметтік желіде резонанс тудырып жүр. «Қазақтың тың тарихы» деген топ ашып, архифте шаң басқан талай мұрағатты жарыққа шығарды. Жас та болса бас болған осы жігіттің кім екенін білуге құмарттық. Әңгіменің сәті енді түсті. «Мәкішевтің мақсаты не?» деген сауалға жауап алып, өздеріңізге талқыға салып отырмыз мәртебелі оқырман! – Жолымбет мырза, сізді әлеуметтік желі арқылы танимыз. Фейсбукта «Қазақтың тың тарихы» деген топ құрып, біраз қазақ өткенімізден мағмұрланып қалдық. Оқырман ретінде айтайық, тарих ғылымына едәуір септігіңіз тиді. Осы сауапты да жауапты іске мақсатты түрде бардыңыз ба, әлде кездейсоқ келген ой ма? – Әуелде Фейсбуктан тарихи топ ашамын деген жоспарым…

Read More

Мейрам — Орта жүздегі арғын тайпасының құрамындағы бес рудан құралған бірлестік Мейрам — Орта жүздегі арғын тайпасының құрамындағы бес рудан құралған бірлестік. Бес мейрам деп те аталады. Оған қуандық, сүйіндік, бегендік, (қозған) шегенді (қақсал), қаракесек (балтақожа) рулары кіреді. Мейрам рулары Ақмола, Атбасар, Қарағанды, Павлодар аймағында көп қоныстанған. Бұл бесеуіне қаракесектің маңында топтасқан шұбыртпалы және қамбар рулары да жатады. Таңбасы арғынның көз таңбасы , ұраны “Ақжол”.[1] Alashainasy.kz

Read More

ҚР Қарулы Күштерінде жаңа оқу жылының басталуына орай Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының Өскемен, Семей гарнизондарында болды. Генерал-полковник С. Жасұзақов жауынгерлік әзірлік бойынша сабақтар өткізуді ұйымдастыруды, қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйін, әскери бөлімдердің оқу-материалдық базасы мен инфрақұрылымын тексерді. Ол, сондай-ақ, әскери қызметшілердің қызмет және тұрмыс жағдайларымен танысты. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының Луговой және Тараз гарнизондарында болған ҚР ҚК Бас штаб бастығы бөлімдерді жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтіру барысын тексерді. С. Жасұзақов, сондай-ақ, командирлерді жауынгерлік әзірлікті арттыру, жеке құрамның моралды-психологиялық жағдайын нығайту және әлеуметтік-тұрмыстық саланы жақсартуға баса назар аударуға шақырды. mod.gov.kz

Read More