2014 жылдың тоғыз айында 3347 оралман отбасы (6761 адам) Қазақстанға көшіп келген. Бұл туралы Қазақстан денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлады. Қазақстанға шетелден көшкен этникалық қазақтардың 3438-і ер адам, ал 3323-і — әйел. 4768 адам еңбекке қабілетті жаста, 395 адам — зейнет жасында, 368 адамның жоғары білімі, 869 адамның — арнайы орта және 2592 адамның жалпы орта білімі бар.
Автор: admin
Мақпал ЖҮНІСОВА, Қазақстанның Халық әртісі: КОНЦЕРТКЕ БІР АДАМ МЕНІ САХНАДА ҚҰЛАТУ НИЕТІМЕН КЕЛІП ОТЫРҒАН Шешемнің үш баласы қатарынан көз тиіп шетінеген ‐ Мақпал апай, қазіргі кезде «көз тиіп ауырып қалыпты» деген әңгімені жиі еститін болдық. Жалпы, өзіңіз көз тиюдің бар екеніне сенесіз бе? – Әрине, сенемін. Себебі «тіл-көз тиді» дегенді бала кезден естіп өстік. «Пәленшенің баласына көз тиіпті. Ұшықтап жіберіңдер, бақсыға, емшіге апарып емдетіңдер» деген сөздерді жиі еститінбіз. Баламыз ғой, түсінбейміз, шешемізден «көз тию деген не?» деп сұрайтынбыз. Сонда шешем «Менің үш балам да тіл-көзден шетінеп кетті» деп айтып отыратын. Балалары екі жасқа келгенде үйге қонақ шақырады.…
ҚХР Алтай аймағы, Көктоғай ауданында дүниеге келген Болат Бопайұлы аспирантураны атажұртта оқыды. Шыңжаңда жүргенде-ақ бірнеше кітаптары басылып шықты. Бүгінде этнография саласын терең зерттеп жүр. Салт-дәстүрді зерттеу академиясының академигі атанды. Оның қаламынан туған «Қазақтың алғыстары мен қарғыстары», «Қазақ кәделері», «Асыл қазына» сынды онға жуық айтулы еңбектері оқырманын жалықтырған емес. Жаңа 2015 жыл кірген тұста этнографтан қой жылы туралы сұхбат алған едік. Тілші: Қой жылының ерекшелігіне тоқталайықшы. Оның өнімдеріне, бізге береріне тоқталсақ. Болат Бопайұлы: Қой төрт түліктің ішіндегі ең қасиеттісі. Шығу тарихы арғы Рауриаттық өлкеден шыққан деген деректер бар. Қазақта айтады «қойдың сүті қорғасын, қойды қырған онбасын» дейді. Сондықтан қойдың жүні де,…

