Бүгін Қазақстан патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымов Ресеймен шекарадағы кедендік бақылау бекеттерін қайта орнатып, Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) нормаларын енгізуді тоқтата тұру керегін айтты. «Ресейдегі экономикалық ахуал қалпына келгенше ЕАЭО нормаларын енгізуді бір жылға шегере тұруды ұсынамын. Мұндай экономикалық құлдыраудан кейін экономикалық тұрғыда бауырласа алмаймыз. Олардың дағдарысы біз бен Беларусьтің жағдайын қиындатады» деді Ғани Қасымов Tengrinews агенттігіне берген сұқбатында. Ресейде рубль күн сайын құнсызданып бара жатыр. Қазақстан, Ресей мен Беларусь президенттері биыл 29 мамырда ЕАЭО құру туралы келісімге қол қойған. ЕАЭО 2015 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енуі керек. azattyq.org
Автор: admin
Қазақстанның тәуелсіздік алғанын халықаралық БАҚ-та алғаш жариялаған қазақ қазір Мюнхен қаласында тұрады. ҚазССР-дің Жоғарғы кеңесі 1991 жылғы желтоқсанның 16-сы күні түстен кейін қазақ елін тәуелсіз мемлекет деп жариялап, елдің атауын Қазақстан республикасы деп өзгертті. Қазақ тарихы үшін ең қуанышты хабардың бірін халықаралық БАҚ арқылы тікелей эфирде әлемге тарату бақыты бұйырған журналист – сол кезде «Азаттық» радиосында қызмет еткен Өмірхан Алтын еді (суретте). Ол – ХХ-ғасырдың басындағы қиын-қыстау заманда Алтайдан Үндістан мен Пәкістан асып, одан ары Түркияға жеткен қазақтардың ұрпағы. Қазір Германияның Мюнхен қаласында тұратын Өмірхан Алтын қазақ елінің тәуелсіздігін Құдайдың ең үлкен сыйы һәм бағы деп санайды. Өмірхан мырзаның айтуынша, 1991 жылғы желтоқсанның 16-сы, дүйсенбі күні ол кезде кеңсесі…
1986 жылғы 16-17 желтоқсан күндері Алматыда болған жастар толқуын сол тұста шетелде өмір сүрген қазақтар әртүрлі қабылдағанын айтады. Мәскеудің саясатына наразылық білдіріп Алматыдағы Брежнев атындағы алаңға шыққан қазақ жастары. Желтоқсан, 1986 жыл. Қазір Алматы қаласында тұратын Базарәлі Әріп есімді Қытайдан көшіп келген оралман 1986 жылы университет бітіріп, Пекин қаласында қызмет істеп жүрген. Ол «Желтоқсан оқиғасы» туралы Қытай БАҚ-тарында ақпарат болмағанын айтады. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы жазған совет газеттерінен коллаж. «Біз Алматыдағы оқиға туралы Қытайдың емес, сол кезде Қазақстаннан жететін «Қазақ әдебиеті» мен «Жұлдыз» сияқты газет-журналдардан оқып білдік. Енді олардың қалай жазғаны белгілі ғой. Сондықтан болған оқиғаға біріншіден аса қуана…

