Автор: admin

Жақсы жаңалықпен бөліс! Арай Қытай сахнасында қазақ әнін орындады. (Арайдың бұл ерлігін толықтырып жазармын. Арайдың сіздерге жолдаған сәлемдемесі бөлек. Әзірге жоба мазмұнымен таныс болыңыздар)«Қытай тыңдап тұр» (中国正在听) жобасындағы үздік 8 конкурсант осы жолы (05.12.2014) «менің жұлдызым» деген тақырыппен өздеріне тұлға тұтқан адамға арнап ән шырқады. Арай өзі орындайтын әнін былай таныстырды: «Мен үшін жұлдыз болған адам осы күні тыңдармандарынан ұмыт қалған тұлға. Есімі – Бақытжан (Қажымұқанов). 90-жылдардың басқы кезінде «Азия даусы» деген халықаралық конкурc болған. Бақытжан сол жобаның бірінде жүлдегер атанды. Мен 7-8 жасымда оның бір әнін тыңдағанмын. Сол кезде ол жазған әндер басқа композитор туындыларынан өзгеше болып сезілетін. Ал 8 жасымда…

Read More

Алматы. 8 желтоқсан. ҚазТАГ – Сергей Зелепухин. Мұнай бағасының күрт арзандауы және ресейлік рубльдің күрт әлсіреуі қайтадан көптеген мәселелер тудырып отыр. Ұлттық валюта бағамы не болады? Неге Ұлттық банк Кедендік одақ (КО) және Бірыңғай экономикалық кеңістік (БЭК) аясындағы интеграциялық үдерістер фонында ресейлік Центробанкпен валюталық саясатын үйлестіре алмайды? Және түптеп келгенде, осының барлығы банктық секторға қалай әсер етеді? Осы және басқа да сауалдарға біз Қазақстан Халық банк басқармасының төрайымы Үміт Шаяхметовадан жауап беруін өтінген едік. Жаман айтпай жақсы жоқ — Үміт Болатханқызы, дәстүр бойынша, жыл соңында оның қорытындысын шығару әдет. 2014 жылғы қандай оқиғалар Қазақстан банк секторы үшін негізгісі болды деп…

Read More

  АЛМАТЫ. ҚазАқпарат — Алматыда 12 желтоқсанда Қазақстанның тәуелсіздігіне арналған «Желтоқсан — тәуелсіздік жаңғырығы» атты көрме өтеді.Келушілер желтоқсан оқиғасына қатысушылардың жеке заттарын ғана емес, Қазақстанның тәуелсіздік алған күнінен бастап бүгінге дейінгі оқиғалар куәсі іспеттес экспонаттарды да көре алады. Жұртшылық назарына фотодерек туындылар, жеке заттар, кітаптар ұсынылмақ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, негізгі мақсат — Желтоқсан оқиғасынан қалған деректі жәдігерлердің арқасында тарихты обьективті сөйлету әрі жастардың отанына деген сүйспеншілігін ояту. 1986 жылы желтоқсанда Алматыда болған оқиғалар халықтың билікке деген табанды қарсылығының көрінісі болғаны аян. 30 мыңға жуық желтоқсан ереуілшілерінің ішінде 8515 адам ұсталып, 5 мыңға жуық өрімдей жас жігіттер мен қыздарды қақаған қыста айдалаға…

Read More