Бүгін алматылықтар көптен күткен «Бәйкен Әшімов» атындағы мешіт есігін айқара ашты. Айтулы іс-шараға Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қытысып, жиналған жамағатты сәулеті мен сәні жарасқан құлшылық үйінің ашылуымен құттықтады. Мешіттің ашылу салтанатында сөз алған Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы: «Имандылық үйін өз қаржысымен салып, ел игілігіне берген азаматтарға алғысымды білдіремін. Мешіт салып, ізгі істерге атсалысу сауапты іс. «Бәйкен Әшімов» атындағы мешіт халықты имандылыққа ұйытып, ізгілік жолын ту етер жұртшылықтан арылмасын», — деп батасын берді. Наиб мүфти Серікбай қажы Ораз жұма уағызын айтып, имамдық етті. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жамағатқа мешіттің бас имамы қызметіне діни салада тәжірибесі мол, кезінде Алматыда…
Автор: admin
Ерлан Саиров ОРАЛМАН ағайын жөнінде тиіп-қашпалы әңгіме көп. Соны қарастырып көрейік. Рас, көштің басын бұларға қиын болды. Бізге үйрене алмады. Қазір үйренді. Өздері мемлекеттің көмегінсіз сауда-экономикалық қатынастарға түсіп, елдің нарығында судағы шабақ тәрізді жүзетін болды. Бүгінде елімізге ұзын-қысқасы 1 миллиондай оралман келіпті. Олар біздің экономикаға қандай үлес қосып жатыр? Қытайдан, Моңғолдан келген ағайындар, елге көшпес бұрын сол жақта зейнет ақыға шығып алады. Оларда зейнетақы бізден 2-3 есе көп. Сол, басқа бір мемлекеттің зейнетақысын осы Қазақстанда жаратады!! Осында келіп өз ақшаларына жер алады, үй алады, кіші-гірім магазин-кафе ашады. Олардың әкелген ақшалары төте жолмен ауылға жетіп, қазақ көп жүретін базарды, қойшылардың жайлауын…
Кеше кешке Баку қаласында Түркітілдес халықтардың Парламент Ассамблеясының әлеуметтік мәдениет және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комиссиясы арнайы отырыс өткізді деп хабарлайды sia.az порталына сілтеме жасаған Businessnews.kz. Отырыста Түрік кеңесі жобасының директоры Замин Алиев жалпытүрік арнасын құру туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді. Сонымен қатар жаңа телеарнаның құрылымдық жобасы дайындалған. «Үстіміздегі жылдың қазан айының соңында үйлестіру тобының отырысында телеарна құру туралы шешім қабылданды. Телеарнаның құрылымы басқармадан, директорлар кеңесінен, редакциялық құрамнан тұрады. Телеарна ағылшын тілінде және түркі халықтарының мемлекеттік тілінде шығады. Ол «Al Jazira», «Euronews» телеарналары сияқты халықаралық мәртебе ие болады. Қазір сынақ жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жуық арада телеарна іске қосылады» деді З.Алиев. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың маусым…

