Алла бұйыртса, 2015 жылы өздерін «Көк Түріктің» ұрпағымыз деп санайтын, қағандары: «Күндіз отырмадым, түнде ұйықтамадым, қара терімді шұбырттым, қызыл қанымды жүгірттім Түрік халқы үшін» деп тасқа қашап кеткен Бұмын қаған мен Күлтегіннің жалғасы Қазақ хандығына 550 жыл толады! Оған үлкен мән беріп отырған Елбасымыз Н.Назарбаев өз сөзінде: «Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақ мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім, ол бүгінгі шекарасындағы, бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ, бұлай деп сол кезеңдегі басқа да барлық мемлекеттер туралы да айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды.…
Автор: admin
2014 жылдың 3 желтоқсаны күні, сағат 14:00-де Жамбыл атындағы мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасының жанынан құрылған «Әдебиет әлемі» орталығында «Зерде-сынақ — кітап оқыту интеллектуалдық ойыны» атты жаңа авторлық жобаның тұсауы кесілді. Шара «Әдебиет әлемі» орталығының бастамасымен, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының қолдауымен ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты: 1. Жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту. Ел ішінде кітап оқитын жақсы үрдіс қалыптастыру. Сол арқылы еліміздің руханиятының дамуына үлес қосу. 2. Ақын-жазушылардың танымалдығы мен кітаптарының таралымына ықпал ету. «Кітап оқыту интеллектуалдық ойынының» алғашқы байқауына алты автордың кітаптары ұсынылған. Нақтырақ айтсақ төмндегі авторлардың өмір баяны, шығармалары төңірегіндегі сұрақтарға жауап беру формасында өтті 1.Нұрсұлтан Назарбаев 2.Тұманбай…
Қазақстан парламенті мәжілісінің төрт депутаты бас прокурор Асхат Дауылбаевтың атына хат жазып, Adam bol журналының қызметі тоқтатылып, таралуына тыйым салынуына байланысты жағдайды «шынайы түрде қарастыруды» сұрады. Депутаттар Азат Перуашев, Айгүл Соловьева, Айқын Қоңыров пен Жамбыл Ахметбековтің қолы қойылған хат бүгін интернетте жарияланды. Хатта депутаттар бас прокурорды «қазіргі заңнамалардың бұзылғаны анықталған жағдайда заңсыз сот актісіне қарсылық білдіру үшін прокуратура тарапынан бір шара қабылдауды» сұрайды. Депутаттардың пікірінше, сот шешімі Қазақстан заңдарының талаптарын өрескел бұзған, ал Adam bol журналын жабуға ілік болған «Наши на чужой войне» атты мақала Айдос Садықовтың азаматтық пікірі емес. «Бірақ қазір Украинада болып жатқан оқиғалар белгісіз себептермен өкілетті органдар тарапынан «соғыс» деген атауға ие болған.…

