Елімізде, кейбіреуді тыным таптырмайтын, қоғамның бір бөлігіне құбыжық тәрізді көрінетін бір мәселе бар. Ол – оралмандар мәселесі. Оларды сыртқа тебу, қазақ қазанына қайнатқысы келмеу көкейкесті армандары. Белгілі бір топ «барлығына оралман кінәлі, олар жалқау, тоғышар, пәлен-пәштуән» деген әңгімені сыпсыңдатып, шулатып жүреді. Негізі мәселенің басты түйінін көрсетіп, жағдайға басқаша көзқараспен қарайтын уақыт жетті. Оралмандар ең бірінші болып елімізге Моңғолиядан жұмыс квотасымен келді. Барлығымыз қуандық. Алдын мал салдық, қолдап қаржы бердік, сол жетеді деп ойлайды баз біреулер. Олай болмай шықты. Бауырмалдық жетпей қалды. Ағайындар келгеннен бастап тұрмыстық деңгейде антоганизм пайда болды. Олар анандай екен, мынанда екен, олай емес, бұлай істейді екен» деген гу-гу жел сөз Қазақстанның түпкір-түпкіріне тарады.…
Автор: admin
ҚазТАГ – 150 жыл бұрын қазақ даласынан жоғалып кеткен Прежеальский жылқылары жабайы табиғатқа қайты оралатын болды, деп хабарлады қазақстандық биоәркелікті қорғау қауымдастығынан (ҚӘҚҚ). «Прежевальский жылқылары қазақ даласынан 1,5 ғасыр бұрын жоғалып кеткен. Енді қазір Франкфурт зоологиялық қауымдастық пен құстарды қорғау Корольдық қоғамы мен ҚӘҚҚ осы сиреп кеткен жануарларды Нюрнберг зообағынан әкелмекші. Қазақстанда оларды вольерлер күтіп тұр», — делінген қауымдастық сәрсенбі күні таратқан хабарда. Хабарда айтылғандай, жұртшылық назарын осы ерекше акцияға аудару және қосымша қаражат жинау үшін ҚӘҚҚ қарашаның соңында Далалық қайырымдылық балын өткізеді. «Қазақстанда Прежевальский жылқыларын ре-интродукциялау (жабайы табиғатқа қайтару) үшін дайындық жұмыстары Орталық Қазақстанда 50 млн га-дан асатын жерді…
Ұлтымыздың шынайы тарихын жазу үшін үлкен теориялық-методологиялық дайындықпен қатар, бай тарихи деректер қоры болуы шарт. Алайда тарихи деректерге, құжаттарға қол жеткізу үлкен мәселе болып табылады. Біздің тарихқа, әсіресе ертедегі тарихымызға қатысты көптеген деректер шетел мұрағаттары мен кітап қорларында сақтаулы. Сондықтан деректермен жұмыс істеу ғалымнан кәсіби біліктілікпен қоса, үлкен қаражат қажет етеді.Қазіргі күні елімізде «Халық тарих толқынында» бағдарламасы аясында ұлттық тарихымызды түгендеуге, оның көкжиегін кеңейтуге, рухани болмысымызды бүтіндеуге бағытталған әлемдік тәжірибеде жоқ үлкен игі шаралар атқарылып жатыр. Екі жылдан бері еліміздің жетекші тарихшы мамандары ұлттық тарих пен мәдениетімізге қатысты жаңа мұрағат материалдарын айқындап, құжаттарды жинастыру мақсатында Ұлыбритания, Германия, Италия, Мысыр, Үндістан,…

