Нұрсұлтан Назарбаев Ержан Исабаевпен. ©Әлеуметтік желілер Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзін туған күніне шақырған 10 жастағы баланың хатына жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ержан Исабаев екі жасында Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен. «8 жылдай уақыт бұрын Наурызбай батырға ескерткіш ашылып жатқан, сол кезде біз Ержан екеуміз шараға келдік. Сөйтсек ашылу салтанатында Президент Нұрсұлтан Назарбаев болыпты. Ол бізге жақындап келіп, Ержанды көтеріп алды, мен «Бата беріңіз» дедім. Бізді суретке түсіріп алды. Кейін осы суретфорумдар мен БАҚ-тарда жиі қолданылатынын байқадық», — деді баланың әкесі Бауыржан Исабаев. «21 қазанда бала он жасқа толды. Оның алдында қалай тойлайтынымызды, кімді шақыратынымызды ойластырдық — сыныптастарды, көршілерді. Сонда Ержан маған:…
Автор: admin
ҚазТАГ – Астанада жаңадан төрт мешіт салынады, деп хабарлады елорда әкімшілігінің баспасөз қызметінен. «Бұл туралы «Зайырлы қоғам: дін мен дәстүр ұштастығы» тақырыбында өткен конференцияда Астана қаласының дін істері жөніндегі басқарма басшысы Жорабек Дәуренов мәлім етті», — деп көрсетілген елорда сайтында жарияланған хабарда. «Соңғы бес жылда мешіт салуға 4 жер учаскесі бөлінді. Атап айтқанда, «Көктал-1», «Көктал-2», «Өндіріс» және «Ильинка» кенттерінде. Жалпы алғанда, егер келер жылы құрылыс жұмыстары қолға алынса, Астанадағы мешіттер саны 10-11 жетеді», — деді Жорабек Дәуренов. Оның айтуынша, елордада Қазақстанның өзге өңірлерімен салыстырғанда діни нысандардың құрылысы бойынша белсенділік байқалмайды. «Мысалы, Оңтүстік Қазақстанда мыңға жуық мешіт бар, соның ішінде 20-30-ы…
Жарық дүниенің дидарында жақсылық пен жамандықтың қабаттаса қатар жүретіні секілді өткен тіршіліктің қағазға түсіп хатталған шежіресі – тарихта да бұл екеуі, яғни жақсылық пен жамандық жарыса бой көрсетіп жатады. Сондықтан тарихты зерделегенде бұлардың біріне ерекше көңіл бөліп, екіншісін елемей, қалыс қалдыру шындыққа жетер жол емес. Мұның екеуін де тұтас қамтып, жақсысынан тағылым алып, оны одан әрі жетілдіру; жаманынан сабақ алып, оның алда қайталануына жол бермеу – өмір талабы. Онсыз өз заманыңа сай ілгерілеу қиын. Алайда, жасыратыны жоқ, біз көбіне тарихтың тәлім алар тағылымды жағына баса көңіл аударып, өткен өмір шындығын ұрпаққа өз болмысында толық жеткізуге мән бермей, тек жақсылықты жалаулатуға құмармыз.…

