Автор: admin

Куба балуаны Видал Брайсон Павлодарда алғаш рет өткізілген қазақ күресінен «Alem Barysy» халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. Екінші орынды отандасымыз Айбек Нұғымаров иеленді. «Әлем барысының» қола жүлдесін ресейлік Максим Ширяев жеңіп алды. Айта кетейік, жүлде қоры 150 мың долларды құраған алғашқы халықаралық турнирге 35 елдің спортшылары қатысты. Турнирде еліміздің намысын төрт балуан қорғады: олар – «Қазақстан барысы» Б.Ыстыбаев, екінші маусым жеңімпазы А.Нұғыманов, 2014 жылғы «Қазақстан барысы» турнирінің финалисі А.Барменов және үшінші маусымының қола жүлдегері Р.Әбдіразақов.

Read More

— 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысы бойынша қабылданған тарихи құжат. Декларацияда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі жарияланып, елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы баяндалды. Ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы, қазақ халқының және Қазақстандағы басқа да этнос өкілдерінің төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде айтылды. Конституциялық құрылысқа қарсы жасалатын кез келген күштеу әрекеттері, оның аумағының тұтастығын бұзуға шақыратын, ұлт араздығын қоздыратын жария-ұрандардың заң бойынша жазаланатыны ескертілді. Республиканың саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық-мәдени құрылысына, оның әкімшілік-аумақтық құрылысына байланысты мәселелер ешкімнің араласуынсыз дербес шешілетіні жарияланды. Президент — Республиканың басшысы, ең жоғарғы…

Read More

 ҚазАқпарат — Бүгін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің концерт залында айтыс өнерінде алдаспандай жарқылдап, қайталанбас қолтаңбасын қалдырған шынайы талант, жыр жампозы — Оразәлі Досбосыновты еске алу мақсатында ұйымдастырылған «Құлмамбеттің құлыны» атты  жас ақындар айтысы өтті. Айтысты белгілі айтыскер ақын, филология ғылымдарының кандидаты, республикалық айтыстардың жеңімпазы Серікзат Дүйсенғазы жүргізді. Қазылар алқасының құрамында әдебиеттанушы, фольклорист,  филолгоия ғылымдарының докторы,  академик,  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сейіт Қасқабасов,  Астана қаласы тілдерді дамыту басқармасының басшысы  Ербол Тілешов ,  Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті, белгілі жырау Бекболат Тілеухан,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, айтыскер, жыршы-термешілер одағының басшысы Жүрсін Ерман, айтыскер ақындар…

Read More