Автор: admin

Дидахмет Әшімханұлы:  – Біз қазір ұлт бірлігі, ел бірлігі, қазақтың ішкі ынтымағы мәселесін жиі көтеріп жүрміз. Ұлт бірлігі проблемасын қозғамас бұрын ең алдымен ұғымды түзеп алуымыз керек сияқты. Танымға әбден сіңіп, қатып-семіп қалған ұғымдар бар. Мысалы, ұлт деген ұғымды қандай мағынада қолданып жүрміз? Жүз, ру, тайпа, мемлекет деген не? Бүгін осы ұғымдардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, мағынасын ашсақ деп отырмын. Жастар арасында қасаң түсінік қалыптасқан. Бір жүзге жататынның бәрін туысқан санайды. Бір-бірін бауырына тартқаны дұрыс шығар, бірақ шын мәнінде олай емес. Ел аузында жүрген аңыз-әңгімелерден бастайықшы. «Қазақ деген бір шал болыпты, одан Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс деген үш ұлы тарайды» деп басталатын…

Read More

Албан руы «Алаш айнасы» интернет-газеті бүгіннен бастап, халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы – қазақ шежіресі туралы ақпараттарды кезең кезеңімен жарияламақ. Осы арқылы үш жүздің әр руы туралы мәліметтерді топтастырып, қазақтың ортақ шежіре қорын жасап шығармақшы. Егер сіздің қолыңызда өз руыңыз жайында мәліметтер болса, біздің мына: info@alashainasy.kz электронды поштамызға жіберуіңізге болады.  Албан — қазақ халқын құраған ежелгі ірі тайпалардың бірі. Шежіре бойынша, Ұлы жүз құрамына енеді. Албан атауы көне жазба тарихи деректерден белгілі. 5-6 ғ-да Албандар Жетісу өңіріндегі Үрбі (Юебань) қауымдастығында чубань тайпасы аталып дулу одағында болған. Қытай деректері бойынша чубань тайпасы 7 ғ-да Тянь-Шань мен Алтайдың арасын мекендеген. Н. Аристов “чубань” дегеніміз…

Read More