Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалсын, ол Астана қаласының әкімі қызметінен босатылды. Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков Астана қаласының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылды. Мемлекет Басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулинге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы міндетін уақытша атқару жүктелді. Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Нығметұлы Ахметов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі қызметінен босатылды. Мемлекет Басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі Азамат Құрманбекұлы Әбдімомынов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды. akorda.kz
Автор: admin
«Азия-Еуропа» форумы саммитінің ресми бөлігі аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысы Миланның негізгі көрнекті орындарын аралап көрді. Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев сахнасына әлемнің ең үздік опера әншілері шығатын Миланның «Ла Скала» опера театрында болды. Қазақстан Президенті сондай-ақ Еуропадағы екінші жұртшылық кітапханасы әрі еуропалық мәдениеттің басты қоймаларының бірі саналатын Амброзиан кітапханасына барды. Мұнда Нұрсұлтан Назарбаевқа Леонардо да Винчидің қолжазбалары, еуропалық суретшілердің суреттері, сондай-ақ VII ғасырдағы Құран секілді құнды артефакт таныстырылды. akorda.kz
Меніңше, Қазақстан бүгінде ақпараттық соғыс жағдайында емес. Бірақ елімізде ақпараттық соғыс бола қалған күнде де, біз ол майданда сөзсіз жеңілер едік, — деп Байтасов мырза өз ойымен бөлсті. — Ресейлік БАҚ-тың біздің ақпараттың алаңымызға белсенді қадам басқанын көргенде Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігі жайлы еріксіз ойланасың. Байтасовтың ойынша, Украинадағы оқиғалар шетелдік БАҚ-тың қазақстандықтарға деген ықпалын арттырып жіберді. — Өкінішке қарай, қазақстандық БАҚ-тың рейтингісі төмен екендігі білініп қалды. Халықтың басым бөлігі ресейлік шоу-бағдарламаларды тамашалайды. Негізгі қауіп те осында, өйткені біз өзіміздің ақпараттық кеңістігімізді өзге мемлекетке бере салдық. Бұл өте дұрыс емес. Соған қарамастан, біздің мемлекетіміз мемлекеттік арналарға жыл сайын 200 миллион доллар қаржы…

