Автор: admin

Бердібек Соқпақбаев (13.10.1924 жылы туған, Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостобе ауылы) — қазақ жазушысы.[1]Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген соң (1949) Нарынқол ауданында мұғалім болды. «Жұлдыз», «Балдырған» журналында, Қазақстан Жазушылар одағында түрлі қызмет атқарды (1952-70). «Бұлақ» (1950) өлеңдер жинағы, «Он алты жасар чемпион» (1951), «Бақыт жолы» (1952), «Алыстағы ауылда» (1953), «Балалықшаққа саяхат», «Дала жұлдызы» (1960), «Аяжан» (1963, орыс тілінде 1965), «Гауһар» (1966) повестерін жазды. «Менің атым Қожа повестсі» (1957) кітабы балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. 1963 жылы «Қазақфильм» студиясы сол кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды. «Балалық шаққа саяхат» атты повесі бойынша жазылған киносценарийі де…

Read More

Мұстафа Өзтүрік (Деректі фильм) Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары таэквондоны қазақ топырағына әкеліп, спорттың дәл осы түрінің ел аумағында кеңінен таралуына ықпал еткен Мұстафа Өзтүрік бүгінде арамызда жоқ. Түркияда туып-өсіп, Тайваньда білім алған, туған жер төсін аңсап «өз елім!» деп тарихи Отанына оралған Мұстафаның өмір тым қысқа болғаны өкінішті-ақ. Назарларыңызға әйлігі спортшының Қазақстанға келген бойда бейнетаспаға түсіріліп алынған бейнекөріністер негізінде жасалған деректі фильмді ұсынамыз.. watch?v=wn7sVJxfbdg Alashainasy.kz

Read More

Уот Монтгомеридің «Исламның орта ғасырдағы Еуропаға тигізген әсері» кітабынан ықшамдап аударып, тәржімасын назарларыңызға ұсынамыз.  Ислам дінін көп зерттеген батыс ғалымдарының «бұл дін құмдағы шаруалар мен малшылардың емес, кәнігі саудагерлердің діні» деген тоқтамға келуі де кездейсоқ емес. Ислам кемеліне келіп, жан-жағының бәріне билігін жүргізіп, көп жерді бағындырып алған соң, құмның ортасындағы Мекке мен Мединаның саудагерлері асыл тұқымды түйелердің өзі әрең шыдас беретін алыс елдерге керуендер жүргізіп, саудаларын сәтті бастайды. Шөл даланың тұрғындары тұрмыстық заттар мен бұйымдарға мұқтаж болғандықтан, арабтар тиімді айырбас жасауға барынша төселіп, үйреніп алды. Осылайша Африка құрлығының арғы жағында жатқан Еуропаға да керуендер жетіп жатты. Әрине, керуенмен бірге Ислам мәдениеті де тамыр жайып, тарала…

Read More