Автор: admin

Генсек Сталиннің ІІ Дүниежүзілік соғыс басталғанда дін қайраткерлерінің көмегіне жүгінгені тарихшы қауымға аян. Әсілі, бұл сұрапыл қанды-қырғында Кеңес үкіметі озық әскери күшімен жеңіске жетті деп айта алмаймыз. Германияның әскери техникасымен салыстырғанда КСРО-ның қауқары көш кейін-ді. Өзінің осалдығын сезген Кеңес үкіметі ІІ Дүниежүзілік соғыс барысында Гитлерлік Германияға тойтарыс беру үшін қызыл империяның басқа рухани мүмкіндіктерін пайдалануға тырысып бақты. Мәселен, Кеңес билігі 30-шы жылдары ұлт зиялыларын және ұлттық бағыттағы шығармаларға репрессия жүргізсе, ал, соғыс басталғанда керісінше батырлықты жырлайтын Қазақтың эпостық шығармаларының насихатын күшейтті. Осы тұрғыда жырауларға (Жамбыл Жабаев, Нұрпейіс Байғанин, Мұрын жырау) мемлекеттік тұрғыда қолдау көрсетілді. Мұхтар Әуезовке «Хан Кене» пьесасын жазуға…

Read More

Жәнібек ҒАЛЫМ Алматыдағы М.Әуезов театры мен Ғ.Мүсірепов театрының директорлары ауысты. Әкемтеатрға жаңа басшы болып Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер Ерлан Біләл тағайындалса, Ғ.Мүсірепов театрына белгілі продюсер, режиссер, актер Сәбит Әбдіхалықов басшылық қызметке келді, — деп хабарлайды «Түркістан» газеті. Өнер ошақтарының жаңа басшыларын Астанадан арнайы келген Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Ғалым Ахмедьяров жария етіп, ұжымдарға таныстырған. Министрлік өкілі, әуелі М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Еркін Жуасбекті қызметіннен босатып, орнына актер Ерлан Біләлді тағайындады. Ал, театр саласында соңғы 7 жылда директорлық қызмет атқарып келе жатқан тәжірибелі театртанушы, өнертану ғылымының кандидаты, драматруг, режиссер Еркін Тілеуқұлұлыныңқандай қызметке баратындығы жайлы министрлік өкілі ештеме айтпаған. Ол Астанадағы Қ.Қуанышбаев…

Read More

Бүгін – халықаралық астрономия күні. Ол күз және көктем мезгілінде екі рет аталып өтеді. Көктемде – сенбі күні, Ай бірінші ширек фазасына жақындағанда аталады. Биыл бұл күн сәуірдің 25-іне келеді. Ғалым Виктор Тейфель Азаттық тілшісіне Қазақстан астрономиясындағы ахуал туралы айтып берді. Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Виктор Тейфель жұмыс кабинетінде. Алматы, 16 сәуір 2015 жыл. Алматы қаласындағы Ай физикасы зертханасы мен Г.Фесенков атындағы астрофизика институтын 45 жылдан бері Қазақстандағы белгілі астрономдардың бірі – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, 82 жастағы Виктор Тейфель басқарып келеді. Халықаралық астрономия одағына (ХАО) қарасты планеталар физикасы комитетінің үш жыл президенті, алты жыл вице-президенті болған Виктор Тейфель…

Read More