Автор: admin

kerey.kz |  Сәу 26, 2015 Бұл туралы Қазақстан жаңалықтарына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды. Қайрат Жамалиев 21 сәуір күні Астана қаласының тұрғыны Әліби Жұмағұловты азаптап, ұрған. Зардап шегушінің әкесі Нұрлан Жұмағұловтың айтуынша, сол күні түнде ұлы Әліби Жұмағұлов шаруаларымен үйден шығып кеткен. Кейін оның досы Әлібидің ауыр халде ауруханаға түскенін жеткізген. Бүгінде аталған оқиға әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, Әлібиді кәсіпкер Жамалиев қыз үшін ұрған болуы мүмкін. Жас жігітті азаптағаны соншалық, оның құлағын да кесіп алғаны туралы айтылуда. Қайрат Жамалиев “Jelsomino” бутигінің, “Артист” караоке-барының және Habibi, Молоко мейрамханаларының иесі. Сонымен қатар, “ПАРИТЕТ 2003″ ЖШС құрылыс компаниясының бас директоры. 45 жастағы Жамалиевпен бірге…

Read More

Қымбатты отандастарым! Өздеріңізге мәлім, 26 сәуір күні Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы өтеді. Халқымыз бұл жөнінен жан-жақты хабардар. Қолдаушылар мен кандидаттар облыстарда болып, жұртшылықпен жүздесті. Бүкілхалықтық сайлау – біздің Конституциямызда, арнайы заңымызда көрініс тапқан аса маңызды саяси іс-шара. Сайлау арқылы азаматтарымыз, біріншіден, өзінің конституциялық құқығын жүзеге асырады, екіншіден, ел басқару ісіне тікелей қатысады. Әрбір азамат өзіне ұнайтын, саясатын түсінетін, халықты алға бастай алады деп сенетін кандидатқа дауыс береді. Бұл – әлемдік қауымдастық өкілдерінің назарын аударатын ел өміріндегі елеулі оқиға. Сайлауды бақылау үшін елімізге 1 мыңнан астам байқаушылар, 200-ге жуық шетелдік ақпарат құралдарының өкілдері келеді. Олардың алдында біз ынтымағымызды  көрсетуіміз керек.…

Read More