Астанада Қазақстандағы алғашқы «Қазақ қызы» мәдени-инабаттылық қыздар институты ашылды деп хабарлайды ҚазАқпарат .«Қазақ қызы» ҚБ президенті, институт жобасының авторы Қарақат Абденнің айтуынша, оқу-тәрбиелік институттың мақсаты -қыздарды озық үлгідегі қазақи және еуропалық қоғамдық-инабаттық дәстүрде тәрбиелеуге бағытталған қызметті жүзеге асырады. «Бұл өте қажетті оқу орны. Осы игілікті бастама қоғамымызға пайдасын келтіреді. Бұл институттан тәлім алып шыққан қыздар өздерінің инабаттылығымен көзге түсетініне сенімдімін»,-деді мәдени-инабаттылық қыздар институтының ашылуы рәсімінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова. Мәдени-инабаттылық қыздар институтының оқу-тәрбие бағдарламасына оқу материалдарын ұйымдастырудың модульдік қағидаты негіз болып отыр. Модульдер міндетті және қосымша сабақ болып бөлінеді. Бағдарлама барлығы 12 модульден және 45 пәннен тұрады. 1…
Автор: admin
Петр Порошенко «Кремльдің орыс тілділерді қорғау саясаты Украинада соғыс шығарғанын» және Кремльдің бұл позициясы бірқатар елдерге, оның ішінде Қазақстанға да қатер төндіретінін айтты. Қыркүйектің 18-і күні Украина президенті Петр Порошенко АҚШ Конгресі палаталарының біріккен отырысында сөйледі. «КЕЛЕСІ КІМ?» Порошенко 20 жыл бұрын Будапешт меморандумына қол қойылғанын еске алды. Ол келісім бойынша ядролық қарудан бас тартқаны үшін Украинаның территориялық тұтастығы мен шекараларының мызғымастығына АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Франция және Қытай кепілдік бергенін айтқан Украина президенті «Сондағы жеткен жеріміз Ресей агрессиясы болып отыр» деді. Порошенко «Өкінішке орай, Кеңес Одағы құлағанымен, ол әлі адамдардың санасында өмір сүріп жатыр және ревизияшыл инстинктер әлі бар. 2008 жылы…
Baq.kz – Бұл күндері Жәнібек батырдың 300 жылдығы Баян-Өлгийде кеңінен тойланды. Батыр бабамыздың тойына алыс-жақын шет елден 200-ге тарта қонақ келіп қатысты. Мерейтойдың басы «Ер Жәнібек және Моңғолия қазақтары» атты халықаралық ғылыми конференциямен басталды. Ашылу салтанатына МҰҚ мүшесі, Мемлекеттік құрылымдар жөніндегі тұрақты комитетінің төрағасы Бәкей Ағыпарұлы, АӨҚ төрағасы Ләззатхан Бұраңұлы, аймақ әкімі Дәрмен Құзыкейұлы сондай-ақ Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасының орынбасары Талғат Мамашев, және «Ер Жәнібек» халықаралық қорының президенті Мақсұт Темірбаев бастаған өкілдер қатысты. Бай өлкеде Ер Жәнібек Бердаулетұлының 300 жылдық мерейтойына орай Мұсақан даңғылымен Ақкөл қалашығына қарай қатынайтын жолдың қиылысынан 6 шақырым жерге Ер Жәнібек даңғылы атауы берілді. Даңғылдың ашылу…

