ҚХР-дағы Қазақстанның консулдық қызметінің өкілдері қазіргі уақытта Қытай аудандарында «Калмэджи» тайфунынан зардап шеккендердің ішінда Қазақстан азаматтары бар-жоғын бақылауға алды. Қайтыс болған немесе зардап шеккен отандастарымыз жайлы деректер әзірге жоқ. Қытайдағы ҚР Елшілігінде Қазақстан азаматтарына көмек көрсету үшін «жедел желі» қызметі ашылды. Ол жерден Қытайдағы туыстарының жағдайын білуге болады. Желінің телефон нөмірлері: : +86-137-1850-4917 (Бейжің), +85-259-647-112 (Гонконг). «Калмэджи» тайфуны сейсенбі, 16 қыркүйекте Хайнань провинциясының жағаалауына жетті. Секундына 40 метр жылдамдықпен дауылды жел мен күшті нөсер аралдың солтүстік-батысы бөлігіндегі аймақтарды қиратуда.Дауылға байланысты Хайнань провинциясының Хайкоу қаласында «Мэйлань» халықаралық әуежайында 100-ден астам рейс, Сайня қаласында «Фэнхуан» әуежайында 60-тан астам рейс тоқтатылды.Метеорологтардың болжамы бойынша,…
Автор: admin
Мұғалімдерге параны жеткеруші арадағы делдал рөліне көбіне топ старостылары ұрынады. Бұл қатарда бейресми лидерлер мен мұғалімдердің таныстары да бар. Кей жағдайда параны қолма-қол да береді, — деді Республикалық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесінің (РЖҚІҚК) отырысында «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Сыдықов. Оның айтуынша, а.ж. 26 мамыр мен 10 маусым аралығында «Нұр Отан» партиясының «STOP Қылмыс» жобасының аясында «Жас Отан» жастар қанатының күш салуымен ел аумағындағы 62 ЖОО-ны қамтыған анонимді сауалнама жүргізілген. «Біз сауалнама барысында көптеген деректерге жолықтық. Мысалы, бұған дейін естіп біліп жүрсек те, нақты құжат түрінде білім ордаларында параны кімдердің жеткеретінін анықтай алдық. Сонымен қатар, ЖОО түлектерінен жұмысқа…
ҚазАқпарат — ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақфильм» киностудиясына түріктің «Сүлеймен сұлтан» сериалы тәрізді тарихи киноэпопея түсіруді тапсырды. Бұл туралы кеше Алматыда «Еуразия» халықаралық кинофестивалінің ашылуында қала әкімі Ахметжан Есімов айтты.«Кеше мен Мемлекет басшысымен әңгімелестім. Әлемдік ауқымдағы жаңа дәуірлік ленталар жасау туралы әңгіме болды. Мысалға, Президент қазақстандықтардың «Сүлеймен сұлтан» түрік сериалын қызыға көретінін атап өтті. Ол «Қазақфильм» алдына Жәнібек пен Керей хандардан бастап, қазақ халқының тарихын баяндайтын осындай дәуірлік лента жасау міндетін қойды», — деді әкім.А.Есімовтің айтуынша, қазір осындай картинаны түсіретін талантты режиссерлер, сценаристер, актерлер өте көп және киностудияда барлық мүмкіндіктер бар.

