Автор: admin

 Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джош Эрнест «АҚШ пен ЕО жариялаған санкциялардың Украинаның шығысында бітім жариялауға әсері болды» дейді.   АҚШ әкімшілігінің бағалауынша, Ресей өткен аптада жасалған бітім шарттарын сақтап отыр. Джош Эрнест мұны санкциялардың қалай әсер еткеніне қатысты сұраққа жауап ретінде айтқан. Оның пікірінше, «санкциялардың әсерінен Ресей Украина президент сайлауы қорытындысын мойындаған және жаңадан сайланған басшы Петр Порошенкомен байланыс жасап отыр». Ақ үй өкілі «егер Ресей Украина дағдарысын шешу жөніндегі талаптардың барлығын орындаса, АҚШ-тың санкцияларын алып тастауы мүмкін екенін» айтады. «Біз Ресейдің атысты тоқтату туралы бітімді сақтап отырғанының алғашқы белгілерін байқадық. Мәселен Ресей Украина аумағынан біраз әскерін алып кетті» дейді Эрнест.…

Read More

  Біздің жақтың орыстары мен тағы басқа да ұлттарының барлығы дерлік қазақ тілінің майын тамызатын. Олардың ата-бабасы Тарбағатайға қай кезде келгенін ешкім тап басып айтпаса да, ешқашан өзектерінен тепкен емес. «Сен басқа ұлтсың» деп кеудесінен итермейтін. Ақжар мен Тұғылда орысша оқытатын мектептер болды.  Ал былайғы ауылдарда тұратындардың барлығы қазақша оқиды. Үлкендерді қойып, балаларының өзі бір-бірімен қазақ тілінде әңгімелесіп, төбелескенде, әкеден жіберіп, өлгеннен түгендеп сықпыртып боқтап жататын. Бізге шашы сары, көзі көктің барлығы орыс. Кейіннен білсек, олардың арасында немісі мен эстоны, латышы мен украины және тағы басқалары бар екен. Аудандық автопаркте Барқытов деген  сарылығынан гөрі күнге күйген қоңырқайлығы  басымдау, денелі келген…

Read More

ЕуроОдақ жұма күні таңертең Ресейдің санкцияға ұшыраған компаниялары мен шенеуніктерінің тізімін жариялады. Бұл туралы BBC қызметі хабарлады. Санкцияға ұшыраған компаниялар арасында «Роснефть», «Транснефть», «Газпромнефть» бар. Сонымен қатар ЕО Ресейдің тоғыз қорғаныс концерніне екі жақты тауар жеткізуге тыйым салды. Олар – «Сириус», «Станкоинструмент», «Химкомпозит», «Калашников», Тула қару шығару зауыты, «Технологии машиностроения», «Высокоточные комплексы», ПВО «Алмаз-Антей» и НПО «Базальт» концерндері. Жаңа санкция «Уралвагонзавод», «Оборонпром», Авиақұрылыс біріккен корпорацияларын да нысанаға алды. Оларға ЕуроОдақ елдері тарапынан қаржы құю тоқтатылды. Батыстың қаржысынан қағылғандардың арасында Сбербанк, ВТБ, Газпромбанк, ВЭБ и Россельхозбанк та бар. Бұдан бөлек европалық компаниялар Ресейге суасты, арктикалық және қатпарлы мұнай көздерін барлау және…

Read More