Отырысқа ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары: ҚХР-дан – Си Цзиньпин, Қырғызстаннан – А.Атамбаев, Ресейден – В.Путин, Тәжікстаннан – Э.Рахмон және Өзбекстаннан – И.Каримов қатысты. Отырыс барысында Қазақстан Президенті әлемдегі тұрақсыз геосаяси және геоэкономикалық ахуал жағдайында Шанхай ынтымақтастық ұйымы үшін басымдығы бар міндет саналатын бірқатар өзекті мәселелерді айқындап берді. Мемлекет басшысы негізгі мәселелердің бірі ретінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы шешілмеген шекара проблемаларын атады. Ол сенім шараларын нығайтуды және шекара ауданында қарулы күштерді қысқартуды қарастыратын ШЫҰ-ның Шанхай және Мәскеу келісімдері секілді базалық құжаттарының ережелерін сақтаудың айрықша маңыздылығына назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің экономикалық ынтымақтастығының маңызды бағыттарының…
Автор: admin
Көне түркі жазуы Көне түркі жазуы, көне түркі әліпбиі, түркі руникалық әліпбиі – Орталық Азия жерін бағзы заманнан мекендеген түркі тілдес тайпалардың тұңғыш әріптік жазуы. Көне түркі Орхон-Енисей әліпбиінде 35 әріп бар, әрбір әріптің түрлі график. нұсқалары қолданылады. Бұдан тыс 4 арнайы жазу таңбасы кейбір дауыссыздардың тіркесін беру үшін пайдаланылады (лт, нт, нч, рт). Жазудың бағыты – оңнан солға қарай. Бұл әліпби қалыптасқан график. жүйе болып табылады және негізінен көне түркі тілінің фонет. жүйесімен үйлеседі. 8 дауысты фонема (а мен ә, ы мен і, о мен у, ө мен ү) төрт қана полифонды әріппен, 16 дауыссыз фонема (фонема нұсқалар) 31 әріппен…
Baq.kz – Шотландияның танымал саяхатшысы, фотооператор Дэвид Баксендэйл жуырда Моңғолияның батысына сапарлап, көшпелі қазақтардың өмірімен танысып қайтты. Назарларыңызға сол саяхат барысында әзірлеген фоторепортажды ұсынамыз. Моңғолияның Баян-Өлгей аймағын мекендейтін халықтың 90%-ы қазақтар. 100 мыңға жуық қазақ жұрты осы өлкеде бытырай тұрмыс кешуде. Олардың барлығы мұсылман және тек қазақ тілінде ғана сөйлейді, жат мәдениет енбеген. Моңғол тілін тек өзгелермен қарым-қатынас шеңбері негізінде ғана қолданып жатады. Қазақтар бұл маңға 18 ғасыр шамасында ауып келген. Көшпенділер бүгінде Қытаймен шекаралас жатқан құла дүз таулы аңғар – Дайын жайлауын мекен етіп келеді. Мұндағы қазақтар салт-дәстүрден еш жаңылмаған. Малдарына жайлы болуы үшін бір жылда үш-төрт рет…

