Алматыда ҚХР Мемлекеттік сыйлығының иегері, қандасымыз Серік Қапшықбайұлының жыр кеші өтеді — деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. 8-қыркүйек күні Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстандағы халықаралық ақындар мүшәйрасының бірнеше рет жеңімпазы атанған ақын Серік Қапшықбайұлының 80 жылдық мерейтойына арналған «Айдан ары, күннен бері …» атты жыр кеші өтеді. Кешке ақынның әдебиеттегі үзеңгілестері мен ізбасар інілері, сондай-ақ белгілі өнер шеберлері қатысады. С.Қапшықбайұлы Қытай Халық Респбуликасында туып, 1956 жылы Шыңжаң институтының тіл-әдебиет факультетін тамамдаған. Еңбек жолын «Шыңжаң оқу-ағарту» журналында бастап, 1984 жылы «Тарбағатай» журналының бас редакторы болады. 1986 жылы «Жылдар арасында» атты таңдамалы өлеңдер жинағы үшін ҚХР…
Автор: admin
— «Ресми тіл мемлекеттік тілмен тең дәрежеде қолданылады». Конституциямыздағы дәл осы тармақ мемлекеттік тілдің дамуын қаншалықты тежеп тұр? — 1991 жылы Қазақстан өзінің егемендігін алған кезде қазақтардың саны 40%-ды ғана құрады. Сіз айтып отырған заңдық норма сол кездегі түсініктен, пайымнан және сол уақыттағы демографиялық ахуалдан туындаған. Бүгінгі жағдай көп нәрсені аңғартып жатыр, яғни 23 жыл бұрын біз қалап келе жатқан тілдік жағдайды бірден белден басып орындасақ, біздің тәуелсіздігіміздің баянды болуы екіталай болмас па еді? Бұл туралы талай дауласуға да, пікір таластыруға да болады. Мойындауымыз керек, дәл осы заңдық норма тәуелсіздік алған алғашқы жылдары елдің тұрақтылығын қамтамасыз етуге алғышарт бола…
Baq.kz – Мұқан Төлебаевтің «Біржан-Сара» операсы жастар арасында кеңінен таныла бастады. «Астана Опера» жүргізген маркетингтік зерттеуге сүйенсек, театрдың бірінші маусымында аталған спектакльде болып, сауалнамаға қатысқандардың жартысынан астамының жасы 18 бен 30 арасын құраған. Көпшілік, ұлттық операға, онда көтерілетін тақырыптың маңыздылығы мен өзектілігіне деген қызығушылықты атап өтті. Театрдың жаңа маусымында, бірінші «Жібек Жолы» Халықаралық фестивалі шеңберінде 20 қыркүйекте «Біржан-Сара» операсы қойылады. Біржан партиясын бүгінгі күннің көрнекті теноры, осы партияны үздік орындаушылардың бірі – Ахмет Ағади ұсынады. Ресейдің Еңбек сіңірген әртісі, Татарстанның Халық әртісі, Сараның ролін сомдайтын Республикамыздың Еңбек сіңірген қайраткері, жарқыраған опера әншісі Айгүл Ниязовамен бірге шырқайды. Аналықтың партиясын сезімтал, жүректі…

