Автор: admin

Еурокомиссия төрағасы Жозе Мануэль Баррозу. Еурокомиссия төрағасы Жозе Мануэль Баррозу Украина дағдарысының «соңғы межеге» таяғанын ескертеді. Брюссельдегі келіссөздерден кейін ол Украина президенті Петр Порошенкомен біріккен баспасөз мәслихатын өткізді. Баррозудың айтуынша, Еуропа Одағы (ЕО) Ресейге жаңа санкциялар дайындап жатыр. Ол шектеулердің мақсаты: Ресейді Украинадағы жағдайды ушықтырудан айныту. Еурокомиссия басшысы Еуропаның қақтығысты реттегісі келетінін айтты. Оның сөзінше, ЕО Ресеймен қақтығысқа барғысы келмейді. Өйткені, жаңа қырғиқабақ соғыс бүкіл құрлыққа орасан зор зиянын тигізеді. Ал Порошенко Ресейдің Украинаға басып кіргенін айыптап, ел аумағында Ресейдің бір мыңдай жауынгері мен жүздеген танкілері жүргенін айтты. ЕО-ның сыртқы саясат ведомствосының басшысы Кэтрин Эштон «Ресейге салынатын санкциялар туралы шешім сенбі күні кешке қабылданатынын»…

Read More

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат — Бүгін Қазақстанның 6 қаласында ұлты қазақ, бірақ өзге елдің азаматы болып табылатын жастар ЖОО дайындық курсында оқу үшін кешенді тестілеуден өтті. Қазақ тілі мен математика пәні бойынша тестілеу әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агротехникалық университеті, Е,Бөкетов атындағы ҚарМУ, М.Дулати атындағы ТарМУ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да өтті. Өзге елдердегі қазақтардың Қазақстанда білім алуы үшін 2014-2015 жылғы оқу жылына мемлекеттен 1400 грант бөлінді. Оқу 1 қазаннан басталады. Жақында Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы ҚР Білім және Ғылым министрлігіне құжат қабылдаудың соңғы уақытын 20 тамыздан 20 қыркүйекке ауыстыру туралы өтініш-хат жіберген болатын. Өйткені, қауымдастық өкілдерінің айтуынша, Қытай…

Read More

Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының ата заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады. Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын. I бөлім, Жалпы ережелер Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып,…

Read More