22 тамызда Алматыда КСРО халық артисі Ермек Серкебаев тұрған үйдің қабырғасына мемориалды тақта ілінетін болады. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. «Аталған шараға Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, Алматы мен Астананың шығармашылық зиялы қауым өкілдері, Е.Серкебаевтың жақындары мен оның дарынын бағалаған жандар қатысады. Өтетін жері мен уақыты: Бөгенбай батыр көшесі, 136 (Желтоқсан көшесінің бұрышы) сағат 12.00», — делінген хабарламада. Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаев — кеңестік дәуірдегі қазақтың танымал опера әншісі, камералық әнші (баритон), педагог. КСРО халық артисі (1959), Қаз ССР Мемлекеттік сыйлығының (1972) және КСРО сыйлығының иегері, (1977), Социалистік Еңбек Ері (1986). Е.Серкебаев Алматыда 2013 жылдың 16 қарашасында дүниеден өтті.…
Автор: admin
Ғалымдардың пікірінше, соңғы үш ғасырда қазақ даласында жат жұрттықтардың отарлық езгісіне қарсы 300-ден астам ірілі-ұсақты көтеріліс орын алыпты. Аталған кезеңде ұлт-азаттық туын көтерген халқымыздың және оның көшбасшы перзенттерінің тағдыры талайлы болғаны баршаға аян. Бір өкініштісі, тасада қалып қойған немесе ерен еңбектері әлі жете зерттелмеген саңлақтарымыз баршылық. Ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті қайраткері Садық Кенесарыұлы (1837 – 1910 жж.) осы қатардағы отандасымыз. Ғылыми қауымдастыққа Орта Азия және Оңтүстік Қазақстан аумақтарында Ресей империясының армиясына сан мәрте соққы берген даңқты қолбасшы ретінде танымал күрескердің өмірінің кейбір тұстары мен қайраткерлік қызметінің жарқын қырларына тоқталуды жөн санаймыз. Ұлт-азаттық қозғалысының алтын діңгегі іспетті Кенесары Қасымұлы көтерілісі басып жаншылғаннан…
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ұлытау төріндегі сұхбаты https://www.youtube.com/watch?feature=player_embedded&v=BHprrs-8GMs https://www.youtube.com/watch?v=BHprrs-8GMs – Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, бүгін Жезқазған өңіріне келіп, тек аймақ үшін ғана емес, жалпы еліміз үшін стратегиялық тұрғыдан аса маңызды «Жезқазған – Бейнеу» және «Арқалық – Шұбаркөл» теміржол магистральдарының тұсауын кестіңіз. Бұл – біздің ел үшін шын мәніндегі тарихи оқиға. Енді осы сапар ауқымында Қазақ елінің рухани орталықтарының бірі – қасиетті Ұлытау жеріне арнайы ат басын бұрып отырсыз. Кезінде ақын Қадыр Мырза Әлі айтқандай, біздің елдің «тарихы қалың». Ендеше, сол тарихымыздан, әсіресе, қазір біз әңгімелесіп отырған Ұлытауға байланысты тарихымыздан халқымыз қандай тағылым алуы керек? – Біріншіден, Жезқазған жерінде үлкен тарихи оқиға болды…

